Ақырет өткелдері


хабарлары оның Қиямет күні өзінің бетінде әрбір еркек пен



Pdf көрінісі
бет27/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   255
хабарлары оның Қиямет күні өзінің бетінде әрбір еркек пен 
әрбір әйел пенденің не істегеніне куәлік беруі. (Жер)
1
Әт-Тирмизи. 
2
Әт-Тирмизи. 
3
«Зілзала» сүресі, 4-аят. 


31
 
 
«(Пәленше) мына-мына күні, мынаны-мынаны істеді», – дейді. 
Оның хабарлары осы», – деген
1

Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят 
етілген 
хадисте 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): 
«Қалай 
ләззаттанайын?.. Керней иесі (Исрафил) кернейді аузына 
алып, маңдайын иіп, құлағын тосып үрлеуге бұйрық күтіп 
тұр. (Қашан бұйырылады), үрлейді», – деген
2

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзі Ақыреттің қаншалықты 
жақын қалғанын аңғартады. Исрафил (аләйһис-сәләм) кернейін 
үруге бұйрық күтіп дайын тұр. Бұл – Ақыреттің басталуының 
белгісі. Мұндай суық хабардан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
сахабалары үрейленіп қалады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға: 
«Аллаһ бізге жеткілікті. Ол – өте жақсы Уәкіл. Раббымыз 
Аллаһқа тәуекел қылдық», – деп айтыңдар», – деген екен
3

Біз, мүмін-мұсылмандар, қанша жерден ынта-жігеріміз күшті 
болып, ізгі амалдарымыз көбейіп, сауаптарымыз артқанмен, 
Аллаһтың рақымына ілікпей, жаннатқа жете алмаймыз. Тек 
Аллаһ тағаланың мейірімімен ғана жаннаттың есігін аша аламыз. 
Рас, Ақыретті ойлау қорқынышты-ақ! Бірақ бұл адамның 
сағын сындыратын, жүнін жығатын, үмітсіздікке бой алдыратын 
қорқыныш емес, керісінше, пайдалы, нәтижелі қорқыныш. Бұл 
айтқанымызға Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Кім қорықса, 
асығады», – деген сөзі айқын дәлел. 
Яғни Ақыреттегі Аллаһтың азабынан қорыққан пенде 
бейғамдыққа салынбай, неғұрлым сауапты амалдарды көбірек 
жасауға тырысып, Қияметке әзірлікте болады. 
1
Ахмад. 
2
Әт-Тирмизи. 
3
Әт-Тирмизи. 


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет