Аңыз-әңгімелер Домалақ ана кесенесі Нұрилә Әли Сыланқызы



бет6/7
Дата25.11.2023
өлшемі372,18 Kb.
#128174
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қтә 103 топ

(ЖҰМБАҚТАР)
Жұмбақ – адамның ой — өрісін , алғырлығын , білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 – ғасырдың 2 – жартысында басталып , 20 ғасырда одан әрі жалғасты . Қазақ фолкьлоры мен ауыз әдебиетін жинақтап алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уалиханов сондай – ақ ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында жұмбақтарға арнайы тоқталған екен .
1.Санасаң , бір үйде төртеуі бар ,
Қаласаң , ауызды өртейтін нәр. (Бұрыш)
2.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Кеңпейіл де арайлы
Осы жерден тарайды . (Дастархан)
3.Таба алмай оң менен солыңды
Адассаң қапылыста
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды
Шығысқа және Батысқа . (Компас)
4.Өзі алып кемедей ,
Дауылдан ықпайды .
Су шашып , телегей
Мұхиттан шықпайды . (Кит )
5.Маған да , саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы , солға оқы ,
Өзгермейді еш одан ,
Бәрі де өз туысың
Айтады кәне кім атын ? (Ата , Ана , Апа , Аға , Іні)
7.Құлағы бар қалқиған,
Аузы бар аңқиған
Шығып алып ерте кеш
Төрт аяққа талтиған
Қыздырады жалынға
Дәу қарынын қампиған. (Қазан)
8.Қауын қарбыз дей алмайсың
Піскенмен жей алмайсың
Жарғаныңмен қап қатты
Ал асқанда тәп тәтті. (Асқабақ)
9.Бір жыланды таяққа іліп алдым
Ерге қона пайдасын біліп алдым . (Қамшы)
10.Бірінің ізін бірі басады
Біріне жеткізбей , бірі қашады . (Машина дөңгелектері)
11.Бірі үй күзетіп қалса да
Бірі жүрер қалтада. (Құлып пен кілт)
12.Ойдың аяқталуын күтпейді
Оны қойсаң , сөйлем бітпейді . (Үтір)
13.Тіріден өлі туады
Өліден тірі туады . (Жұмыртқа)
14.Алыстан көрсем ақ тас
Жақыннан көрсем дәмді ас . (Күріш)
15.Қозғалмай бір орнында қарап тұрар
Адамның қажетіне жарап тұрар
Қаншалық жәбір көрсе , сабыр етіп
Және де көбеймекке талап қылар. (Ағаш)
16.Бүтін сан , бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң , теріс сан бәрі осында. (Рационалды сандар)
17.Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан. (Натурал сан )



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет