Аж жобалау әдістері



бет2/3
Дата27.01.2023
өлшемі83,26 Kb.
#63310
түріПрограмма
1   2   3
Виртуалды (әмбебап) әдістер автоматтандырылатын объектінің ұйымдастырушылық құрылымын көрсететін, есептеу процестері мен әрекеттесу каналдары құрылымының абстракциялық жиынын сипаттауға мүмкіндік береді.
Виртуалды деңгейдегі процестердің сипаттамасы жүйенің ішкі құрылымын анықтайды, бірақ процестер арасындағы программалық және ақпараттық өзара байланыстарды ескермейді.


Жобалаудың виртуалды деңгейі қарапайым есептерді немесе типтік мәліметтерді өңдеу операцияларына арналған АЖ кеңінен қолданылады.


Ал басқаруды ұйымдастыру функциялары үнемі өзгеріп отыруды жүзеге асыратын АЖ үшін қолданылатын әдіске функционалды-технологиялық жобалау әдісін жатқызуға болады.
АЖ-нің функционалды-технологиялық жобалау әдістері ұйымдастырушылық және басқарушылық функциялардың үздіксіз өзгеріп отыратын спекторларын талдауды қамтамасыз етеді.

Функционалды-технологиялық әдістер сипатталады:


  • АЖ архитектурасын және осы архитектурада жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық пен баскарушылық функциаларына жүйелі талдау және синтез жасау,

  • ұйымдастырушылық пен баскарушылық функциаларының динамикасын ескеруімен,

  • ұйымдастырушылық пен баскарушылық функциаларының өзара байланыстарын ескеруімен,

  • АЖ элементтері арасындағы физикалық және ақпараттық байланыстарды ескеруімен,

  • Құрылған АЖ сыртқы ортаман өзара байланысын ескеруімен.



Функционалды-технологиялық әдістің артықшылығы: АЖ құруда динамикалық типтік конструкторлық шешімдерді (типтік қолданбалы шешімдер, ақпаратты өңдейтін типтік операциялар мен типтік технологиялық ішкі жұйелер) қалыптастыру мен қолдануда болып табылады.

Типтік конструкторлық шешімдерді қалыптастыру мен қолданудың деңгейлері:


  • Концептуалды деңгей, жүйелік архитектураны талдау және синтездеу жүзеге асырылады,

  • АЖ функционалды объектілер деңгейі, АЖ құру және жетілдіру шешімдері қалыптарстырылады,

  • АЖ элементтері деңгейі, функциналданатын объектілердің программалық- техникалық инфраструктурасын құру.

Аналитикалық және аналитикалық-логикалық есептерді (валюта нарығы, фондтық биржалар, инвестиция рисксін бағалау, құнды қағаздар нарығының сұранысы мен ұсынысын болжамдау т.с.с.) шығаратын АЖ толық емес және анық емес ақпараттармен жұмыс жасайды. Осындай АЖ жобалауда объектілік әдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет