Ақырзаман кітабының



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата17.11.2022
өлшемі495,03 Kb.
#50751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
 
 
 
 
 
 


15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Сүлеймен Бақырғани ХІІ ғасырда Қарахан мемлекеті тарих сахнасынан кетіп, Түркістан мен 
Мауреннахр аймағының түркілері қарақытайлардың шапқыншылығына ұшыраған аласапыран 
кезеңде өмір сүрді.
С. Бақырғани – ұстазы Қожа Ахмет Ясауи түрік әдебиетіне орнықтырған сопылық 
поэзияның көрнекті өкілі, жалғастырушысы. Сопылық ілім қасиетті Құран мен хадистерден бастау 
алады. Сопылар – Аллаға ғашықтығы арқылы Хаққа ұмтылған, кәміл мұсылмандық дәрежеге 
жеткен жандар. 
Ясауидің сопылық мектебінің өзіне тән ерекшеліктері: рухани жетілудің сатыларын 
(шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат) меңгеру, мүрид пен мүршид арасындағы байланыс, зікір 
арқылы Аллаға құлшылық ету, халуатқа түсіп, оқшаулану арқылы нәпсіні тиып, рухани күштерді 
жетілдіру.
Исламның гуманистік идеялары, негізгі қағидалары сопылық әдебиет арқылы қазақ 
халқының дүниетанымына, ой-санасы мен мінез-құлқына да әсер етті.
ХІХ ғасырдың соңындағы орыс шығыстанушылары мен кеңестік дәуірдегі зерттеушілер С. 
Бақырғанидың діни мазмұнды хикмет, дастандарының мәнін жоққа шығарды. Ақын 
шығармашылығы мен сопылық әдебиет туралы түрік, өзбек, орыс, қазақ ғалымдарының зерттеу 
еңбектерін қарастыру барысында Т. Кәкішевтің: “Революцияға дейін шығарма жазған 
авторлардың құдай мен пайғамбарды ауызға алмағаны кемде-кем. Олардың бәрін бірдей мансұқ 


16 
ету, даттау, керітартпашыл деп тану әмәнда орынды бола бермесін ойлағанымыз жөн”,– [146,127 
б.] деген пікірі басшылыққа алынды.
“Хакім Ата кітабы” – Сүлеймен Бақырғанидың төл шығармасы емес, ғұлама жайлы 
жазылған аңыз-хикаяттардың жинағы. 1878 жылы Қазанда жарық көрген “Хакім Ата кітабының” 
толық нұсқасы алғаш рет түрік тілінен қазіргі тілімізге аударылды.
Сүлейменнің білім алуы, даналығы, рухының бекемдігі, “толық мүрид” дәрежесіне жетіп, 
ұстазының батасымен “Бақырған” жерін мекен етуі, әулиелік керемет қасиеттерімен Боғраханның 
қызы Әнуарға үйленіп, үш перзент көруі, пендешілігінің салдарынан қайтыс болғаннан кейін 
қабірінің қырық жыл бойы су астында жатып, күнәсінен арылуы т.б. қиял-ғажайып оқиғалар 
араласа келген, кейіпкерлері туралы бірден-бір толық мәлімет беретін туынды.
Хикаят мазмұны кейіпкерлер диалогі мен баяндаулар арқылы берілген, проза және поэзия 
үлгісінде жазылған шығарма.
“Хакім Ата кітабы” – аса ғибратты, өнегелік тағылымы өте зор, қазір де рухани құндылығын 
жоғалтпаған мәңгілік мұра.
С. Бақырғанидың кітаптары ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында діни мектеп, 
медіреселерде оқулық ретінде қолданылған. Бір ғасырдан астам уақыт түрік халықтарын, соның 
ішінде қазақ шәкірттерін де сопылық поэзия нәрімен сусындатып, рухани қажеттілігін өтеген.
“Бақырғани кітабы” – бір ғана автордың қаламынан тумаған, ХІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында 
өмір сүрген түрлі ақындардың діни-сопылық өлеңдері мен қисса-дастандарының жинағы.
Диссертацияда С. Бақырғанидың төл шығармалары екі топқа бөлініп, хикмет-өлеңдері мен 
қисса-дастандары деп жүйеленіп талданды.
Ақын шығармалары тақырып жағынан исламның шарттары, оларды мүлтіксіз орындауға 
уағыздау, сопылықтың негізгі сатылары, сопы-дәруіштердің сипаты, жаратушы Аллаға деген 
сүйіспеншілік, Мұхаммед пайғамбарды дәріптеу, дидактикалық сарындағы өлең-хикметтері 
болып жүйеленді.
С. Бақырғани туындылары арасында Нәпсі мен Рух, Ібіліспен айтыс, Ұжмақ пен Тамұқ 
таласы сияқты айтыс үлгілері кездеседі. Жинақтағы ақынның ұстазы Қожа Ахмет Ясауиге, Қызыр 
Ілиясқа, Аллаға арналған өлеңдері талданды.
Ақынның имандылық, ізгілік туралы, білім алуға, сабыр мен төзімділікке шақырған, 
нәпсіқұмарлықты, дүниеқоңыздықты, менмендікті, тәкаппарлықты сынаған және өмірдің 
өткіншілігі жайлы ой-пікірлері ХV-ХХ ғасырлардағы кейбір ақын-жыраулар шығармаларында да 
жалғасады. Бұл жайлар зерттеу еңбегімізде жан-жақты талданды. 
Ежелгі дәуір әдебиетіне тән шығарманың Аллаға мадақ айтудан бастап, әрбір туынды 
соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты 
асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да көрінеді.


17 
Шығыс әдебиетіне кең тараған нәзира дәстүрі, қисса-дастан жанрларының қайнар көзі Х-ХІІ 
ғасырлардағы ислам дәуіріндегі әдебиеттен, атап айтқанда, С. Бақырғани шығармашылығынан 
бастау алады.
“Бақырғани” жинағындағы Сүлейменнің “Расул Миғражы”, “Исмайыл қиссасы” және 
Шәмсіддин, Ғұбайдолла, Хытаи сақы сияқты авторлардың қисса-дастандарының желілері Құран 
сюжеттерінен алынған.
Бұл қисса-дастандардың басты кейіпкерлері: Мұхаммед және басқа пайғамбарлар, 
шадиярлар, Мұхаммедтің әйелі – Айша, қызы – Фатима, жиендері – Хасен мен Хұсайын т.б.
“Бақырғани кітабындағы” қисса-дастандар желісімен ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың қиссашы-дастаншы ақындары Жүсіпбек 
Шайхисламұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ақылбек Сабалұлы, Шәді Жәңгірұлы, Ерімбет 
Көлдейбекұлылар туындылар жазған. Бұл ақындардың барлығы шығармаларының өз кезеңіндегі 
оқырмандарға түсінікті болуын көздеді.
Біз бұл жұмысымызда қазақ әдебиеті тарихында бірді-екілі зерттеушілердің еңбектерінде 
ғана сөз болған, әдеби айналымға енбей жүрген Сүлеймен Бақырғанидың “Бибі Мариям” және 
“Ақырзаман” дастандарының да мазмұнын, ой-түйінін пайымдауға тырыстық. Бұл шығармаларда 
да жаратушы Алла-тағалаға құлшылық ету, Иса және Мұхаммед пайғамбарлардың Хаққа шексіз 
сенімі, өз жақындарынан гөрі үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталады.
“Бибі Мариям” дастанында Исаның анасы Мариямға қайтыс болған соң, Алла оның өзіне 
деген сенімін, ұдайы жасаған құлшылығын ескеріп, жұмақ төрінен орын береді. 
Ақырзаман сарыны Сүлеймен Бақырғанидың, оның ұстазы Қожа Ахмет Ясауи 
шығармаларынан бастау алып, қазақ әдебиетінде кеңес дәуіріндегі әдебиетке дейін жалғасып 
жатыр. Ақырзаман көріністері, адам баласының пейілінің бұзылып, азып-тозуы, өздері өмір сүрген 
заманға көңілі толмау, жамандық атаулының бәрін ақырзаманның жақындауы деп ұғынуы сияқты 
ой-пікірлер қазақ ақындарының әсіресе зар заман поэзиясының өкілдері Шортанбай, Дулат, 
Әбубәкір шығармашылығында ерекше көзге түседі. Заман ақырының таяп келе жатқандығымен 
қорқыту арқылы елді имандылыққа, тәубеге, Аллаға құлшылық етуге шақырады.
С. Бақырғани да ұстазы Қожа Ахмет Ясауи сияқты шығармаларын жергілікті оғыз-қыпшақ 
тайпаларының ана тілінде жырлады, түрік тілінің мәртебесін асырды, ғасырлардан ғасырларға 
жалғасып сақталуын қамтамасыз етті. Өлең өлшемдері де түріктерге тән ұйқас пен 8, 11-12 буынды 
үлгілерде жазылды. 
Біздің зерттеуіміз әдебиеттегі сопылық ағымның ерекшеліктері мен оның көрнекті өкілінің 
бірі Сүлеймен Бақырғани (Хакім Ата) мұраларының ғылыми кеңістіктегі орнын анықтап, осы бай 
жәдігерліктің көркемдік қасиетін ашып көрсетуге арналған. Бағзыдан жеткен баба жырларының 
салтанатты шеруі енді басталды деп санаймыз. Ақын мұрасы – қазақ әдебиетінің асыл қазынасы.


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет