орман ішіні салынған дзоттардың бақылау жəне атыс аясы тар екен. Соңғы
кемшілікті түзеу үшін орман ішінен биік пулемет мұнарасын орнатып, сол
арқылы жерден көрінбейтін нысананы атқылауға болатын еді. Менің бұл
кеңесім майор Момышұлына қатты ұнады».
Бауыржан. Дұрыс. Ол шақ Галицкийдің 3-ші екпінді армияға
командашы боп келіп, қызметін жаңа қабылдап, енді кірісіп жатқан кезі
болатын. Галицкий мен Чистяков біздің полкта болып кеткен күннен кейін
іле-шала біздің 2-ші гвардиялық корпусқа генерал-майор М.П. Кутузов
деген кісі командир боп келді. Бұл кездегі біздің 3-ші екпінді армияның
мойнына жүктелген міндет Холмды қолдан шығармау, біздің қарсымызға
келіп шоғырланып жатқан жау əскерінің шабуылына төтеп беру, шама
келсе олардан Великие Луки — Невель — Новосокольники үш бұрышын
тартып алу екенін жаңа айттым ғой. Бұл үшін еңбек қорғанысымызды
нығайтып, шебімізді мықтап ұстау бірінші міндет еді. Майдан, армия
командашылары мен корпус командирлерінің бізге жиі келіп, жағдайды өз
көздерімен көріп, кемшілігімізді көрсетіп, ақыл, кеңестерін айтып
жүргендері сондықтан болатын. Біз күні-түні тынбастан жұмыс істеп,
қорғанысымызды одан сайын нығайта бердік. Жаңадан толып жатқан
окоптар, орлар қаздық. Ұрымтал жерлердің бəріне доттар, дзоттар
орнаттық. Бір сөзбен айтқанда солдаттың шебер қолы Холмның айналасын
өнерлі қыз кестелеген орамалдың өрнегіндей етіп əшекелейді. Солдат
қанды аз төгу үшін терді көп төгеді. 3-ші екпінді армия солдаттарының ол
кезде төгілген тері анау Арыс, Бадам сияқты кішігірім өзендердің суынан
кем болмаған шығар деп ойлаймын. Полк комиссары Толстунов, штаб
бастығы Курганский үшеуміз жау шабуыл жасаған күнде, өзіміз шабуылға
шыққанда істеуге тиісті мүмкін деген жобаларымыздың бəрін де жасадық.
Осы қызу қорғаныс кезінде, 1942-жылы екінші октябрьде маған кезекті
əскери лауазым — подполковник атағы берілді. Мынау сол кезге қатысты
документ, мə, оқып шық, керек десең көшіріп ал.
ІІІ
Баукең қасында жатқан қызыл папкадан алып, табақтай фото көшірмені
қолыма ұстатты. Онда былай деп жазылыпты: 3-ші екпінді армия
командашысының
Достарыңызбен бөлісу: