Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері



Дата29.11.2023
өлшемі19,52 Kb.
#131265

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың санатына бас ми қабығының диффузды органикалық зақымдануы салдарынан танымдық іс-әрекетінің және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар балалар жатады. Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты.


Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекшелігі – жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады.

  1. Ақыл-ой бұзылыстары бар балалардың психологиялық жане педагогикалық сипаттамасы.




Талдау:

Психологиялық сипаттама:

Қабылдау

Ақыл-ой бұзылыстары бар балалар сау балалардан қарағанда жаңа ақпаратты қабылдауы баяу,түсінуге ұзағырақ уақытты талап етеді.
Қабылдаудың бұзылуымен,зейін тікелей байланысты болып келеді.

Түйсіну

Ақыл-ой кемістігі бар оқушылар танымдық қызметі мен жалпы тұлғалық айқын жетілмеуі салдарынан түйсіну процесінде едәуір қиындықтарға ұшырап жатады.

Ойлау

Ойлауындағы негізгі кемшілік қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесінде ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда мағынасын түсінбейді, тәжірибеде пайдалана алмайды.

Зейін

Сабақ барысында оқушының зейіні шашыраңқы болады.Белгілі бір нысанға ұзақ уақыт бойы тұрақтылыққа шыдай алмайды.

Есте сақтау қабілеті

Зейіннің тұрақсыздығының әсерінен жаңа ақпаратты дұрыс қабылдай алмағандықтан есте сақтауы да қиын.Көп мөлшердегі акпаратты бойына сіңіре алмайды.Жаңа ақпараттар мен тапсырмалар барысында өрескел қателіктер жібереді.



Сөйлеу

Ақыл-есі кем балалардың ақыл-ойының өрескел бұзылуымен тығыз байланысты сөйлеудің функциясы терең дамымайды.Сөйлеу қарым-қатынасына қажеттіліктің күрт төмендеуі байқалады, бұл шектеулі сөйлеу байланыстарына әкеледі және сөйлеуді меңгеру процесіне теріс әсерін тигізеді.

Қиялы

Кейбір балалардың ақылынан қиялы ұшқыр болып келсе,кейбір балаларды қиялдау процессесі байқалмайды.Баланың бұндай қасиеттерін жұмыс жүргізу барысында анықтауға болады.

Ерік

Мұндай балалар көбінесе ерік-жігері әлсіз, ұсынысшыл, мақсаты жоқ, бастамашылдық танытпайды және интелектуалды жағынан артта қалады.Өз бетінше шешім қабылдай алмайды.

Жігер

Ақыл ойында бұзылысы бар болғандықтан,көптеген жағдайда балаға қиындық тудырады.Мысалға алатын болсақ,ол бала ойын ашық жеткізе алмауы мүмкін,сөйлегенде қиындықтар туу мүмкін.Осындай жағдайлар баланың жігері сейілтеді,құлшынысын төмендетеді.Ерік –жігері төмен болып келеді.

Талдау:

Педагогикалық сипаттама

Педагогиклық белгілері

  • Сабақ процессіне жәй қосылады

  • Материалды баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды

  • Берілген тапсырма бойынша мұғалімнің көмегін қажет етеді

  • Оқуы да, жазуы да нашар(тіпті жаза алмайтындар да кездеседі)

  • Мәтінді оқи алмайды,оқыған мәтінді түсінбейді

  • Есеп шығара алмайды,қате жібереді

  • Сыныптастарынан оқшауланып жүреді

  • Өз ойын ашық айта алмайды




Тәрбиесі

Тәрбиесінде басқа оқушыларға зиян келтіру мақсатында артық қимылдар жасалынбайды.Кейбір әрекеттері түсініксіз болуы мүмкін.Көп жағдайда бір орында ғана отырады.Зейіні мен қабылдау төмен болғандықтан көп қателіктер жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет