Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет226/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   255
3
, – деп баяндайды. 
Сосын олар тозақтың бас күзетшісі – Мәликті шақыра 
бастайды. 
«Тозақтықтар: «Ей, Мәлик! Раббың ісімізді бітірсін», – 
дейді. (Сақшы): «Расында, сендер тұрасыңдар», – дейді. (Аллаһ 
оларға): «Шынында, сендерге шындықты келтірдік. Бірақ 
көбің шындықты жек көрдіңдер», – дейді»
4
.
Тозаққа түсіретін күнәлар 
а) Тозақта мәңгі қалдыратын ең үлкен күнәлар 
1) Күпірлік және Аллаһқа серік қосу. Аллаһ тағала: «Расында, 
кәпір болғандарға (Қиямет күні): «Аллаһтың ашуы, сендердің 
1
«Хаж» сүресі, 21-22 аяттар. 
2
«Фурқан» сүресі, 13-аят. 
3
«Ғафыр» сүресі, 49-50 аяттар. 
4
«Зухруф» сүресі, 77-78 аяттар. 


247
 
 
өз ашуларыңнан зор. Өйткені сендер иманға шақырылған 
кезде кәпірлік таныттыңдар» деп дауысталады»
1
, – деген.
2) Қиямет күніне сенбегендіктен, шариғат міндеттерін 
орындамау. Аллаһ тағала: «Сендерді тозаққа кіргізген не 
нәрсе?» Олар: «Біз намаз оқушылардан емес едік, міскінді 
тамақтандырмайтын едік, бұзықтыққа кірісушілермен бірге 
кірісіп жүрген едік, өзімізге өлім келгенге дейін Қиямет күнін 
өтірік деген едік», – дейді»
2
, – деген. 
3) Адасқан, дінсіз басшыларға еріп, Аллаһтың дінінен бет 
бұру. Аллаһ тағала: «Расында, Аллаһ кәпірлерді лағынет етті 
және оларға жалындаған тозақты әзірледі. Олар онда мәңгі 
қалады. Жанашыр да, жәрдемші де таба алмайды. Бет-
жүздері от ішінде аударылатын күні: «Әттең, Аллаһқа 
бойсұнып, елшіге бағынғанымызда еді! Раббымыз! Біз 
басшыларымызға, үлкендерімізге бойсұндық та, бізді солар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет