Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет213/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   255
 
 
г) Сират жайлы хадистер 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «...Сосын тозақ үстіне көпір 
қойылып, шапағатқа рұқсат етіледі. Сонда (пайғамбарлар)
«Уа, Аллаһ! Құтқара гөр, құтқара гөр!» – деп айтады», – 
деген. Сонда (сахабалар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Көпір деген 
не?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «(Ол) – тайғанақ апат. 
Оның Нәжд жерінде өсетін тікенекшелері бар «сағдан» деп 
аталатын (өсімдік) сияқты ілмектері мен қысқыштары бар. 
Мүмін оның үстінен қас қаққандай, шақпақша, желдей, 
құстай, жүйрік арғымақ жылқыдай өте шығып, аман-сау 
құтылады. (Біреулер) жарақат алып құтылады, (ал біреулер) 
жығылады. 
(Жаннаттықтардың) 
ең 
соңғылары 
сүйреп 
өткізіледі. Мен сендерге ақиқатты жариялап тұрмын. 
Сендерге сол күні кім мүмін екені анық болады. Олар өздерінің 
құтылғанын көрген кезде бауырлары үшін: «Раббымыз! 
Бауырларымыз... Бізбен бірге намаз оқитын, ораза тұтатын
амал істейтін», – деп дұға қылады. Сонда Раббының рақымы 
келіп: «Барыңдар, жүрегінде бір динардың салмағындай иманы 
бар кісі тапсаңдар, оны (тозақтан) шығарыңдар», – дейді», – 
деген
1

Сират көпірінен ең бірінші өтетін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен 
оның үмбеті болады. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «...Сосын тозақтың үстіне сират 
қойылады. Ең бірінші болып мен және үмбетім өтеді. Ол күні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет