АқИҚат пен аңыз роман-диалог бірінші диалог I



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата29.09.2022
өлшемі1,61 Mb.
#40875
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Қымбатты МҰХА!


13. ІІ-де жазған хатыңызды алдым. Аманшылығыңызға қуаныштымын.
Мен де аман-саумын. Талай тас қамауды талқандап бұзып, жауды қуып
барамыз. Сақылдаған аязда, сартылдаған соғыс сахнасында қолдан келген
күшті жұмсап жатырмыз. Мен наградқа Қызыл Жұлдыз орденін алдым.
Жақында бір тамаша операция жасап, немістің «Қу бас» деп аталатын
дивизиясының штабын талқандап шықтық. Осы операцияда тамаша ерлер
шықты. Біздің полктан үш адамды Совет Одағының Батыры атағына
ұсынды: 1) политрук Клочков, ол Щербаков жолдастың баяндамасында
айтылған 28 батырдың қолбасшысы еді. 2) Тоқтаров Төлеген деген
қызылəскер, Риддер қорғасын заводынан келген жас, 21-дегі жұмысшы. 3)
Мен. Таяу күнде Указ болып қалар.
Дивизия көлемінде абыройым жақсы, бəрі құрметтейді. Əсіресе Совет
Одағының Батырына ұсынылған соң комдивтің өзі қолымды алып
амандасады.
Қазір ротаның политругі емеспін, батальон комиссарымын. Жұмыс көп,
осы кезде қызу майдандамыз. Бұл хатты оттың сəулесінде бой басылып,
түн түскен кезде Сіздің хатқа жауапты тездету ретінде асығыс жаздым.
Əлішердің қайда екенінен хабарым жоқ.
Тағы да хат жазармын. Хош, сау болыңыз. Еңбек творчество
майданында жақсы-жақсы шығармалар жазуыңызға тілектеспін.
Ініңіз Мəлік
5. III. 42 ж. Полевая почтовая станция 993, 1075 СП, 2-батальон, М.
Ғабдуллин»
Міне, Бауыржанды біздің полктан соңғы рет көргенім сол жолы, 23
февраль күні болды. Үстінде қара бурка, басында папахасы бар, ол өзге
командирлерден иығы асып, тіп-тік болып, сұсты жүзі жұмсарып, отты,
ойлы қара көздері наградталған ерлерге жылы нұр төгіп, мейірлене қарап
тұрды.
Содан екі күн кейін — 25 февральда Бауыржан бізден қайтадан өзінің
1073-полкына кетті, сол полктың командирі болып тағайындалды. Ол
хабарды естігенде көңілім қатты құлазыды. Өйткені бұл кезде мен
Бауыржанды қатал, қаһарман командир деп қана мойындап қоймай,
сонымен бірге оған аға, дос ретінде де бауыр басып қалған едім.


Артынан Бауыржан 9-гвардиялық дивизияға командир болып кетті.
Одан соң Бас штабтың академиясына оқуға барды. Бұл екі ортада мен де
бірсыпыра қызметке ауыстым. Сол жылы 5 мартта, жараланып кеткен
Трофимовтың орнына, Гундилович батальонына комиссар болып бекідім.
Одан кейін полк үгітшісі болдым. Совет Одағының Батыры атағын
алғаннан кейін, 1943 жылдың февралында Калинин майданы Саяси
басқармасының
үгітшісі
болып
тағайындалдым.
Осы
кездерде
Бауыржанмен үзбей хат жазысып тұрдым.
Бұл кезде біз терренкурдың үшінші километрінен қайтып, «Арман»
кинотеатрына тақап қалған едік. Мəлік енді əңгімесін тұжыруға кірісті.
— Мінеки, менің Бауыржанмен білістігім осылай. Өзің де соғыста
болдың, соғыстың жайын жақсы білесің ғой. Бірден батырлық еңбек етсең
де, бірден батыр атағы берілмейді. Екі рет ерлігің танылғанда есепке
алынасың. Бес рет батылдығын білінгенде ғана батыр атағына жетесін.
Онда да екінің бірі жете бермейді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады.
Ал жүз жүйрік, мың тұлпар қатар шапса, олар қанша оқтай жүйткігенімен,
бірінен бірі оза алмайды. Озса да бірінен бірі қара үзіп кетпейді. Сұңқарлар
қанаттас самғайды, тұлпарлар қабырғалас зымырайды. Тұлпардан тұлпар
озбағанымен, олардың артында ор болып іздері қалады. Сол сияқты біздің
316 дивизия тұлпарлар тоғысқан жер еді. Біздің 8-ші гвардиялық дивизия
батырлар бас қосқан ұя еді. Жеке батырлардан жалпы батыр шыңдаған
дүкен еді.
Мың адам бірлесіп батырлық іс атқарады. Бірақ атақ назары соның
біреуіне ғана түседі де, оның кеудесіне Алтын Жұлдыз боп қадалады. Мен
сол болсам, Баукең атақ назары түспеген, бірақ тарихтың назары түскен, бір
өзі жүзден аса ерлік жасаған, мен сияқты жүздеген жұлдызды, жұлдызсыз
батырларды баулыған ұста, ұстаз, ардагер азамат қой!
Х
Осыдан кейін де көп күндер өтті, көп оқиғалар болды. Алдымен Бауке
туған жері Жуалы ауданында өзінің алпыс жасқа толған тойын өткізді. Ол
той одан кейін Алматыда жалғасты.
Осы тойларды атқарғаннан кейін Баукеңнің кəртейгендегі жан серігі
Кəмəш қайтыс болды. Одан кейін қан майданды бірге кешкен жауынгер


інісі, жан досы Мəлік Ғабдуллин дүние салды. Олардың артынан асқар
таудай ағасы Сəбит Мұқанов қайтпас сапарға ол кетті. Осының бəрі
Баукеңе соққы үстіне соққы болып тиіп, оның аузынан шыққан күйініш
сөздері жалпақ жұртқа естіліп жатты. Алғаш əйелі өлген кезде бір
замандасы келіп, пенсияға шығып — қызмет, көліктен айрылып — қор боп
қалдым дегенде, Баукең оған: «Қорлықтың көкесін кемпірін өлгенде
көрерсің» депті. Мəлік қайтыс болғанда:
— Енді біздің шаңырақтарға шартылдап нажағай түсе бастады. «Теперь
по нашим квадратам бьют. — Кезек ересен ер ұрпаққа келді», — деп шөке
түсіп отырып қалыпты.
Сəбең қайтыс болған кезде Баукең айтты деген мына бір сөз жəне
тарады. Сəбит пен Ғабит Алатау мен Қаратаудай панам еді. Енді оның да
бірінен айрылдым ба? — депті.
Күз өтті. Қыс кетті. Жаз шықты.
Күндердің күнінде Баукең екеуіміз ұзақ уақыт үзіліп қалған диалогты
қайтадан жалғастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет