Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет122/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Мәдина халқы мен Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафидің арасында 
Харра шайқасы болады. Ибн Сайяд мәдиналықтармен бірге осы 
жорыққа қатысады. Бірақ ол осы шайқаста ізім-ғайым жоғалып, 
өлілердің де тірілердің де арасынан табылмайды. 
Ибн Сайяд мәселесін қорыта келіп, бәзбір ғалымдар: «Ибн 
Сайяд мәселесі кейбір сахабаларға қиындық тудырды. Сөйтіп, 
оны «Дәжжал» деп ойлады. Пайғамбар (с.а.с.) да оның Дәжжал 
еместігі анықталғанға дейін кесіп ештеңе айтпады. Шын мәнінде, 
ол шайтандарға қатысы бар көріпкелдерден еді. Сол үшін оған 
сұрақтар қойып сынаған», – деген. 
ғ) Дәжжалдың шығатын жері 
Дәжжал шығыстағы Хорасан аумағындағы Асбаһан
1
деген 
қаланың яһудия деген ауданынан шығады. 
Жоғарыда келген Фатима бинт Қайстың (Аллаһ оған разы 
болсын) хадисінде: «Керісінше, шығыс жақта», – делінген. 
Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дәжжал Хорасан деп аталатын 
шығыс жерінен шығады», – деген
2

Әнәс (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Дәжжал Асбаһанның яһудия деген 
жерінен шығады. Онымен бірге яһудилердің жетпіс мыңы 
болады», – деп айтқан
3

1
Қазіргі таңда Иранда Исфаһан деп аталатын қала бар. Бірақ Дәжжал 
осы қаладан шыға ма, жоқ па, анығын Аллаһ біледі. 
2
Әт-Тирмизи. 
3
Ахмад. 


138
 
 
д) Дәжжал Мекке мен Мәдинаға кірмейді 
Фатима бинт Қайс (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Дәжжал: «...Сосын шығамын да, жер бетін шарлаймын. 
Қырық күннің ішінде тоқтамаған жерім қалмайды. Тек Мекке 
мен Тайибадан басқа, ол екеуі де маған харам қылынған. 
Олардың қайсыбіріне кіруді қаласам, қолына жалаңдаған қылыш 
ұстаған періште қарсы тұрып, мені одан қайтарады. Расында, 
олардың әр тарапында қорғаушы періштелер бар», – деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет