Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет216/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   255
 
 
VI БӨЛІМ 
ТОЗАҚ 
Аллаһ тағала әлемдерді жаратып қана қоймай, әр әлемнің 
өзіне тән тұрғындарын, олардың ризық-несібелерін де жаратты. 
Сондай-ақ әрбір құлының бұл дүниедегі жасаған амал-
құлшылығына сай баратын, ақыреттік мекендері – жаннат пен 
тозақты да жаратты. Бұл бөлімде осы екі орынның бірі – тозақ 
жайында (оның сипаты, ондағы азап түрлері, оған лайықты 
адамдар, олардың тамұқтағы жағдайы және одан құтылудың 
жолдары) кеңінен сөз болады.
Тозақ – ең ауыр қорлық 
Тозақ – Аллаһтың ең ауыр қорлығы, одан асқан қорлық жоқ. 
Аллаһ тағала Құранның мына аяттарында: «Раббымыз! Сен 
кімді тозаққа кіргізсең, шын мәнінде, оны қорлапсың»
1

«Олар кім Аллаһқа және елшісіне қарсы келсе, расында, 
оған онда мәңгі қалатын тозақ оты бар екенін білмей ме? 
Міне, сол үлкен қорлық»
2
, – деп оның ең ауыр қорлық екенін 
айтқан. 
Тозақ – қорқынышты орын 
Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Тозақты көрдім және 
бүгінгідей қорқынышты ешбір көріністі көрген емеспін», – деп 
айтқан
3

1
«Әлі Имран» сүресі, 192-аят. 
2
«Тәубе» сүресі, 63-аят. 
3
Әл-Бұхари, Муслим. 


237
 
 
Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болған 
(Аллаһ)пен ант етейін! Егер мен көргенді сендер көргенде, аз 
күліп, көп жылар едіңдер», – дегенде, сахабалар: «Сен не көрдің, 
уа, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрапты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): 
«Тозақты көрдім», – деген
1

Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер менің шегіншектеп кеткенімді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет