Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет204/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   255
дегенді оқыңдар!» – деген
4

Амал дәптерлері тартылатынына мынадай дәлел келтіреді: 
Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят 
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ Қиямет күні 
үмбетімнен бір кісіні халықтың төбесіне қояды. Оған 
1
«Әнбия» сүресі, 47-аят. 
2
Әл-Бұхари. 
3
«Кәһф» сүресі, 105-аят. 
4
Әл-Бұхари. 


224
 
 
(жамандықтары жазылған) тоқсан тоғыз кітап көрсетіледі. 
Әрбір кітаптың (көлемі) көз жетер жерге дейін. Сосын оған: 
«Мынадан бір нәрсені жоққа шығарасың ба? Бақылаушы 
періштелер саған зұлымдық жасамап па?» – дейді. Ол: «Жоқ, 
уа, Раббым!» – дейді. (Аллаһ тағала): «Үзірің бар ма?» – дейді. 
Ол: «Жоқ, уа, Раббым! Үзірім жоқ», – дейді. Аллаһ тағала: 
«Әрине, Біздің алдымызда сенде бір жақсылық бар. Бүгін оған 
зұлымдық жоқ», – дейді. Сөйтіп, бір куәлік шығарылады. 
Онда: «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ, уә әшһәду әннә 
Мухаммадан абдуһу уә расулуһ», – деп жазылған. Оған: 
«Салмағыңды (таразыға) қой!» – дейді. Ол: «Уа, Раббым! Мына 
кітаптардың қарсысында бұл куәлік не тұрады?» – дейді. 
(Ұлы Раббы): «Саған зұлымдық қылынбайды», – дейді. Сөйтіп, 
кітаптар таразының бір басына, куәлік бір басына қойылады. 
Сонда куәлік ауыр келіп, кітаптар шашылып кетеді. 
Аллаһтың есімімен бірге (салыстырғанда), ештеңе де ауыр 
тартпайды», – деген
1

Таразыда ауыр тартатын амалдар 
Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Таразыға көркем мінез-құлықтан ауыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет