Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет78/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
оқыды. Содан тағы мінберге көтерілді. Сөйтіп, күн батқанға 
дейін бізге құтпа жасады. Ол (с.а.с.) бізге болған және болатын 
нәрселерді айтты. Біздің ең көп білетініміз – ең жақсы 
жаттағанымыз», – деген
1

Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) таң атқаннан күн батқанға дейін 
Қияметтен бұрын келетін белгілер жайлы айтқан. Қияметтің 
белгілері жайлы сахабалардың арасында көп білетіні – сол 
мәжілісте ең көп жаттағаны. Ал ол адам (яғни Қиямет белгілерін 
ең көп жаттаған) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сыр сандығына 
теңелген сахабасы Хузайфа ибн әл-Яман (Аллаһ оған разы 
болсын) еді. Осы Хузайфа риуаят еткен хадисте Пайғамбар 
(с.а.с.): «Олардан
2
түгелдей дерлік ештеңені қалдырмайтын
3
 
үш нәрсе бар. Және олардан жаздың желі сияқтылар бар. 
Олардың кейбірі үлкен белгілер, кейбірі кіші белгілер», – деген
4

Яғни Қияметтің белгілері үлкен және кіші болып екіге 
бөлінеді. Кіші белгілер белгілі бір уақытта, белгілі бір ортаға әсер 
етуі немесе бой көрсетуі мүмкін. Ал үлкен белгілері келгенде жер 
бетін түгелдей дерлік қамтитындай апат болады. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) осы алапат бүліктердің барынша күшіне мінетінін де 
аңдатқан. 
1
Муслим. 
2
Яғни Қияметтен бұрын болатын бүліктерден. 
3
Яғни жер бетін түгел қамтиды. 
4
Муслим. 


88
 
 
ҚИЯМЕТТІҢ КІШІ БЕЛГІЛЕРІ 
Ислам ғұламалары Қияметтің кіші белгілерін үшке бөлген: 
а) болып өткен белгілер; 
ә) болып өткен және қазір де болып жатқан белгілер немесе 
бір рет болып өтіп, сосын қайталанатын белгілер; 
б) әлі күнге дейін болмаған белгілер. 
Осы үшіншінің кейбірі үлкен белгілердің алдында келсе, 
кейбірі олармен араласып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет