Байланысты: (pdf) Әзілхан Нұршайықов — Ақиқат пен аңыз
«Сіздерге мына төмендегі жағдайды баяндап жеткізуді борышым деп білемін. 1941-жылы июль айында мен Алматы қаласына генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясына штаб бастығы болып келдім. Бұл дивизия кейіннен 8-ші гвардиялық дивизия болып аталды да, Москва түбіндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен, одан кейін Ленин орденімен наградталды. Мен ұзақ уақыт осы дивизияда штаб бастығы боп келдім де, 1942 жылдың мартынан 1942 жылдың октябріне дейінгі шабуыл ұрыстарында осы дивизияның командирі болдым. Кезінде осы дивизияға командир болған генерал Панфилов та, генерал Чистяков та, осылардың бірінші орынбасары жəне артынан осы дивизияның командирі болған менің өзім де Панфилов дивизиясы ардагер офицерлерінің бірі, қанды шайқастарда аға лейтенанттан полковник дəрежесіне дейін көтерілген, қазір де аман-есен қызмет етіп келе жатқан Бауыржан Момышұлының ұрыстарда бірнеше дүркін көрсеткен лайықты ерліктерін, шегініс-шабуыл кездерінің əртүрлі жағдайларына байланысты, дəл уақытында атап көрсете алмадық. Менің мойнымдағы əділеттілік, адамгершілік парызы бұл азаматтың Отан үшін еткен ерліктерін осы хат арқылы сіздерге баяндай отырып, өтініш жасауыма мəжбүр етті.
Бауыржан Момышұлы аға лейтенант кезінде 19-шы гвардиялық атқыштар полкының батальон командирі болып тағайындалды. Батальон командирі кезінде ол Москва түбіндегі 1941 жылғы маневрлі қорғаныс ұрыстарына 27 рет қатысты. Генерал-майор Панфиловтың жау қоршауында қалып орындауға жүктеген арнаулы тапсырмасын іске асыру мақсатымен 5 рет дивизиядан бөлініп дұшпан əскерінің сыртында қалды. Арнаулы тапсырманы орындағаннан кейін ол өз батальоны мен қарамағына берілген басқа бөлімшелерді қоршаудан ойдағыдай алып шығып, адамдар мен техниканы аман сақтап қалды. Атап айтқанда: 1) 1941 жылы 26. Х-де Момышұлы жолдас, батальон командирі кезінде, оң жақ рубежде болған табан тірескен ұрыстардан кейін қоршаудан шығып, Волоколамск қаласына 690 адамды, 18 артиллерия жегінін, 30 пəуескені аман-есен алып келді. Сөйтіп, 35 километрге созылған аралық рубежде ұйымдасқан түрде ұрыс жүргізе отырып, жау қоршауын бұзып өтіп дивизияға кеп қосылды. Бұл күндерде оның Сафатова, Миловани, Рюховское жəне Спас- Рюхевское аудандарында жүргізген ұрыстарының дивизия үшін ерекше маңызы болды. Бұл ұрыстарда батальон Волоколамскіге шабуыл жасап келе жатқан жау колоннасының ту сыртынан тиісіп олардың ілгері басқан аяғын кері кетірді. Сөйтіп дұшпанның Волоколамск бағытындағы басты күшін 2 тəулік бөгеп, дивизияның жау өкшелеп келе жатқан негізгі күшінің одан сытылып шығуына жəне уақытты ұтуына мүмкіндік туғызды. 1941 жылы 27. Х-ден 1941 жылғы 15.ХІ-ге дейінгі Волоколамск қаласы үшін болған ұрыстарда Момышұлының батальоны неміс басқыншыларын талқандауда өзінің əралуан қимылымен бірнеше рет көзге түсті. 1941 жылғы 16. Х-ден 1941 жылғы 15. ХІ-ге дейінгі барлық ерліктері үшін генерал Панфилов 1941 жылы 7 ноябрьде аға лейтенант Момышұлын үкімет наградасына — Ленин орденіне ұсынған еді. Сол награда қағазының тағдыры осы күнге дейін мəлімсіз боп кетті де, Момышұлы жолдастың ересен ерлігі атаусыз қалды. 2) 1941 жылғы 16. ХІ-ден 1941 жылғы 20. ХІ-ге дейін Момышұлының батальоны Волоколамск тасжолының бойындағы Горюны деревнясы ауданында, Матренино теміржол станциясында тағы да жау əскерінің қоршауында қалып, қиян-кескі ұрыс жүргізді. Дұшпанның Москваға