Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Т/Ж
10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
А/И
10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау
«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және танысқан мәтіндері бойынша тапсырмаларды орындайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.
Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау.
Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.
Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.
Сілтемелер табушы – оның міндеті әңгіменің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.
Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу.
Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.