Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет56/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Расында да, олар сондай бір азаппен азапталады, оны 
жануарлар (ғана) естиді», – деп айтты», – деген
1

Қабірдің жан шыдатпас азабында жатқан адамның айқайлап, 
шыңғыратындығы 
жайлы 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) 
хадистерінде анық айтылған. Тіпті оның даусын адамзат пен 
жыннан басқа бойында жаны бардың барлығы естиді. Мұндай 
азапқа түспесі анық Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі үнемі Аллаһ 
тағаладан азаптың осы түрінен құтқаруды сұраған. Бұл сөзімізге 
Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын): «Мен оның намазда 
қабір азабынан пана сұрамаған (кезін) көрген емеспін»
2
, – дегені 
дәлел болмақ. 
Әсма бинт Әбу Бәкірден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
жеткен риуаятта, ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) құтпа жасап тұрып, 
кісі сынаққа алынатын қабір сынағы жайлы айтты. Оны 
айтқан кезде адамдар (қорқыныштан) шулап кетті. Тіпті мен 
(ол шудан) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сөзін түсінбей қалдым. 
Сөйтіп, өзіме жақын тұрған бір кісіге: «Ей, Аллаһ береке бергір! 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) сөзінің аяғында не айтты?» – дедім. Ол (кісі 
маған): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, маған уахи етілді: 
қабірде 
Дәжжалдың 
фитнасына
3
 
жақын 
фитнаға 
ұшырайсыңдар», – деп айтты», – деді», – деген
4

Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) Зәйд ибн 
Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Зәйд: 
«Пайғамбар (с.а.с.) бәну нажжар (руының) егістігінде 
қашырының үстінде келе жатқан-ды. Біз онымен бірге едік. 
(Оның (с.а.с.) астындағы қашыры) тулап кетіп, оны жыға 
жаздады. Қарасақ, бес-алты қабір бар екен. (Пайғамбар (с.а.с.))


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет