Аитв диагностикасы мен клиникасы


АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі



бет3/5
Дата19.04.2023
өлшемі408,53 Kb.
#84059
1   2   3   4   5
Байланысты:
вич през

АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі

  • Адамдарды АИТВ-инфекциясына міндетті құпия медициналық зерттеп-қараудың алдында консультация беру бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігер немесе маман тестілеуге дейінгі консультация жүргізеді, қан алуды жүзеге асыратын медициналық ұйымның тестілеуге, консультация беруге және дербес деректерді ақпараттық жүйелерге енгізуге хабардар етілген келісімді ала отырып, тестілеуге дейінгі консультация береді.

 Ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ- инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібі екі кезеңнен – бірінші және растаушы кезеңнен тұрады.

  •  Бірінші кезең: бастапқы зерттеу (бұдан әрі – Т1) кезінде диагностикалық сезімталдығы 100% (сенімгерлік интервалдың 95% төменгі шегі – кемінде 99%) тест-жүйелерді пайдалана отырып, бір мезгілде бірінші және екінші типтегі АИТВ антиденелері және р24 вирустық антигені иммуноферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ) немесе иммунохемилюминесценттік талдау (бұдан әрі – ИХЛТ) әдісімен немесе, электрохемилюминесценттік талдау (бұдан әрі – ЭХЛТ) әдісімен айқындалады; осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігімен расталған сезімталдығы мен ерекшелігі бар төртінші буынның экспресс тестілерін пайдалана отырып, диагностикалық ерекшелігі – кемінде 99 % (95% төменгі сенім аралығы – кемінде 98%); 2 МЕ/мл-ден аспайтын талдамалық сезімталдық (р24 антигенінің ең аз мөлшері).

 Экспресс тесттің оң нәтижесі болған кезде медициналық ұйымдарда зерттеп-қаралушыдан әрі тексеруге ақпараттық келісім алғаннан кейін жеке куәлігін немесе электрондық құжат бойынша цифрлық құжаттар сервисінен АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдістерімен жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша зерттеулер жүргізу үшін қан алу жүргізіледі.

  •  Экспресс тесттің оң нәтижесі болған кезде медициналық ұйымдарда зерттеп-қаралушыдан әрі тексеруге ақпараттық келісім алғаннан кейін жеке куәлігін немесе электрондық құжат бойынша цифрлық құжаттар сервисінен АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдістерімен жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша зерттеулер жүргізу үшін қан алу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет