АқИҚат пен аңыз роман-диалог бірінші диалог I



Pdf көрінісі
бет22/32
Дата29.09.2022
өлшемі1,61 Mb.
#40875
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
батпақты жерде, Дубровка-Кобляки деревнялары ауданында үлкен
кеңістікте қорғаныс шебін ұстап тұрған Момышұлының полкы
немістердің 1, 4, 5 авиа-жаяу əскер полктарының отты қапшығының
ішінде тұрып, жаудың жүздеген атакасын тойтарды. Дұшпанға бір
адым да жер берместен, оны қатты қырғынға ұшыратты.
Момышұлының жоғарыда аталған жауынгерлік еңбектерін ескере
отырып, мен 1942 жылы августа оған Совет Одағының Батыры атағына
награда қағазын толтырып берген едім. Одан да күні бүгінге дейін ешбір
хабар-ошар болмай кетті.
Момышұлының Отан үшін еткен ерліктері тек бұл айтылғандар ғана
емес. Мен солардың тек басты-бастыларын ғана қағазға түсіре отырып
сіздерден осыны негізге алып, ССР Одағы ордендерінің статустарына
сəйкес, Момышұлы жолдасты өздеріңіз лайықты деп тапқан наградамен
атап өтуді өтінемін. Азаматтық, əділдік парызы менен сіздерге осы
ақиқатты айтып жеткізуді талап етіп отыр.


Гвардия полковнигі Момышұлы 1910 жылы туған, ұлты қазақ, 1942
жылдан ВКП(б) мүшесі. Отан соғысына 1941 жылдың сентябрінен бері
қатысып келеді. Қызыл Армияда 1936 жылдан қызмет етеді. 1941 жылы
5. ХІІ-де Крюково ауданында ауыр жарақаттанды. Оның қазіргі тұрағы:
Москва қаласы, Кропаткин көшесі, 19, Қызыл Армия Бас Штабының
Ворошилов атындағы академиясы.
8-ші гвардиялық, атқыштар дивизиясының бұрынғы командира гвардия
полковнигі Серебряков.
8-ші гвардиялық дивизияның кадрлар бөлімінің бастығы, гвардия
майоры Кондрашев.
Серебряков пен Кондрашев жолдастардың қолын куəландырушы
Қазақ, ССР-інің Москвадағы тұрақты өкілінің орынбасары Айтқұлов.
17 июль 1944 жыл».
Автор. Гвардия полковнигі Серебряковтың хаты осы, Бауке.
Бауыржан. Рақмет. — Баукең мұңды үнмен, даусын сəл төмендете
сөйледі. — Серебряков деген өте бір парасатты адам еді. Ар мен əділдік
дегенде жанын аямайтын. Иван Иванович адамға жариялап жақсылық
жасамайтын кісі-тұғын. Ал жасаған жақсылығын жəне айтып жатпайтын.
Əрқашанда өзін сабырлы байсалды қалыпта ұстайтын. Бетіңе ойлана
қарайтын да, үндемей қоя салатын. Мен бұрын ондай адамның жүрегінен
жылы сөз шығады-ау деп ойламаушы едім. Ол ойымның қате екенін мен
одан Горюны-Матренино ұрыстарында, жеті түнде, жүрек тебірентер жылы
хат алғанда ғана түсіндім. Жақсылығын сөзбен емес, іспен дəлелдеп, қиын-
қыстау кезде қасыңнан табылатын қайран орыс ағам-ай! — деп мен сонда
бір толғана тебіренген едім. Ал оның бұл хатын ана жылы, Панфилов
жетпіс жасқа толар қарсаңында ол туралы кітап жазамын деп материал
жинастырып жүргенде көрдім. Подольскідегі əскери архивтің бастығы
менімен танысқаннан кейін бізде Сіз туралы бір керемет документ бар деп
зор мақтанышпен əкеп Серебряковтың осы хатын қолыма берді.
«Топырағың торқа болғыр, ақсақалым, сен менің иықтағы періштемдей
үнсіз жебеушілерімнің бірі болған екенсің-ау!» деп іштей толғана оқып,
архив бастығына қайтарып бердім. Сен мұны сол Подольскідегі архивтен
алдырып отырсың ғой?


Автор. Иə, Бауке. — Осы арада оның мұншама ерлігіне сүйсінгендіктен
аузымнан келесі сөздердің қалай шығып кеткенін де аңғармай қалдым. —
Алла-ай, Бауке, фашистерді қойдай қырыпсыз ғой өзіңіз... — Осылай деуін
десем де батыр шамданып қала ма деп, тез аузымды жаба қойдым. «Бəлəй,
бұрынғыдай іштей тебіреніп неге үнсіз отыра бермедім» деп өкіндім. Бірақ
«құдай иіп» бұл жолы Баукең шамданбады.
Бауыржан. Өйтпесек жауды жеңе алмайтын едік қой, қарағым. Осылай
деп жайлап айтып, сəл ойланды да, менің бетіме қарады. Сен өзің де
фашистерді аямаған боларсың?
Автор. Мен бе? Мен зеңбіректен атып не бəрі жаудың екі-ақ танкін
жойдым, Бауке. Бірін Великие Луки түбінде, екіншісін Варшава маңында...
Бауыржан. Ол да аз емес, қарағым. Сен сияқты солдаттың əрқайсысы
екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? — Баукең сəл ойланып, сұқ
саусағын шошайтты да, қайтадан сөйледі. — Егер сен бір рота танкты
қиратсаң, онда сен өзіңді, өзге жолдастарыңды, жанындағы жаяу əскерді
жалмайын деп келе жатқан бойында мың аттың күші бар салмағы отыз
тонна тажалды құртқаның. Өзін ойлашы: жайлауда қаннен-қаперсіз
отырған ауылдың үстінен қиқулап қуалап кеп мың жылқыны айдап өтсе ол
ауылдың адамдарынан не қалар еді? Түк те қалмас еді. Мың жылқының
болат тұяғы тепкілеп, түтіп өткен жерде тозаңнан басқа не қалушы еді? Ал
танк жылқы сияқты тек тұяғымен ғана таптап өтпейді, оның жан-жағына
өлім шашып келе жатқан зеңбірегі мен пулеметі жəне бар. Танктен атылған
снаряд өте ұшқыр келеді, бір секундта бір километр жерге жетеді. Оның
стволынан минутына 5-8 снаряд атылады. Ал танктың пулеметі бір минутта
бір жүз оқ төгеді. Сонда бір танк бір минуттың ішінде екі жүзге жуық
адамды жалмайды екен. Одан өткен тажал бола ма? «Бір танктың
дөңгелегінде мың адамның тағдыры шыр көбелек айналады» деген
солдаттардың нақыл сөзі болушы еді. Бұл солдат философиясы, жай
долбармен айтыла салған сөз ғой. Əйтпесе сонау Шығыс Европаны
табанымен таптап, Москваға дейін ізінен қызыл қан ағызып келген фашист
танктерінің əрқайсысы мыңнан əлдеқайда көп адамды жалмағанына дау
бар ма. Жарайды, солдат нақылының мөлшерімен-ақ есептейік. Егер сен
Ұлы Отан соғысында екі танк қиратсаң, онда сегіз фашисті өлтіріпсің —
бір танктың экипажы төрт адамнан болады. Ал екі мың отандасыңды
ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес,
қарағым.


