Аж жобалау әдістері



бет3/3
Дата27.01.2023
өлшемі83,26 Kb.
#63310
түріПрограмма
1   2   3
Объектілік әдіс жобалауды (объектілік жобалау), функционалдық есептерді программалауды (объектілік программалау) жобалауға дейінгі талдау (объектілік талдау) үшін бір концепцияны қамтамасыз етеді.


Объектілік әдістегі концептуалды біртұтастылық (единство) базалық элементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Оларға: объект, кластар және мұралау қасиеттері жатады.


Абстракциялы объект үш бөлшектен тұрады: объект атауы, күйі (күй айнымалылары) және әдісі (операциялар).
Бірдей қасиетке ие объектілер калссты құрады. Әр класс өзінің сипаттамасымен беріледі. Кластың сипаттамасында айнымалы күйлер объектісінің мәндері сақталуы мүмкін. Яғни, бір кластың барлық объектілері үшін әрқашан бірдей болатын мәндер. Осындай айнымалылар айнымалы кластарды құрады.
Объектілік талдау пәндік аймақтың объектісін және олардың арасындағы байланысты ерекше айқындауға негізделген пәндік аймақты талдау әдісін береді.
ОБ жобалау объектілі декомпозиция процесі мен логикалық және физикалық деңгейлерде, сондай – ақ статистикалық және динамикалық формаларда жобаланатын жүйенің моделін ұсыну тәсілдерін байланыстыратын жобалау метдологиясы болып табылады.
ОБ технология дегеніміз ядросы объектілер мен олардың арасындағы байланыстар болып табылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеуге арналған инструменталды құрадар мен методологиялардың жиыны.

Объектілік әдістің қасиеттері:


  1. Мәліметтер мен оларды өңдеу процедураларының бір программалық модулге біріктірілуі. Бұл шынайы өмірдің объектілерін нақты модельдеуге мүмкіндік береді (инкапсуляция қасиеті). Аталмыш қасиет, программаның күрделілігін жеңілдетеді, модификациясыз программалық кодтың қайта қолдануын жібермейді, басқа фрагменттерге әсерін тигізбей кодты өзгертуге мүмкіндік береді т.с.с.

  2. Объектіден объектіге мәліметтер атрибуттары мен күй айнымалыларын мұралау және уақытша алу (мұралау қасиеті).

  3. Программада біркелкі шақырылғанымен объектінің уникалды реакциясы (полиморфизм).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет