225
«Әлхамдулилләһ»
(деп
айту)
таразыны
толтырады,
«Субханаллаһи уәлхамдулилләһ» (деп айту)
аспан мен жердің
арасын толтырады», – деген
1
.
Хауыз
Аллаһ тағала Өзінің ең сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммедке
(с.а.с.) құрмет ретінде көлемі үлкен, суы сүттен ақ, иісі жұпардан
да жағымды, ал көзелері аспан жұлдыздары сияқты, кім одан су
ішсе, ешқашан шөлдемейтін, суы жаннаттағы Кәусардан келіп
тұратын хауызды берген.
Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Менің хауызымның (көлемі)
–
бір айлық жол. Ал (оның)
ернеулері теп-тегіс. Суы сүттен ақ,
иісі мисктен де жағымды, ал көзелері аспан жұлдыздары
сияқты кім одан су ішсе, ешқашан шөлдемейді», – дейді
2
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«...Ол қардан да ақ, балды сүттен де тәтті,
ал ыдыстары жұлдыздардың санынан да көп. Бір кісі
хауызынан жұрттың түйесін қайтарғаны сияқты мен де
Достарыңызбен бөлісу: