Айгерим Жүргізуші


(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау



бет5/6
Дата19.01.2023
өлшемі36,34 Kb.
#61971
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жана жылдық бағдарлама

(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау


Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Шырша жанында ән.
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Сиыр (ескі жыл): Дидар
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Айжан Барыс жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Сиыр жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-
жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Шығып кетеді.
(2,3,4 сыныптарды костюмдерге байланысты жарыстыру.Арнайы Аяз атаның мақтау қағаздарын беру.Ол үшін 2А сыныпты ортаға шығару керек.әділ қазылар қарап бағалап алады.Сосын 3Асынып.Сосын4Асынып )
Ақшақар:
Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.
Әндер билер.
0-сынып-
1-сынып-
Аяз ата:
Ақша қар: өнерлерің керемет екен.
Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма ,қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.

Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.


Бірнеше рет ойнау.
Аяз Ата:
-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет