Аж-02-24 тобының ата-аналар отырысы Топ тәлімгері: Турлыбекова Б. К. Хатшы: Жарылкасинова А. М. Қатысушылар



Дата03.10.2024
өлшемі366,89 Kb.
#146725
Байланысты:
№3 хаттама


М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі

Хаттама № 3


10.09.2024 жыл




АЖ-02-24 тобының ата-аналар отырысы


Топ тәлімгері: Турлыбекова Б.К.
Хатшы: Жарылкасинова А.М.
Қатысушылар: ата-аналар -24




КҮН ТӘРТІБІНДЕ:



  1. Оқу тәрбие жұмысын арттырудағы жаңашылдық

  2. Балалардың қауіпсіздігі ата-ананың ортақ борышы

  3. Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу міндет

  4. Әр түрлі мәселелер



ТЫҢДАЛДЫ:



  1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша топ тәлімгері Турлыбекова Б.К. сөз алды. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдында колледж бен ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Мұндай жағдайда оқытудың жаңа технологияларын студенттердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.

Колледжде отырған студент біреуге бала, ертеңгі ата-ана, маман басшы, тұтынушы сияқты әлеуметтік рөлдерді атқаратынын ескерсек, сутуденттерге сапалы білім берудің маңызының қандай екенін түсіну қиын болмайды. Коледж бітірген соң ұл, қыздарыңыз бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған сапалы ақыл көзімен қарай білсе, қорытынды жасап, өз көзқарасын, ойын сауатты да жан-жақты жеткізе білсе, міне, колледж берген білімнің сапасының айғағы! «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан басталады», - деп ұлы Абай айтқандай, бүгінгі жас ұрпақтың өрелі боп өсуі жақсы ана, жақсы атамен қатар жақсы ұстазға да тікелей байланысты. Жас баланың ақыл-санасы ұстаз алдында қалыптасады. Сонымен ерінбей еңбек етсең терлеп егер, тікен де гүлге айналып шыға келер – дегендей оқушыларға сапалы білім беруде жаңашылдық пен әдістемелік қызметті түрлендіре, жандандыра жүргізейік.

  1. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз. Тульбай Аружанның анасы Ақмарал ханым сөз алып, жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен жүргенін білуі керек. Колледжге кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал деп топ жетекшінің сөзімен келісті.

  2. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша “Ақпараттық жүйелер” бөлімінің меңгерушісі сөз алды. Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы деп сөзін жалғастырды. Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептерін ашып көрсетті:

  • Отбасындағы ақау тәрбие;

  • Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

  • жұмыссыздық;

  • баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

  • ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • Рухани құлазуы;

Колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік- деп сөзін аяқтады. Жиналысқа қатысқан ата- аналар бір ауыздан бөлім меңгерушісін қолдап, саналы ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келе жатқандарын алға тартты.

  1. Әр түрлі мәселелер бойынша топ тәлімгері Турлыбекова Б.К. сөз алды. Студенттерге қойылатын талаптардың негізгісі де күн тәртібінен түспейтіні тәртіп, тәрбие, сабақ оқу. Тәртіп есікке кіргеннен басталады, яғни кешікпей келу, киім үлгісін сақтау, жүріп-тұру, сөйлеу мәдениеті т.б. Сабақтан тыс уақытта да көшеде текке жүрмеу, рұқсат етілмеген жиындарға қатыспау, қоғамдық орындарда темекі шекпеу сонымен қатар, түнгі сағ: 22-00 ден кейін 18 жасқа толмаған балалар ата-анасынсыз жүруге болмайтындығын айтып түсіндірді. Сонымен қатар 36 сағат сабақтан себепсіз қалған студент оқудан шығарылатындығын айтты. Сонымен қатар топ студенттерін көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, колледжден тыс уақытты дұрыс ұйымдастыруын, тәртібін дұрыс болуын тапсырды. Ауырып қалған күндері анықтама әкелуін талап етті. Ата-аналар арасында төрайымдыққа ұсыныс тастап, Тульбай А.Н. анасы Жарылкасинова Ақмарал ханымды ата-аналар комитетінің төрайымы етіп сайладық. Ата-аналар бір ауыздан қолдады.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. Студенттерді оқу тәрбие жұмысында білімдерін арттырудағы жаңашылдық жұмыстары әрдайым ізденісте болуын ата- аналар мен ұстаздар талап етуді қадағалау

  2. Балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың негізгі міндеттеріне жүктелсін

  3. Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың себеп салдарларына ата-аналар мен топ жетекшісі үнемі түсіндіру жұмыстарын жасасын

  4. Колледждің ішкі тәртіп ережелері сақталынуын қадағалау

Топ тәлімгері: Турлыбекова Б.К.. ___________________
(қолы)
Хатшы: Жарылкасинова А.М. ___________________
(қолы)

1




















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет