Ақырзаман кітабының



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата17.11.2022
өлшемі495,03 Kb.
#50751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2018 4. Матбек Н. Монография

Келе жатыр жақындап. 
Тез-тез өтіп барады
Жаз бен қыстың арасы,– [139,119 б.]
 
деген өлең жолдары арқылы өзгерістердің тууын ақырзаманның жақындауы деп түсінеді. 
М. Әуезов “Әдебиет тарихы” деген зерттеуінің VІІ бөлімі зар заман ақындарына арналған. 
“Зар заманның орта буынынан бері қарай дін сарыны біздің әдебиетте жылдан жыл өткен сайын 
үлкенірек орын алады. Басы Шортанбайдан басталған діншілдік, ХІХ ғасырдың аяғына келгенде 
толып жатқан дін қиссаларына келіп соғады”, – [87,212 б.] деген тұжырым жасайды. “Зар заман 
ақындарының ішінде дін сарынын шығарып, дін мейманалығын көп ұсынатын” ақын ретінде Ы. 
Алтынсаринды атайды. Бұған педагог-ақынның: 
Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым, 
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын,– [140,10 б.] 
 
деп басталатын “Өсиет өлеңдері” дәлел. “Өмір деген бес күндік кетер өтіп” деп, бұл фәнидің 
жалғандығын ескертіп, тірлікте адам баласын бір-біріне қарасып, көмектесуге шақырады. Дәуіт 
тоба қылады, содан соң отыз ұлына татыр Сүлеймен патша туды дейді. 
Ескендір мәңгі суын әкелуге уәзірі Қыдыр Ілиясты жұмсайды. Бір адамға жолығып, жөн 
сұрасады. Ол өлмеске талап етіп, суды ішіп, неше жыл өмір сүріп, өз жаны мен денесінен өзі безіп, 
құдай-тағаладан өлім сұрап, осында келген екен. Қыдыр Ілияс суды Ескендірге алып барады, су 
Ескендір аузына бармайды. Әйіп пайғамбарды сегіз жылдан мың құрт жейді, қанша қиындық 
көрсе де сабыр етеді. “Дана болсаң, кем адамды қорлама, бай болсаң да, бір құдайды ұмытпа, бенде 
болсаң, бейшараны ренжітпе”, – деген өсиет сөздермен ақын өлеңдерін аяқтайды. Ы. 
Алтынсаринның бұл өлеңі де дәстүрлі Құран сюжеттерінен алынған, бұл дүниеде астамшылық, 
менмендік жасамауды, не қиындық көрсең де, төзе біліп, сабырлық етуді, кәріп-бейшараларға 
қайырымдылық жасауды уағыздайды.
Ер болған сиыр бағып Зеңгі баба,


12 
Пір болды түйешіден Ойсыл қара, – [140,11 б.]
 
деп ақын қазақ халқының аңыз-әңгімелерінің кейіпкерлерін жырға қосады. Наушеруан 
патша діні кәпір болса да, әділдігі үшін дозаққа жағылмады. Қарынбайды қайырсыздығы үшін жер 
жұтты деп, Құранның 28-сүресінде айтылатын Қарунның сараңдығы, дүние құмарлығы үшін Алла 
қаһарына ұшырап, жер жұтқандығын айта отырып, Қарынбай бойындағы қасиеттерден аулақ 
болуға шақырады. Халық арасына кең тараған аңыздарды Ы. Алтынсарин дидактикалық мән бере 
түсіндіреді, өзінің педагогтік мақсатына орай пайдаланады.
1934 жылы Ілияс Жансүгірұлы ақын Асан Барманбекұлының 14 өлеңін жинап, “Ақырзаман” 
деген атпен басып шығарады. “Социалды Қазақстан” газетінде (1935, 22 январь) кітап жайлы 
хабарлама жарияланады. Газетте І. Жансүгірұлының мынадай пікірі келтірілген: “Асан 
төңкерістің алдындағы заманда кезіккен ру-бектік қалыптағы ескі ауылдың тілі болған, өзінің 
айтуынша, “ақырзаман ақыны”. Мұның жазған өлеңінің басынан аяғына шейін түңілу, тоқырау 
сыры бейім. Асан өзінше баяғы елдің “өзбек заманы”, “кең заман”, “еркін заман”, “өзбектен кейінгі 
орыс патшасының қол астына қарағаннан бастап, тар заман туып, зар заман басталды.” Сондықтан 
Асан өлеңінің басы да, аяғы сыдырғы, бір ізде отыратын. Байымсыл жылаудың, күні өткен, үміті 
біткен ақынның сарыны болып шығады. Бұл – екінші Асан қайғы”, – [141] дейді. 
Албан Асан өлеңдері де қазақ арасына кең тараған. Өз дәуірінде ақын шығармаларындағы 
ойларын заманның болашағын болжайтын әулиелік, көріпкелдік деп санаған. “Аспаһанның 
асылы” деген өлеңінде: 
Билерден кетіп әділет,
Байлардан кетті шапағат,
Пақырдан кетті қанағат. 
Молдалардан кетіп: 
Намаз, құран, таһауат.
Қайсы бірін айтайын 
Заман мынау болғаны 
Мінекей енді шын болды. 
Құдайға тоба қылыңдар,
Жамандық тастап, азамат, 
Түзу жолға бастағай, – [142,61-62 бб.] 
деп, елден әділет, мейірімділік, қанағат сияқты қасиеттердің жоғалуы ақырзаманды 
жақындатады деген түйінді айтып, жамандықтан арылу үшін, Құдайға тоба қылып, құлшылық 
етуге уағыздайды.


13 
М. Мырзахметұлы “Түркістанда туған ойлар” деген еңбегінде: “Сопылық танымның қазақ 
даласындағы ең соңғы соғылған қоңырау үніндей Албан Асан Барманбекұлының өлеңдерімен 
аяқталады. Бұған айғақты дәлел – сопылық жөнінде тоқталатын өлең жолдары”, – [33,13 б.] деген 
қорытынды жасайды. 
1916 жылы Алматы облысы Кеген ауданында елу жасында өмірден өткен, елін, жерін шексіз 
сүйген ақын Албан Асан жырлары оқырман қауымға кеңес дәуірінде кең танылмады.
Зар заман сарыны XV-XІX ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясынан да әріден, X-XІІ 
ғасырлардағы ислам дәуірінен бері қарай ұласатындығы байқалады. “Тар заман,” “зар заман,” 
“ақырзаман” тақырыбы ақын-жырауларды қатты толғандырған.
Қазақтың “Нострадамусы” атанған Мөңке би: 
Жақсының атағы кетіп, азабы қалар, 
Ақылы жоқ санасыздың заманы болар. 
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар, 
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалар, – [122] 
деп жырлады. Абай ақырзаман жастары жөнінде:
Заманақыр жастары 
Қосылмас ешбір бастары. 
Біріне-бірі қастыққа 
Қойнына тыққан тастары, – [93,129 б.] 
деп, олардың алауыздығын, өсер елдің баласына жат осындай қылықтарды сынайды. 
Ал Нұржан Наушабайұлы (1859-1919) ақырзаман адамының келбетін былайша сипаттайды:
 
Ақырзаман адамы аласа туады, 
Аласа болса да, тамаша туады, 
Қулық - сұмдықты ойлай туады , 
Жамандыққа бойлай туады, 
Итере салсаң жығыла қалады, 
Тұра сала жармаса қалады [143,54 б.]. 
Омарұлы Бауыржан өзінің зерттеу еңбектерінде қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымын 
қалыптастырған үш бастау бұлақты атап көрсетеді: бірінші – ежелгі дәуір әдебиетінен басталатын 
заманға наразылық мотиві; екінші – Асан қайғыдан басталатын болжам өлеңдер; үшінші – 
ақырзамандық сарын [144,110 б.]. 


14 
Х. Досмұхамедұлы қазақ әдебиетінің негізін құрайтын халық әдебиетін мазмұны жағынан 
жіктей келе, солардың қатарында болжал өлеңдерді (предсказывательные песни) және діни 
сипаттағы әдебиетті (литература религиозного характера) атап көрсетіп, талдау жасайды. “Болжал 
әдебиеттің негізгі мазмұны қазақ халқының болашақ тағдыр-талайы болып табылады. Жер тозады, 
жайлау тарылады, ауа райы қаталданады, адамдар кедейленеді, мінез-құлық өзгереді, жаман 
ғадеттер молаяды, бір сөзбен айтқанда, қазақ елі, жері өзгеріп, азып-тозады. Аталған ауыр 
күндердің хақтығын болжай отырып, халық өз басындағы жаман ғадет, қасиеттерден арылмаса, 
бұдан шығар жолдың жоқтығын, болашақта құлдық пен құру күтіп тұрғанын жырлайды”,– [145,22 
б.] деген ойды түйіндейді. Болжал өлеңдердің басында Асан қайғы тұрғандығын атайды.
“Діни сипаттағы әдебиет ісләмнің негіздерін, шариғаттың қағидалары мен талаптарын
тамұқтың азабын, жұмақтың рақатын және басқа о дүниелік өмірдің көріністерін суреттейді. 
Мұхаммед пен оның серіктерінің өмір-жолдарын баяндау да бұл әдебиетте ерекше орын алады. 
Әсіресе Әли Халифа мен оның балалары Хасен, Хұсайын туралы өлең-хикаялар мол” [145,29 б.] 
екендігіне назар аударады.
Ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алатын ақырзаман сарыны Қожа Ахмет Ясауи 
хикметтерінде айқын көрініп, Сүлеймен Бақырғанидың ұстаз үлгісін темірқазық етіп ұстанған 
бүкіл шығармашылығында, әсіресе “Ақырзаман кітабында” жалғасады. Бақырғани діннің 
қағидалары арқылы адамгершіліктің асыл мұраттарын, ізгі ой ниеттерін ұғындырады.
Ақырзаман сарыны ғасырдан-ғасырға жалғасып, қазақ әдебиетіндегі зар заман поэзиясына 
ұласты. Ақырзаманды жырлау, яғни болып жатқан өзгерістерді ақырзаманның таяғандығымен 
байланыстыру тақырыбы зар заман ақындарының ерекшелігі болып қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет