63
азаптаймыз» деген сөзді: «Дүниедегі азап және қабірдегі азап»,
– деп түсіндірген.
Сондай-ақ ғұламалардың қабір азабына нақты дәлел ретінде
түсінік
бергені
Аллаһ
тағаланың
мына
сөздері:
«Перғауындықтарды сұрқай азап баурап алды. Олар ертелі-
кеш отқа ұсынылады
1
. Қиямет-қайым болған күні:
«Перғауындықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» –
делінеді»
2
;
«Аллаһ иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де,
Ақыретте де мықты сөзбен бекітеді»
3
.
Мүмін пенде өмірде қандай қиындық көрсе де, «Аллаһтан
басқа ешбір құдай жоқ. Мұхаммед – Аллаһтың елшісі»
деген
сенімнен айнымайды. Әрі қабірдегі сұрақтарға да дұрыс жауап
береді. Ал залымдарды Аллаһ сөзден жаңылдырады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жоғарыдағы аятты:
«Қабір азабына
қатысты түскен», – деген
4
.
ә) Сүннеттегі дәлелдер
Айша анамыздан (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят етілген
хадисте, ол:
«Маған Мәдина яһудилерінің екі кемпірі кірді. Олар:
«Қабірдегілер қабірлерінде азапталады», – деді. Мен олардың
сөздерін растағым келмей, өтірікке шығардым. Сөйтіп, ол екеуі
шығып кеткен соң, маған Аллаһ елшісі (с.а.с.) кірді. Мен оған:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Мәдина яһудилерінің екі кемпірі
кірді. Сөйтіп: «Қабірдегілер қабірінде азапталады», – деп
айтты», – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.))
: «Ол екеуі рас айтқан.
1
Бұл Қияметтен бұрын болады.
2
«Ғафыр» сүресі, 45-46 аяттар.
3
«Ибраһим» сүресі, 27-аят.
4
Әл-Бұхари.