Автор. Апырай-а! Мен желкемді қасыдым. Өйткені күні бүгінге дейін
еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім. «Көппен көрген ұлы
той» дегендей, жұртпен бірге барып, жаумен төрт жыл соғыстым. Оқ
тимеді, өлмей қалдым. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген
сол шығар деп жүре беретінмін. Тіпті өзімнің соғысқа қатысқаныма
ешқандай мəн бермейтін едім. Соғыстан келгеннен кейін орден,
медальдарымды омырауыма тағып, ешқашан мақтанған емеспін. Енді міне
Баукең маған солдаттық еңбегімнің бағасын айтып бергенде кеудемді ойда-
жоқта мақтаныш кернеді. Зеңбірек расчетыммен жауып тұрған оқ астында
ашық позицияға шығып, жау танктерімен жекпе-жек шайқасқан сəттерден
басқа, Калинин, 2-ші Балтық, 2-Белорусс майдандарында жабық
позициядан жүздеген снаряд жəне аттым. Əрине, менің ол снарядтарымның
да Ұлы Отан соғысына келтірген азды-көпті пайдасы бар... Жоқ, мен мұны
Баукеңе айтқаным жоқ. Айтсам, мақтанғандай болар едім. Мақтансам,
оным төсінде аққу жүзген айдын көлге батпағына бақа шомылған
көлшіктің мақтанғанына ұқсар еді. Баукең мені ондай көлшік болуға
қимады-ау деймін, сөзін тез ары қарай жалғап əкетті.
Бауыржан. Ал Дубосеково разъезінің түбінде біздің 28 жауынгеріміз
жаудың 50 танкін жойды. Сөйтіп олар ең кемі елу мың адамды ажалдан
құтқарып қалды. Өздері ерлікпен қаза тапты. Сол жиырма сегіз батыр
өмірін сақтап қалған елу мың адам қазір 150-200 мың боп өрбіді. Олардың
ұрпағы мəңгіге ұласа береді. Мінеки солдаттардың өз отандастарына
келтірер пайдасы, адамдардың бір-біріне өзара қарыздарлығы қандай
десеңші! Отан соғысына қатысып келген əрбір азамат өзінің соғыстағы
еңбегімен, қарапайым ерлігімен елдегі талай адамдардың өмірін сақтап
қалды. Қазір көшеде жұпыны киінген мүгедек жанды, балдаққа сүйенген
ақсақ азаматты немесе білегіне қара протез жалғаған шолақ қол адамды
көрсем, соларға қаншама қарыздар екенімді ойлап, басымды изеп, иіліп
өтемін. Өйткені соғыстан менің он екі мүшем аман болғанымен, мен үшін
басқалар жараланды. Мен аман келгеніммен, мен үшін өзгелер опат болды.
Ал мен де өзгелер үшін қан төктім, солар үшін жараландым. Адамдар бір-
біріне өзара қарыздарлығын əрқашан да ойлай жүрулері керек. Əсіресе
Отан соғысы ардагерлерінің еңбегін ерекше бағалай білу қажет.
Осы сөзді балаға ғана емес, басқаға да айтып отыруымыз абзал. Ұлы
Отан соғысына бүкіл Совет Одағы қатысқаны рас. Бірақ Совет Одағын
қорғау үшін самолетпен «сүзісіп», танкпен тартысып, жаралы, жарасыз
алғы шептен келген азаматтар да бар емес пе? Олар қазір көп те емес.


Олардың мұқтажын ескермеуге болмайды! Понятно тебе?
Автор. Рас айтасыз, Бауке. Енді бір сұрақ: полковник Серебряков
соғыстан кейін қайтыс болды ма?
Бауыржан. Иə, соғыстан соң бірақ жылдан кейін.
Автор. Қайда?
Бауыржан. Москвада. Сүйегі Новодевичье зиратына жерленді.
Марқұмды қойысуға мен қатыса алмадым. Кезінде хабар жетпеді, кейін
естідім. Артынан, жауынгер жолдастары бірігіп, басына шағын ескерткіш
орнаттық. Ескерткіш ашылар алдында арнап Москваға бардым.
Марқұмның зайыбына көңіл айттым, қабырының басына гүл қойдым.
Əйелі байғұс разы болып қалды.
— Валентина Николаевна, — дедім содан кейін, — қазақ дəстүрі
бойынша бір жылдан кейін өлген адамға ас береді. Иван Иванович қайтыс
болғалы бір жыл болды. Ертең, басына ескерткіш орнатылғаннан кейін,
Иван Ивановичтың ең жақын достарын үйіңізге шақырыңыз. Мен ас
беремін.
Серебряковтың жесірі сенер-сенбесін білмей, абыржып қалды.
— Ой, Бауыржан, оған көп қаражат керек қой, — деді басын шайқап.
— Оған қысылмаңыз, қаражатын мен көтеремін. Достарыңыздың
тізімін жасап, бүгін хабарлап қойыңыз, — дедім.
Полковник Серебряков соғыстан бұрын Бас штабтың тамаша
мектебінен
өткен
кісі
екен.
Қырық
бірінші
жылы
316дивизия
жасақталғанда Иван Иванович Алматыға Москвадан, Бас штабтың өзінен
келіпті. Соғыстан кейін ол ГУК-те басқарма бастығы болып қызмет істеді.
Қабір басына ескерткіш орнатылғаннан кейін, Бас штабтағы ескі достары
мен ГУК-тағы жаңа жолдастары тегіс Серебряковтың үйіне жиналды.
Олардың ішінде сен білетіндерден генерал-полковник Иван Михайлович
Чистяков болды. Мен əкемдей болған Панфиловқа ас бере алғамын жоқ,
соғыста жүрдім. Ал Серебряковтың асын осылай өткіздім. Айта кететін бір
өкінішті жай Иван Ивановичтың артында ұрпақ қалмады. Əйелі құрсақ
көтермеген кісі екен, баласыз етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет