Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет218/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   255
түсеміз»
3
, – деген. 
Тозақтың бұл дүниеге әсері 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Тозақ Раббысына: «Раббым, бір бөлігім бір 
бөлігімді жеп қойды», – деп шағым айтқанда, (Аллаһ тағала) 
оған екі (рет) тыныс алуға рұқсат еткен. (Сөйтіп, ол) қыста 
бір тыныс алады және жазда бір тыныс алады. (Бұл) 
сендердің ең қатты ыстықты көрулерің және ең қатты 
суықты көрулерің», – деген
4

Тозақтың кеңдігі мен тойымсыздығы 
Тозақ өте кең, оған тістері таудай, екі иығы аттылы адамға үш 
күндік жолдай үлкейіп түскен кәпірлер мен мұнафиқтардың бәрі 
сыяды. Тіпті оған күн мен ай сияқты үлкен-үлкен ғаламшар 
сыйып кетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Күн мен ай тозақта 
жұмырылып тұрады», – деген-ді
5

1
Яғни кәпірлер мен күнәкарларды азаптауға дүниедегі от та жеткілікті 
ғой. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 
3
«Исра» сүресі, 97-аят. 
4
Әл-Бұхари. 
5
Әл-Бұхари. 


239
 
 
Сондай-ақ ол өте тойымсыз келеді. Аллаһ тағала: «Ол күні 
тозаққа: «Толдың ба?» – дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» – 
дейді»
1
, – деген.
Пайғамбар (с.а.с.): «Тозаққа (кәпірлер) лақтырыла береді, ал 
ол қашан құдірет Иесі оған табанын қойғанға дейін: «Тағы да 
бар ма?» – деп айтудан танбайды. Сосын ол бір-біріне 
жұмырылып: «Күш-құдіретің мен жомарттығыңа серт! 
Жетер, жетер!» – дейді», – деген
2

Тозақтың шыңыраулары мен қақпалары 
Тозақ түпсіз терең шыңыраулардан тұрады. Төмен түскен 
сайын оның күші мен азабы арта түседі. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Біз Аллаһ елшісімен 
(с.а.с.) бірге едік. Бір кезде ол бір дыбыс естіді де: «Мынаның не 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет