Аида Асхатқызы кя 8 Сөйлем және оның айтылу мақсатына қарай түрлері



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі21,21 Kb.
#17702
1   2   3   4   5
Байланысты:
Синт.3АсхатқызыА.

Риторикалық сұрақ

Риторикалық сұраулы сөйлем өзінің сұраулы формасы арқылы хабарды өзі білдіреді. Мысалы, Ереулі атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?!(бітпейді) Хабар ретіндегі пікірдің сұраулы сөйлем формасы арқылы білдірілуі сөзге полемикалық өң береді. Полемикалыққа баяндауыш сөздің болымды, болымсыз формаларының өз бастапқы мағынасына қарсы жұмсалуы себеп болады.

Риторикалық сұрақты білдіру үстінде сұраулы сөйлемдер ерекше баяндауыштық форма құрайды. Мысалы, келді емес пе, келген жоқ емес пе? деген риторикалық сұрақты сөйлемдерде баяндауыш сөздер кері мағынада жұмсалып ерекше интонация арқылы құрастырылған.

Риторикалық тудыратын баяндауыштық формалар жедел өткен шақ етістіктің болымсыз түрі -ма, ме жұрнақтары арқылы жасалады: Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме? Өтті емес пе, оқыған жоқ емес пе?

Альтернативті сұраулы сөйлемдердің риторикалық мағына беруін ашық сұрақты сөйлемдер де атқара алады. Бұлардың ішінде де риторикалық сұраққа түгелдей бейімделгендері бар. Солардың бірі – есім емей немене, етістік емей немене болып жасалған баяндауыш қатысқан сөйлемдер.

Бастауыш -ған, -ген формалы есімше, баяндауыш ретінде қайда сөзі қатысып құралған сөйлем де риторикалық сұрақты білдіру үшін жиі жұмсалады. Әже, әлгіде оның құлағын жұлам дегенің қайда?!



Түрткі сұрақ 

Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады ...үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? Мұндай сөйлемдер түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында айтылуы коммуникативтік мақсатқа байланысты. Ол мақсат – тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру.

Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемнің баяндауышы келер шақ етістік пен -ма, -ме шылауларының бірігуінен жасалады: аласың ба, келесің бе.

Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемге баяндауыш болып етістік сөз болымды, болымсыз түрінде қатысып, бір-ақ синтаксистік мағына білдіреді: Қалаға барып келесің бе? – Қалаға барып келмейсің бе? (барып келуге түрткі болып тұр)



Лепті сөйлем

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.


Бұйрықты сөйлем – бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем.

Тыныс белгісі. Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі қойылады. 

Жасалу жолдары. Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады. Мысалы: Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа. Жүр тез аяғыңды бас! Тыныш отыр!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет