АЖ жобалауды ұйымдастыру. АЖ канондық және типтік жобалау
АЖ тұрғызу методологиясы 3 негізгі компоненттен турады.
АЖ, жобалық және программалық шешімдерге қойылатын талаптарды сипаттау үшін модельдер жиынтығы. Әдетте әр модельде оның құрылымы (нотациясын) және оларды қолдану ережелері (синтаксис) болады;
АЖ тұрғызу үшін модельдер жиынтығын қолдану әдісі. Әдетте әдіс шектелген модельдер жиынтығын қолданады және құрылатын жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттау үшін оларды тұрғызу реттілігін анықтайды;
Жобаны жоспарлау, басқару және т.с.с. әртүрлі технологиялардан тұратын жобалық жұмыстарды ұйымдастыру процесі.
АЖ жобалау әдісінің екі түрі бар:
құрылымдық және объектілік.
Құрылымдық тәсілде функциялар моделі (көп жағдайда мәліметтер ағымы диаграммалары) мен мәліметтер моделі (көп жағдайда «сущность-связь» диаграммалары) жеке тұрғызылады.
Объектілік тәсіл мәліметтер (күй) мен әрекеттерді біріктіретін класс/объект түсінігіне байланысты модельдер жиынынан тұрады.
АЖ жобалау әдістерін анықтайтын басқада тәсілдер бар.
Соның бірі Н.Т. Клещев пен
А.А. Романов ұсынған тәсіл. Бұнда, әдістер:
құрылымды-функционалды, виртуалды (әмбебап), функционалды-технологиялық және объектілік деп шартты түрде топтастырылған.
Жобалаудың құрылымды-функционалды әдісі АЖ құрылымын берілген қолданушы функцияларын жүзеге асыру үшін олардың техникалық, жүйелілік және қолданбалы құрамын талдау мақсатында жеке ішкі жүйелер мен модільдерге бөлшектеуге (декомпозиция) бағытталған. Бұл әдістер дәлелденген алгоритмдер мен модельденген
есептерді кеңіненн қолданады, сондай-ақ, универсалды және арнайы жүйелерді, жеке машиналар мен құрылғыларды жобалауда қолданылады.