Ақырзаман кітабының



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата17.11.2022
өлшемі495,03 Kb.
#50751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2018 4. Матбек Н. Монография

Құл Сүлеймен тағат қылғыл, ғафу қылғай, 
Ахыратда тағат бірлан рахым қылғай,– [134,16 б.] 
деп, бұл шығарманың авторы Құл Сүлеймен екендігі айтылған. 
Е.А. Малов жоғарыда аталған мақаласында 1889 жылы Қазанда жарық көрген Мүскін Әли 
Шүкіри деген автордың “Замму назир кітабы” атты еңбегінен “Ақырзаман кітабы” туралы 
мәліметтерді келтіреді. Мүскін Әли: “Ай, йаранлар, бұ китабни тасниқ қылған Құл Сүлейман диуб 
бизка масмұғ булған, Бақырғани диуб мұнда машһур булған”,– [19,26 б.] деп бұл кітапты жазған 
Құл Сүлейменнің мұнда Бақырғани деген атпен белгілі болғандығын мәлімдейді. “Тақи ғажап” 
яғни “Ақырзаман” кітабының авторы ретінде шамамен 1730-1815 жылдары өмір сүрген татар 
ақыны Ғабдурахим молданы, “Отыземен” ауылының тұрғыны, санаушылар болған. Бірақ кітапта 
араб, парсы сөздерімен бірге кездесетін көне түркі тіліндегі Уган (құдай), чағыр (шарап) сияқты 
сөздердің болуы кітаптың ХVІІІ-XІX ғасырларда емес, көне заманда жазылғандығын дәлелдейді. 
196 тармақтан тұратын дастанның мазмұндық желісі төменгідей оқиғаларды құрайды: 
– Ақырзаман белгілері; 
– Тажал мен Меһдидің күресі; 



– Махшар күні; 
– Мұхаммед пайғамбардың өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы. 
Ақырзаман белгілері жайлы өлеңдер Қожа Ахмет Ясауиден бастап С. Бақырғани, Мөңке би, 
қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясы мен зар-заман ақындарына ұласып, кеңес дәуіріне 
дейінгі әдебиетте Албан Асан Барманбекұлының “Ақырзаман” жинағына енген өлеңдерімен 
аяқталатын тәрізді. Тегінде ақындар өздері өмір сүрген заманның келеңсіз құбылыстарының бәрін 
ақырзаманның жақындауы деп түсінген. 
Қожа Ахмет Ясауи 28-хикметінде: 
Әулиелер айтқан уәде келер болғай, 
Қияметтің күні жуық болды, достар,
Ақылды құлдың болғанын білер болғай, 
Ел-жұрттан мейір, шапағат кетті, достар. 
Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті... 
Ақырзаман ғалымы залым болды, 
Ізгі тілегін үзбеген залым болды, 
Алланы айтқан дәруіштің жолы болды, 
Ғажап сұмдық замана болды, достар,– [48,61 б.] 
деп толғанды. Сүлеймен Бақырғани ұстазының бұл ойларын “Ақырзаман” дастанында 
былай деп жалғастырады: 
Замана ақыры болса, нелер болғай, 
Дүниеге түрлі-түрлі бәле толғай, 
Ғалымдар чағыр ішіп, зина қылғай... 
Сейітзада ғалымдар чағыр ішкей, 
Халал қойып, харам іске харис (құмар) болғай, 
Бахиллар (надандар) харам бірла харис болғай, 
Көп қатындар ерлеріне харам болғай, 
Ислам білмес бадбахытлар (бақытсыздар) шадман болғай, 
Мүміндердің ұлы-қызы есер болғай, 
Кәпірлер ұялмай, мен-мен дегей, 
Одан артық тағы ғажап таңдары бар [134,2-3 бб.]. 
Шортанбай “Зар заман” деген өлеңінде: 



Таңда мақшар болғанда, 
Таразыны аударар 
Зәлімнің қылған күнәсі, 
Әлімнің қылған зинасы [135,233 б.] 
деп, Сүлеймен Бақырғани ойларын қайталайды. 
Сексен мың жуһуд пірі болған Тажал шығып, Румға, одан Хорасанға сапар шегіп, Меһдимен 
Бағдад түбінде ұрыс қылғандығы, көктен Иса пайғамбар еніп, Тажалды өлтіргендігі, йажуждар 
(дінсіз тобырлар) шығып, Иса мен Меһди Тур тауына асып, әуеден құстар ұшып, тас атып, 
йажуждарды жоқ еткендігі айтылады. 
Л.И. Климович “Құран туралы кітап” атты зерттеуінде ислам демонологиясында 
қорқынышты тірі жан – Тажалдың барлығына сенетіндіктерін зерделейді. “Ол діни ілімге сәйкес 
мұхиттың ортасындағы ешкім тұрмайтын аралдағы төбеге шынжырмен байланып тасталған, оны 
онда жындар асырап және күзетіп тұрады. Ақырзаман болар алдында Тажал босанып, жер 
бетіндегі өзінің қысқа, бірақ барып-тұрған қырып-жоятын қатал патшалығын орнатады. Осы кезде 
ғана төртінші көктен түсетін Иса ибн Мариям жалғыз өзі немесе Махдидің – Алланың басқа да 
“игілікке жолдаған тіршілік иесінің” көмегімен Тажалдың бүлдіргіш патшалығын жойып, жер 
бетінде исламның тазалығы мен күшін қалпына келтіреді” [136,155 б.]. 
Бұл оқиға Шортанбай ақынның (1818-1881) “Заман ақыр” өлеңінде де көрініс табады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет