УДК 630.41
«Ақжaйық» мемлекеттік тaбиғи резервaты аумағындағы құстар дүниесіне мониторинг жасау
Бимұрза Жайнагүл Темірқызы
98.zhaina@mail.ru
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің магистранты
Бисенов Утепберген Кушербаевич
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Биология және ауылшаруашылық пәндері кафедрасының қауымд.профессоры, б.ғ.к.,
bisenovy@mail.ru
Замзамова Назерке Тасмұратқызы
nazok_95@list.ru
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Биология және ауылшаруашылық пәндері кафедрасының магистр, оқытушысы
Аннотация.
В данной статье представлены сведения о современном состоянии, территориальной зоне, животном и птичьем мире государственного природного резервата «Акжайык», расположенного вдоль Урала, г. Атырау. Характеризуется значение заповедника в охране особо охраняемого, разреженного или занесенного в Красную книгу мира живой природы.
Annotation.
This article presents information about the current state, territorial zone, animal and bird world of the state natural reserve "Akzhayyk", located along the Urals, Atyrau. The significance of the reserve in the protection of specially protected, sparse or listed in the Red Book of the world of wildlife is characterized.
Кілттік сөздер: биологиялық әртүрлілік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, биосфералық резерваттар, тұрақты даму, жануарлар дүниесі, Қызыл кітап.
Ключевые слова: биологическое разнообразие, особо охраняемые природные территории, биосферные резерваты, устойчивое развитие, животный мир, Красная книга.
Key words: biological diversity, specially protected natural territories, biosphere reserves, sustainable development, wildlife, Red Book.
Резерват (лат. reservatum сақталған, reservare сақтау) - табиғи байлықтарды (жануарлар мен өсімдіктер) сақтауға бағытталған, Үкіметтің ерекше қорғауында болатын, бір түр немесе түрлер тобы немесе бүкіл табиғи кешен ерекше қорғалатын аумақ. Резерваттар қорғалатын аумақтың түрі бойынша ерекшеленеді: табиғи, теңіз, батпақты, ботаникалық, зоологиялық, аңшылық және басқалар. Табиғатты қорғауды ұйымдастыру әдісіне сәйкес биосфералық резерват пен ресурстық резерват ерекшеленеді.
Биосфералық резерват - табиғат пен адамның теңдестірілген өзара іс-қимылын, қоршаған ортаның тұрақты даму тұжырымдамасын көрсетуге арналған аумақ. Биосфералық резерват мәртебесін ЮНЕСКО береді. Үш аймақтан тұрады: ядро (ерекше қорғалатын табиғи аумақ), буферлік аймақ және ынтымақтастық аймағы (мұнда адам мен табиғаттың теңдестірілген өзара әрекеті көрсетілген).
«Ақжaйық» мемлекеттік тaбиғи резервaты мемлекеттік мекемесі Қaзaқстaн Республикaсы Үкіметінің 2009 жылғы 6 aқпaндaғы №119 қaулысымен Жaйық өзенінің aтырaуындa және Кaспий теңізінің солтүстік aйдынындa құрылды. Резервaттың көлемі 111 500 гектaр болып белгіленді. Резервaт Атырaу қaлaсының және Атырaу облысы Мaхaмбет aудaнының әкімдіктеріне әкімшілік тұрғыдa қaрaйтын жерлерге орнaлaсқaн. Тaбиғи резервaттa миллиондaғaн су құстaры тiршiлiк етiп, көбейетiн Еурaзия құрлығындaғы мaңызды мекен болып тaбылaды[1].
1-сурет. «Ақжaйық» мемлекеттік тaбиғи резервaты мемлекеттік мекемесінің қазіргі географиялық аумағы.
Құрылудағы басты мақсаттарының бірі – сирек кездесетін балық қорын сақтау, оның табиғи мекендеу аймағына барлық жағдайды жасау, бекіре және басқа да балықтардың табиғи жағдайда өсуіне жағдай жасау болып табылады [2]. Каспийдің солтүстік алабы мен жағалауы шаруашылық жағдайларға игерілуіне байланысты табиғаттың экологиялық жағдайын, биологиялық әртүрлілігін сақтау басты міндет болып отыр. Орал өзенінің сулы батпақты аймақтары және оған жалғас Каспий теңізінің жағалаулары Евразия континентіндегі сулы-батпақты аймақтардың, Еуропа, Азия, Каспий-Қара теңіз-шығыс Африка елдері арасындағы 240 көшіп қонатын құс түрлерінің, оның ішінде 110 түрі сулы-батпақты, 18-ерекше қорғалатын құс жолы болып есептеледі. Сулы-батпақты аудандарда құстардың үя салуы, оның ішінде 66 түрі кездеседі. Соның ішінде 8 түрі ерекше қорғалады. Белгіленген аумақта 560 гидрофилді және ылғал сүйгіш өсімдіктер түрі, оның ішінде 4 сирек кездесетін 6 реликті ерекше қорғалатын түрі кездеседі. Жер және су омыртқасыздар әлемі 2 мың түрді құрайды. Оның ішінде 24 түрі Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген [3].
2-сурет. Үлкен суқұзғын - Большой баклан - Phalacrocorax carbo
3-сурет. Сұңқылдақ аққу - Лебедь – кликун – Cygnus cygnus*
А) Б)
4-сурет. А) Кішкене аққұтан - Малая белая цапля - Egretta garzetta*
Б) Көкқұтан - Серая цапля - Ardea cinerea
Сонымен қатар, биосфералық резеват - шамамен 70 сулы-батпақты жер құстарының ұя салатын орны, олардың 8 түрі ерекше қорғалатын табиғи объектілер, сонымен қатар сирек кездесетін құстардың колониялары үшін баспана болып табылады – бұйра бірқазан (Pelicanus crispus, VU), олардың саны 600-ден астам ұя салатын жұпқа жетеді (әлемдік популяцияның 12%). Жалпы Жайық өзенінің сағасында және оған іргелес теңіз жағалауында құстардың 292 түрі тіркелген, олардың ішінде 26 құс халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Қоныс аудару кезеңіндегі құстардың жалпы саны, сарапшылардың бағалауы бойынша, 3 миллионға жетеді.
Биосфералық резерват негізінен Жайық өзенінің атырауындағы сулы-батпақты жерлерді және Каспий теңізі жағалауының іргелес аумақтарын алады, олар Еуразия құрлығындағы Каспий-Қара теңіз - Шығыс Африканың ірі көші-қон бағыттарының бірінде орналасқан. Рамсар конвенциясына сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енген бұл жер 240-тан астам қоныс аударатын құстардың шоғырланған орны, олардың 110-ға жуығы сулы-батпақты жерлер тобын құрайды, оның ішінде 18 ерекше қорғалатын түрлер.
Басқа түрлер бұл аймақты қоныс аудару кезінде демалу үшін пайдаланады: жалбағай (Platalea leucorodia), ақбас үйрек (Oxyura leucocephala), дуадақ (Otis tarda), жек дуадақ (Otistetrax), шиқылдақ қаз (Anser erythropus; VU), қызылжемсаулы қарашақаз (Branta ruficollis; VU), ақтырна (Grus leucogerannus).
Дала шөлінің айналасындағы сулы-батпақты жерлерде сонымен қатар бірқатар сирек кездесетін түрлер де кездеседі: дала қыраны (Aquila rapax), ақбас тырна (Anthropoides virgo), жек дуадақ (Chlamidotis undulata), безгелдек (Otis tetrax) және сұр бозторғай (Calandrella rufescens).
Достарыңызбен бөлісу: |