Ақырзаман кітабының



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата17.11.2022
өлшемі495,03 Kb.
#50751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Құдайым айтар кім бар деп, 
Әзірейіл айтар мен бар деп, 
Өз жаныңды өзің ал десе керек-ті. 
Бір қанатын жамылып, 
Бір қанатын төсеніп, 
Өз жанын Әзірейіл, 
Өзі алса керек-ті, – [135,241 б.]
деп жырлайды. 
Сүлеймен Бақырғани хикметтерінде де қиямет күні Исрафил сүрін үрлеп, арасат таразысы 
құрылып, пенделердің жасаған қайырымдылығы, күнәсі сұралатындығы жыр етіледі. 



Исрафил сүрини ұрмақы бар, 
Арасат аламика сүрмаки бар, 
Забанийа фаришталар сұрамақы бар. 
Арасат таразысы құрмақы бар, 
Қадырым қазы болып сұрамақы бар, 
Суалға жауабларны аймақы бар, 
Меним ма көңилүм ичра мұңларым бар [49,9 б.]. 
С. Бақырғанидың келесі бір “Келің, достлар, Хаққа құллық қыла көрің”,– деген өлеңінде: 
Достарымыз, заманамыз йуық келди, 
Тарса, жұһид, бейдин кафир елка толды, 
Билдим емди, үшбу жаһан ахыр болды, 
Келиң, достар, хаққа құллық қыла көрің. 
Исрафил сурин ұрса көк йарылғай, 
Қорқынычдин пайғамбарлар тизин чөккай, 
һайбат бирла ол Азираил саңа келкай, 
Келиң, достар, Хаққа құллық қыла көрің”,– [49,27 б.] 
деп толғайды. Ақын заман ақыры болып, елге дінсіз кәпірлер толып, ажал уақыты 
жақындады деп, Хаққа құлшылық етуге шақырады. 
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларында да заман ақырда, қиямет күнінде болатын 
оқиғалар суреттеледі: 
Бір күні сүрін тартар Исрафил, 
Болғаны сүрін тартса, заман ақыр. 
Тау мен тас, ой мен шұңқыр бірдей болып, 
Болады жердің жүзі айдай тақыр. 
Дүниеде өлмей қалмас ешбір пенде, 
Басқалар бір құдайдан болар мүрде [100,285 б.]. 
Дастанда ақын Исрафил сүрін екінші рет тартқанда, жанның бәрі тіріліп, Махшар алаңына 
айдалатындығын сипаттайды. 
Алланың пәрменімен тірілер жан, 
Болады бұрынғыдай жұмыла ғалам. 


10 
Әр кісі көр басында шығып тұрар, 
Тірілмей әркез қалмас ибн адам. 
Баршасы инси-жанның бас көтерер, 
Бір аттың тұяғынан мың кісі өрер. 
– Махшарға халайықты айдаңыз,– деп, 
Алладан періштеге әмір келер. 
Мәліктер қолына алып күрзілерін, 
Махшарға халайықтың айдар бәрін. 
Ол күні халайықты қайғы басар, 
Еш пенде бір-бірінің білмес халін [100,287 б.]. 
М. Әуезов өзінің зерттеу еңбектерінің бірінде зар заман сарыны Асанқайғы мен Бұқар 
жыраудан басталатындығы жайлы ой түйеді. Асанқайғы Жәнібек ханға: 
Ай, Жәнібек, ойласаң, 
Қилы-қилы заман болмай ма, 
Суда жүзген ақ шортан 
Қарағай басын шалмай ма, 
Мұны неге білмейсің? – [53,24 б.] 
деген екен. Бұхар жырау (1685-1777) Асанқайғы дәстүрін төмендегіше жалғастырады: 
Ай, заман-ай, заман-ай, 
Басты мына тұман-ай, 
Істің бәрі күмән-ай, 
Баспақ, тана жиылып, 
Пәни болған, заман-ай. 
Құл-құтандар жиылып, 
Құда болған, заман-ай. 
Азаматын құлатып, 
Ел толыққан, заман-ай. 
Мына заман қай заман,
Толқып жатқан заман-ай. 
Арғымақ жалсыз, ер малсыз, 
Алланың аманаты болған жан 
Қалай алар болжалсыз [138,50 б.]. 
Дулат ақын (1802-1874) өз толғауында: 


11 
“Қарызға кірген жақсылар 
Ашылмасын көзің”,– деп, 
Сол себептен қорқамын 
Заманақыр болар деп. 
Енді мынау сұм заман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет