ІV.Өз өнерін көрсету. (яғни әр топтан бір оқушы шығып, өз еркімен өз өнерлерін көрсетеді) (Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)
V. Ғұлама сөз , жаңылтпаш, мақал-мәтел. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың, Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.
Мақал-мәтел жаңылтпашты айтайық,
Тілімізді жаңартудан қашпайық.
Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырулы ( табу керек)
Жетіген тобына: 1.Жақсыны сыйласаң есіңнен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетейді.
2.Досыңның көзінде болғанша. көңілінде бол.
3.Жан қиналмай, жұмыс бітпес,
Талап қылмай, мұратқа жетпес.
4.Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
5.Бір түлікке бай болғанша болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Домбыра тобына: 1.Келістік жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ.
2.Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
3.Бой жетпеген жерге-ой жетеді,
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді.
4.Еріншектің ертеңі бітпес.
5.Дос басқа қарар,
Дұшпан аяққа қарар
Қобыз тобына: 1.Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.
2.Қаhарлы сөз ̶ қамал бұзар.
3.Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
4.Қүлақтан кірген суық сөз,
Көңілге барып мұз болар.
5.Өнер алды бірлік,
Ырыс алды тірлік.
Ғұлама сөздерді оқып мағынасын ашу керек.
1.Құтты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде. (Жүсіп Баласұғани)
2.Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан. (Жүсіп Баласұғани)
3.Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама. (Асан Қайғы)
Жаңылтпаш бір деммен екі рет айту. (дайындалуға уақыт беріледі) Сайыскерлеріміз жаңылтпашқа дайындала тұрғанша, біздер ортаға Есімов Бекасылды Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел» әнімен ортаға шақырайық.
Жетіген тобына: 1.Мына сайда отырған бай Бағланбай,
Бұл қай бай Бағланбай? 2рет
Домбыра тобына:
2.Асхат жамап жасқап,
Жасапты ақ сапты аспап. 2 рет
Ақ сапты аспабы,
Жап-жақсы аспап.
Қобыз тобына:
3.Толғанайдың торы ала аты бар,
Толғанай торы ала атыңды тағалатып ал. 2 рет