Ақыл ойы тежелген балалармен жүргізілетін диагностикалық коррекциялық жұмыстар
Дайындаған:Борамбаева Г.Т
Ақыл-есі кем балалар - қалыпты деңгейден ауытқу жағдайындағы ең көп санды балалар тобы. М.С.Певзнер ұсынған жалпы психикалық жетілмеген балалар классификациясы бойынша 5 қалып бар:
1. Аса күрделенбеген қалыптағы баланың негізгі жүйке процестері тұрақты.
Танымдық іс-әрекеттегі ауытқушылықтары күрделі анализаторлар
салыстырмалы түрде сақталған. Бала мақсатты-бағытталған іс-әрекетті
орындай алады, бірақ тапсырма оған түсінікті және орындалуы оңай болған
жағдайларда ғана. Әдеттегі жағдайда баланың іс-әрекетінде өкпектік
ауытқушылықтар жоқ.
2. Олигофрен-балалардың қозу немесе тежелу түрлері бойынша
эмоционалды-еріктік сфералары тұрақсыздықпен сипатталады, балаға сай
бұзылыстар іс-әрекеттің өзгеруінде және еңбектену деңгейінің төмендеуінде
байқалады.
3. Анализатор функцияларының бұзылыстары бар олигофрен-балалардың ми қабығының диффуздық зақымдануы ми жүйелерінің бірінің терең зақымдануымен бірігіп келеді.
4. Психопаттық іс-әрекетті олигофрен-баланың эмоционалды-еріктік сферасында өкпектік бұзылыстар байқалады. Ең алдымен оның жекетұлғалық құрамдастарының жетілмеуі, өзіне және қоршаған адамдарына байланысты сынды көзқарастың төмендеуі, қызығушылықтарының тежелуі, аффектті әрекеттерге берілуі байқалады.
5. Маңдай бөлігінің жетілмеуі анық олигофрен-баланың танымдық іс- әрекетінің бұзылыстары моторикасында өкпектік бұзылыстары бар маңдай бойынша түрі жеке тұлғаның өзгерулерімен бірігіп келеді. Бұл балалар әлсіз, көмек қажет етеді, ынтасыз. Олар көп, мағынасыз сөйлейді, басқаларға өте еліктегіш. Жағдайдың ерекшеліктерін ескере алмайды, мақсаттылыққа, бағыттылыққа, белсенділікке қабілетті емес.
Олигофрен-балалар
психикалық іс-әрекеттерінде тұрақты бұзылыстармен сипатталады, олардың танымдық процестерінің белсенділігі төмен, әсіресе сөздік-логикалық ойлаулары. Балаларда қалыпты деңгейден қалу ғана емес сонымен қатар тұлғалық көріністері мен барлық танымдық сфераларында терең ерекше ауытқулар байқалады.
Сонымен, ақыл-есі кем балаларды жасы кішілеу қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балаларға теңеуге болмайды. Олар негізгі ерекшеліктерімен, көріністерімен мүлдем басқа.

Ақыл-есі кемдік баланың бойында психикалық іс-әрекеттің түрлі жақтарының тепе-теңсіз өзгеруіне әкеледі. Оның психикасының құрылымы аса күрделі. Алғашқы дефект соңынан көптеген басқа екінші, үшінші ауытқушылықтардың пайда болуына әкеледі. Жалпы психикалық дамуы кешеуілдеген баланың танымдық іс-әрекетіндегі және тұлғасындағы бұзылыстар оның түрлі көріністерінде анық байқалады. Олигофрен-балалар дамуға қабілетті, бірақ ол процесс өте әлсіз, қалыпты деңгейден ауытқулары көп.