Сиқыршы: Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.
Аяз Ата: -әрине ойна.
Сиқыршы: -Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.
Аяз ата: -Ал енді маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін.
Балалар тақпақтарын айтады. Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер.Сол үшін беретін сыйлығым барҚазір әрқайсысың жеке-жеке ортаға шығып не боп киінгендеріңді айтыңдар,ал мен сендерге сыйлық беремін.
Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен,қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек.
Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату.
Аяз Ата: -Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады.
Ақша қар:
-Ия ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді) Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!