Ақырет өткелдері


«Мынаны-мынаны сұра», – деп есіне сала отырып



Pdf көрінісі
бет237/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   255
«Мынаны-мынаны сұра», – деп есіне сала отырып, (оның 


257
 
 
қалаған 
нәрселерін 
береді. 
Пенденің) 
арман-тілектері 
таусылған кезде Аллаһ: «Саған осы және дәл осындай он есе 
(артығымен)!» – дейді. Сосын (пенде жаннаттағы) үйіне кіреді. 
Сонда оған хор қыздарынан болған екі әйелі кіріп: «Сені бізге 
тірілтіп берген және бізді саған тірілтіп берген Аллаһқа 
мақтау болсын!» – дейді. (Сол кезде пенде): «Маған 
берілгендей (нәрсе) ешкімге берілмеді!» – деп айтады», – деген.
Жаннаттың дәрежелері 
Жаннат бір-бірінің үстін ала өрлеген дәрежелерден тұрады. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, жаннатта Аллаһ жолында 
жиһад жасаушыларға Аллаһ әзірлеген жүз дәреже бар. 
(Олардан) екі дәреженің арасы – аспан мен жердің арасындай. 
Егер Аллаһтан сұрасаңдар, Одан Фирдаусты сұраңдар. 
Өйткені ол – жаннаттың орта тұсындағы ең жоғарғысы», – 
деген
1

Иеленген 
орындарына 
қарай жаннаттықтар 
да 
өзара 
дәрежелерге бөлінеді. 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннаттықтар араларындағы 
артықшылыққа байланысты төбелеріндегі бөлмедегілерге
2

көкжиекті бойлап шығысқа яки батысқа қарай алыстап бара 
жатқан жарық жұлдызға қарағандай қарайды», – деген. 
(Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол (бөлмелер) басқалар жете 
алмайтын пайғамбарлардың мекені ме?» – деп (сұрағанда, 
Пайғамбар (с.а.с.)): «Олай емес, жаным қолында болған 
1
Әл-Бұхари. 
2
Бұл жерде жаннаттың ең жоғарғы шегінде орналасатын адамдардың 
мекендері туралы айтылған. 


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет