Ақырет өткелдері


қайтып бара жатқандағы аяқтарының дыбысын есітеді



Pdf көрінісі
бет58/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   255
қайтып бара жатқандағы аяқтарының дыбысын есітеді. 
Сосын оған екі періште келеді. Оны отырғызып, одан: «Мына 
Мұхаммед деген кісі жайлы не айтатын едің?» – дейді. Мүмін 
1
Муслим. 
2
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір дауыс естігендей, жан-жағына қараған. 
3
Әл-Бұхари, Муслим. 


66
 
 
болса: «Мен оның Аллаһтың құлы және елшісі екендігіне 
куәлік беремін», – деп айтады», – деген
1

Сондай-ақ Бара ибн Азибтан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят 
етілген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) мүмін пенденің қабірдегі 
жағдайы жайлы: «Оған екі періште келіп, оны отырғызады да: 
«Раббың кім?» – дейді. Ол: «Раббым – Аллаһ», – дейді. Екі 
(періште): «Дінің не?» – дейді. Ол: «Дінім – Ислам», – дейді. Екі 
(періште): «Сендерге жіберілген кісі кім?» – дейді. Ол: «Ол – 
Аллаһтың елшісі», – дейді. Екі (періште): «Ілімің не?» – дейді. 
Ол: «Аллаһтың кітабын оқып, оған иман келтірдім және 
сендім», – дейді. Сол кезде көктен бір жаршы жар сала: 
«Пендемнің рас айтқаны үшін оған (қабіріне) жаннаттан 
(төсеніш) төсеңдер, оны жаннаттан киіндіріңдер және оған 
жаннатқа қарай есік ашыңдар!» – дейді. Және де оған 
(жаннаттың) лебі мен хош иісі келіп тұрады. (Сонымен қатар) 
оған қабірі көзі жеткен жерге дейін кеңейтіледі», – деп айтқан. 
Яғни мүміндерге қабірден қорқудың қажеті шамалы. 
Жоғарыдағы сүйінші хабар осыны аңғартады. Бұл азаптан 
қорқуға мүміндерден гөрі кәпірлер мен мұнафиқтар лайықтырақ. 
Өйткені мүміндер туралы Аллаһ тағала: «Олар үшін қорқыныш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет