Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет2/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
Абылайхан атындағы
ХҚжӘТУ-нің доценті,
ф.ғ.к., арабтанушы Д.Ә.Есенжан 


4
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен кейін еш 
пайғамбар келмейтін, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның 
ардақты отбасы мен ізбасарлары болған сахабаларына және 
Қиямет күніне дейін олардың соңдарынан ізгілікпен ілесушілерге 
Аллаһ тағаланың сәлемі, игілігі және берекеті болсын! 
Бұл ғаламның Жаратушысы болған Ұлы Аллаһ тағала, ондағы 
барлық жанды-жансыз атаулының да жоқтан бар Етушісі болып 
табылады. Аллаһ тағала жеті қат көк пен жерді жаратты. Сондай-
ақ осы көктер мен жердің әрқайсысына арнап тұрғындар 
жаратты. Аспан тұрғындары дегеніміз – еш уақытта Аллаһқа 
қарсы келмейтін, күнә жасамайтын, әрдайым Оны ұлықтап
барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтін нұрдан жаратылған 
періштелер. Ал жер беті тұрғындары – Аллаһ тағалаға ғана 
құлшылық етуге бұйырылған жындар мен адамдар. 
Сонымен қатар Аллаһ тағала әр нәрсенің дүниедегі тағдырын 
белгіледі. Әрі олардың ешқайсысының да бұл дүниеде мәңгі емес 
екендігін және дүниеге бекер жаратылмағандарын, сондай-ақ 
ақыр соңында баратын орындары Өзінің алды екендігін, 
барлығын да аса Дана, ұлы құдірет Иесі Аллаһ қасиетті Құран 
Кәрімде баян еткен. 
Ендеше, бұл өмір адамзатқа сынақ үшін берілген. Сондықтан 
да Раббымыз Аллаһ Өзінің кітабында: «Ондағылардың (яғни 
жер бетіндегілердің)
1
бәрі өткінші (мәңгі емес). Ұлы Дәрежелі 
әрі Жомарт Раббыңның Өзі ғана қалады»
2
, – деген. 
Алайда өлім адам тіршілігінің соңы емес. Уақытша дүние 
тіршілігінен қол үзген адам «фәниден» (өткінші) «бақиға» 
1
Жақшаға алынған сөздер Құран аяттары мен хадистер мәтінінде 
кездеспейді. Олар сөз өрісінің мағынасы түсінікті болу үшін 
қолданылады. 
2
«Рахман» сүресі, 26-27 аяттар. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет