Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет26/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   255
 
 
Аллаһ тағалаға маңдайын сәждеге қойып тұрған періште 
(болмаған) төрт елі (бос) жер жоқ! Аллаһпен ант етейін! 
Сендер мен білген нәрсені білгендеріңде еді?!. Онда, сөзсіз, аз 
күліп, көп жылайтын едіңдер, төсекте әйелдермен 
ләззаттанбайтын едіңдер, жолға шықпайтын едіңдер. Тек 
қана Аллаһ тағалаға жалбарынар едіңдер!» – деген
1

Бірақ адам баласы бұл қорқынышты естерінен шығарады, 
ұмытады, өйткені оларды көзімен көре алмайды. Бұл да болса – 
Аллаһтың пенделеріне деген мейірімі мен кеңшілігінің көрінісі. 
Егер, шын мәнінде, біз қорқатын нәрселер көз алдымызда 
тұрғанда, күніміз не болар еді?! Мысалы, Аллаһ тағала адамдарға 
тозақтың толық өзін емес, оның кішкентай ғана бір бөлігін 
көрсетер болса, біз қорқыныштан өз-өзімізді жоғалтып, есімізден 
танар едік. 
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қиямет күнін сипаттай 
отырып: «Қиямет күні адам баласы қашан ол өмірінен, оны не 
нәрседе өткізгендігі және іс-амалынан, оны не нәрседе 
істегендігі және мал-дүниесінен, оны қайдан тауып, қайда 
жұмсағандығы 
және 
тәнінен, 
оны 
не 
нәрседе 
пайдаланғандығынан 
сұралмайынша, 
оның 
екі 
аяғы 
қозғалмайды», – деген
2
.
Сонымен қатар Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) 
риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ тағаланың: 
«Ол күні жер хабарларын айтады»
3
, – деген аятын оқып 
(серіктеріне): «Сендер оның хабарларының не екенін білесіңдер 
ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы 
біледі», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Жердің) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет