Ақырзаман кітабының



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата17.11.2022
өлшемі495,03 Kb.
#50751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тажал шығып, дінді бұзғай,
Қылышынан қан тамызғай, 
Мұсылмандар анда тұрғай, 
Сол малғұн тәңірмін деп, 
Дау қылса керек-ті. 
Мәди шығып жолығысқай, 
Мұсылманның басын қосқай, 
Тажалменен ұрысқай,
Тап тұтылмай, Мәди қашып, 
Пайғамбардың көрін құшқай, 
Көрден Ғайса деп, 
Әуез шықса керек-ті. 
Аспаннан Ғайса түскей, 
Мәдименен көріскей, 
Тажалды өлтіріп, 
Ғайса үкімі онда болып, 
Мәдиді иман қылса керек-ті,– [135,238-239 бб.] 



деп суреттейді. С. Бақырғани дастанында: 
Меһди шығып Мекке таба сапар қылғай, 
Мұхаммед рузасына жүзін сүрткей, 
Рузадан әуез шығып, Ғайса дегей, 
Одан артық тағы ғажап таңдары бар, 
Иса енгей тамам түгел тоғыз жүзде, 
Дажалды өлтіргейлер білің анда, 
Меһдиді имам қылғай Иса анда, 
Одан артық тағы ғажап таңдары бар,– [134,4-5 бб.] 
 
деген жолдардан екі үзіндінің үндестігі аңғарылады. 
Тоғыз жүзде Даббатул-арз (аң) шығып, Құран көтеріліп, Мұхаммед үмбеттері 
налынатындығы, Исрафил Алла пәрменімен сүрін ұрғанда, жер-көктің арасында тірі жандар 
қалмай, Әзірейіл өз жанын өзі алып, Алладан өзге ешкім қалмайтындығы суреттеледі. 
Қырық жылдан соң Исрафил сүрін екінші рет ұрғанда, пенделер жер-жүзіне шығып, барша 
жандар тәндеріне кіріп, Адам баласы жас нәрестедей бас көтеріп, Уған (Алла) қазы болып, үкім 
қылатындығы баяндалады. 
Дастанда “Алланың сүйікті досы, он сегіз мың ғалам пақыры” Мұхаммед пайғамбар ерекше 
сүйіспеншілікпен суреттеледі. Махшар алаңында Жебірейіл бастап келген періштелер, Мұса 
кәлим бастап келген мұрсалдар, Адам Ата – баршасы Мұхамедке тәуап қылып, құрмет көрсетеді. 
Әбужаһил тамұқ азабын тартқандығын айтып, пайғамбардан мейірім тілейді.
Мұхаммед пайғамбардың ата-анасына көрсеткен ізет-құрметі үлгі етіледі. 
Мұхаммед анасына тағзым қылғай,
Анасының мойнын құшып ана дегей, 
Кішкентайдан жетім қалдым сенен дегей, 
Мұхаммед Абдумүтәлібке бабам дегей, 
Махбұб (сүйікті) жандар көріп ғибрат алғай, 
Малаиктер, пайғамбарлар шадман болғай, 
Одан артық тағы ғажап таңдары бар [134,8-9 бб.]. 
Мұхаммед Алладан үмбеттерінің күнәләрін кешуін сұрайды. Алла тағала сүйікті досына 
мейірім етеді. 
Үмбетіңе тамұқ харам қылдым дегей, 



Райхан атты бостандарды бердім дегей, 
Парыз тұтқыл көңіліңді, достым, дегей, 
Одан артық тағы ғажап таңдары бар [134,14 б.] 
Дастан соңында Мұхаммед барша Махшар халқын жұмаққа бастайды, хор, ғылмандар қарсы 
алады, барлығын сегіз ұжмақ нұрымен нұрландырады. Халық ауыз әдебиетіндегі батырлық 
жырлар мен ертегілердегідей дастан соңы жақсылықпен, Мұхаммед үмбеттерінің жұмақтағы 
мамыражай тіршілігімен бітуі ақынның Хақ жолындағы мұсылман қауымды Алланың 
жарылқайтындығына деген қапысыз сенімін білдіреді. 
Шәріп Амантай “Қазақ поэзиясында ұлттық идеяның көркем бейнеленуі: генезисі, 
эволюциясы және трансформациясы” деген зерттеу еңбегінде Шортанбай өлеңдерінің сопылар 
поэзиясымен сабақтастығының себептерін ұтымды дәлелдейді: “Сонымен, Шортанбай 
шығармаларында қоғам өміріндегі жаттыққа толы жаңалықтардың, дауасы жоқ дерттердің түп-
төркіні де ашық аңғартылады. Ол – Ресейдің империялық саясаты. Егер Ясауи заманында 
Қарахандар мемлекеті тарих тұғырынан тайып, соның соңынша Түркістан мен Мәуреннахр 
аймағының түркілері қарақытай-қидандардың басқыншылық тауқыметін тартып, тым-тырақай 
тозғындаса, Шортанбай кезеңінің кескін-келбеті де осы құралыптас. М. Әуезов зар заманның 
көрнекті ақынын сопылардың “өз мүриті” деген де бір себептен сол орайластықты меңзеп отыр” 
[137,121 б.]. 
Шортанбай “Заман ақыр” өлеңінде қылдай жіңішке, ұзындығы үш мың жылдай сират 
көпірінен өтер пенделер халін суреттейді. Мұнда да үмбеттері үшін зар жылап, Хақтан кешірім 
өтінген шапағатшы Мұхаммед пайғамбар бейнесін көреміз. Құрбандыққа шалған қойың өзіңді 
арқасына салып көтеріп ұшады дейді. Өлеңде одан әрі бейіш пен дозақтың сипаты көрініс табады. 
Сүлеймен Бақырғани дастанда қиямет күнінде Исрафил сүрін алғаш рет ұрғанда, тіршілік 
иелерінің бәрі өліп бітіп, Әзірейіл өз жанын өзі алатындығын айтса, Шортанбай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет