Ақырет өткелдері


мерзімін ол алпыс жасқа жеткенге дейін кешеуілдеткен»



Pdf көрінісі
бет24/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   255
мерзімін ол алпыс жасқа жеткенге дейін кешеуілдеткен», – 
деген
3

1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
«Фатыр» сүресі, 37-аят. 
3
Әл-Бұхари. 


28
 
 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Менің 
үмбетімнің өмір жастары алпыс пен жетпістің арасында», – 
деген
1

Ғұмырының көбі өтіп, азы қалған мұсылман кейін опық 
жемеуі үшін дүние істерінен гөрі Ақыретін ойлауы керек. Қалай 
болғанда да, мұнан кейін бұл дүниеде оған Ақыретіне әзірлік 
жасаудан басқа еш нәрсе қалған жоқ. Аллаһ тағала өмірімізді ізгі 
амалдармен ұзартқай! 
Ақыретке қатысты үрей мен үміт 
Расында да, Ақыретке қатысты әңгімеден адам бойында үрей, 
қорқыныш тууы мүмкін. Бірақ бұл – жаннатқа жетелейтін 
пайдалы қорқыныш. Мүміннің өзі «үміт пен қорқыныштың 
арасында жүреді» деп сипатталады емес пе?.. Мүмін-
мұсылмандарды қорқытып, үрейлендіріп, сонымен қатар оларды 
үміттендіретін Құран аяттары мен Пайғамбардың (с.а.с.) 
хадистері жетерлік. Енді осы аят-хадистерге тоқталсақ: Аллаһ 
тағала адамдарды Қиямет күнімен ескертіп: «Менен ғана 
қорқыңдар!»
2

«Расында, Раббыңның қолға алуы өте қатты»
3

«(Тұрғындары) залым болған ауылдарды қолға алғанда
Раббыңның қолға алуы осындай (болды). Расында, Оның 
қолға алуы (яғни жазалауы) күйзелтуші әрі қатты. Күдіксіз 
осында Ақырет азабынан қорыққан (кісілер үшін) анық дәлел 
бар. Бұл адамдар сол үшін жиналатын күн. Сондай-ақ ол (бәрі 
де) әзір болатын бір күн. Біз оны (яғни Қиямет күнін) санаулы 
бір мерзімге ғана кешіктіреміз. Ол күн келгенде, Аллаһтың 
рұқсатынсыз ешкім де сөйлемейді. Олардың сорлысы да 
1
Әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ. 
2
«Бақара» сүресі, 40-аят. 
3
«Буруж» сүресі, 12-аят. 


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет