Ақырет өткелдері


оны көрсе, бұдан да қатты қашып



Pdf көрінісі
бет231/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

оны көрсе, бұдан да қатты қашып, (бұдан да) қатты қорқар 
еді», – дейді. Сонда (Аллаһ тағала): «Мен оларды кешіргеніме 
сендерді куә етемін», – деп айтады», – дейді
2

Аллаһтан тозақ азабынан пана сұрауға қатысты дұғалар Құран 
аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде өте көп 
келген. 
Ең бергісі, Пайғамбар (с.а.с.): «Құрманың жартысымен 
болса да тозақтан сақтаныңдар», – деп айтқан
3

1
Әл-Бұхари. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 
3
Әл-Бұхари. 


252
 
 
VII БӨЛІМ 
ЖАННАТ 
Кітаптың бұл бөлімі сіздерді барлық мүміндердің арманы 
болып саналатын жаннатпен, оның сипаты және дәрежелерімен, 
ондағы көз көріп, құлақ естімеген мәңгілік игіліктермен, оған 
лайықты адамдар сапымен және олардың ондағы бақытты 
өмірімен кеңінен таныстырып, оған деген ынтық сезімдеріңізді 
арттыра түседі. Сонымен қатар жаннатқа жетудің жолдарын 
көрсетеді.
Аллаһ тағаланың толық мейірімін жаннаттықтар көреді 
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күні 
жүз рақымшылықты қоса жаратты. Әрбір рақымшылықтың 
көктер мен жердің арасындай қабаттары бар. Ал жер бетіне 
бір ғана рақымшылық жасады. Оның ішінде ананың баласына 
деген 
жанашырлығы, 
аң-құстардың 
бір-біріне 
деген 
аяушылығы (бар). Қиямет күні болғанда оны қалған тоқсан 
тоғыз рақымшылықпен толтырады», – деген
1

Аллаһ тағаланың мейірімі өте мол және ол мейірімі, әлбетте, 
игілік істеушілерге бек жақын. Ол осы мол мейірімін жаннатқа 
төккен. Демек, Оның мейіріміне жаннаттықтар бөленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет