Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет43/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   255
Өлім алдындағы арпалыс 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге жанның шығуын жатқыза 
суреттеп, оны ыдыс ернеуінен бір тамшы судың ағып шығуына 
теңегенімен, пенденің жантәсілім ететін сәтіндегі жағдай ауыр 
болады. Мәселен, денеміз бір ауыр соққы алса, ауырсынуды 
сеземіз. Өйткені адам баласы көру, есту, иіс сезу сезімдеріне ие 
болғаны сияқты сезіну қабілетіне де ие. Ал өлім сәтіндегі қиналу 
бұл сезінуден әлдеқайда ауыр. Себебі бұл жағдайда адамның 
бүкіл ағзасы қатты ауырсыну, қиналу сезінеді. Міне, «өлім 
сандырағы» дегеніміз осы. Адам жантәсілім етер алдындағы 
«өлім сандырағы» келген сәт Құранда: «Өлім сандырағы 
ақиқат келді. Міне, сол – сенің қашқан нәрсең»
2
, – деп 
баяндалады. 
Өліммен арпалысып жатқан пендеге жан беру қиынға соғады. 
Сол сәтте ол сандырақтап, есеңгірейді. Тіпті үрейленгені сонша, 
мас адам сияқты халге түседі. Мастық адамда әдетте алкагольді 
ішімдіктің яки есірткі заттың салдарынан пайда болады. 
Сонымен қатар қорқыныш, ауру сияқты жан азабынан да адам 
масаң күйге түседі. Олай дейтініміз, Аллаһ тағала Қияметтегі 
адамдардың қорқынышын: «...Адамдарды мас халінде көресің. 
1
«Әнғам» сүресі, 93-аят. 
2
«Қаф» сүресі, 19-аят. 


49
 
 
Негізінде, олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты»
1
, – 
деп суреттеген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние саларда оның алдында бір 
ыдыста су тұрды. Өлім алдында арпалысқа түсіп, жаны қиналып 
жатқанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) ыдыстағы суға қайта-қайта 
қолын батырып, бетін сипап: «Лә иләһә иллаллаһ. Расында, 
өлімнің сандырағы бар», – деп айтқан
2

Айша (Аллаһ оған разы болсын): «(Өлім алдында) Аллаһ 
елшісіндей (с.а.с.) қиналған ешкімді көрген жоқпын», – деген
3

Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние саларда жағдайы ауырлап, қатты 
қиналған кезде қайта-қайта талықсып, есін жоғалтып ала берген. 
Сол кезде Фатима (Аллаһ оған разы болсын): «Әкетай, 
қиналдың-ау...», – деп дауыстайды. Сонда Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Әкеңе өлімнен кейін ешқандай қиындық жоқ!» – деген 
екен. 
Ендеше, өлім сандырағы жантәсілім ететін әрбір пендеде 
болады. Одан ешкім де шет қалмайды. Егер өлім сандырағынан 
құтылатын адам болса, одан, сөзсіз, Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
құтылар еді. Ал ол кісінің өзі де өлім сандырағына душар 
болғаны жоғарыдағы хадистерде айтылды. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер өлгенде көздері шақшиған 
(көздері ашық қалған) адамды көргенсіңдер ме?» – деп сұраған. 
Адамдар: «Әрине», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Бұл оның көзінің (шыққан) жанға ілескендегісі», – 
депті
4

1
«Хаж» сүресі, 2-аят. 
2
Әл-Бұхари. 
3
Әл-Бұхари. 
4
Муслим. 


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет