Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата22.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#241
1   2   3   4   5   6   7   8   9
  Отбасы  саласындағы 

мамандар б‰гінгі уақытқа дейін бұл қызметке көңіл аудармады, 

дәлірек  айтқанда,  оны  отбасы  қызметтерінің  тізімінде  есепке 


 

33 


алмады немесе ол мұндай болады деп санамады. Отбасы бәрінен 

бұрын  мемлекеттің  туындысы  ретінде  қарастырылды,  сондық-

тан құрылымы және қызметі бойынша оны жалғастырды. 

Прагмативтік  бейімделу  басым  болған  және  материалдық 

табыс негізгі құндылық болатын қоғамда адамдық махаббаттық 

қарым-қатынастың  базар  заңдарына  бағынатындығына  таңда-

нуға  бола  ма  екен?  Бұл  т‰сініктің  адамзат  санасында  мызғы-

мастығы сонша, отбасына қара бастың қамы ретінде сирек көңіл 

бөлді.  Әрине,  егер  отбасына  әлеуметтік  институт  ретінде  ‰ңіле 

қарасақ, “бақыт” және “отбасы” ұғымдары көп адамдардың т‰-

сінігінде қатар тұрады. 

Отбасы  эволюциясында  фелицитологиялық  қызмет  қызық 

феномен  болып  көрінеді.  Сөзсіз,  отбасындағы  махаббатқа 

негізделген  гедонизм  ұғымы  қазіргі  отбасына  ғана  тән  емес; 

фелицитологиялық  қызмет  бұрын  болған  жоқ  деп  есептеу — 

бұл  аңғалдық.  Ғасырлар  бойы  дәріптеліп  келген  махаббат 

жастық шаққа, көзге шөп салушылыққа және тән, тек отбасына 

тән  емес  деп  ойлауға  болмайды.  Әуел  бастан-ақ  отбасын 

құрудың негізі, репродуктивтік немесе басқа ой емес, махаббат 

және  бақыт  болған.  Сондықтан,  отбасындағы  фелицито-

логиялық  қызмет  рөлінің  к‰шеюі  қазіргі  отбасылық-некелік 

қарым-қатынасты  басқа  тарихи  кезеңдердің  отбасылық-некелік 

қарым-қатынасымен салыстырғанда өзгеше етеді. 

Жалпыға мәлім, қоғам отбасын анықтайды, бұл пікір отбасы 

мемлекетті  анықтайды  деген  ойдан  әлдеқайда  жиі  естіледі. 

Мұнда  ‰лкен  дәрежеде  оның  не  объект,  не  субъект  болатын-

дығын  айту  қиын,  бірақ  ғылыми  әдебиетте  мемлекет  бәрінен 

көбірек отбасын жасырады. 

Әлемде  отбасынан  маңызды  құндылық  жоқ.  Ұзақ  уақыт 

бойы  біздің  елімізде  отбасы  тікелей  мемлекет  қамқорлығына 

тәуелді  болды.  Ол  оны  нығайтудың  жолын  таза,  сырттай 

қамқорлық  жасаудан,  басқаша  айтқанда,  жеңілдікпен,  жәрдем 

ақшамен  қамтамасыз  етуден,  г‰лденген  отбасын  жасау  ‰шін 

балалар мекемелерін салудан іздеді. Бірақ, бұл аз болып шықты. 

Адам  ‰шін  отбасы  деген  не  нәрсе,  неліктен  ол  соншалықты 

қажет?  Отбасы  адамға  өз  болмысының  жекеленушілік  сезімін 

жеңуге  және  әлеммен  келісу,  бірлесу,  ортақтық  сезімін  иемде-

нуге  көмектеседі.  Бұған  қол  жеткізу  адамда  қанағаттан-

 

34

дырушылық  сезім  тудырады,  оны  бақытты  етеді.  Э.  Фромм 



жазғандай,  адамды  жалғыздық  азабынан  құтқарады, ‰йлесім-

ділікке апарады, өзін әлемде ‰йдегідей сездіреді, әлеммен бірлік 

сезіміне жетуге м‰мкіндік береді. 

Бізге  отбасындағы  бақыттың  табиғаты  басқаша  сияқты. 

Бақытты  отбасының  феномені  адам  табиғатының  дуализміне 

негізделген: қатынасқа ұмтылу, әлеуметке көңіл бөлу, өзімен-өзі 

болу,  жалғыздықтан  құтылу,  өйткені,  бір  жағынан,  жеке  тұлға 

әлеуметтік  қоғам  алдында  жауапты,  екінші  жағынан,  ол  дара, 

өзін-өзі  іске  асыруға  ұмтыл,  өзінің  “менін”  қорғап  қалуға  ады 

талпынады.  Бақытты  отбасы — осы  қажеттіліктерді  қанағат-

тандыра алатын отбасы. 

Некеге  тұруға  дайындалып  ж‰рген  көп  жастар  отбасына 

бақытты  болатын  жер  деп  қарайды.  Отбасын  құруға  т‰рткі 

болатын себептер (махаббат, балалы болуға ықылас, жалғыздық 

қорқынышы,  т.б.)  бақытты  болуға  негізделген.  Жастардың 

көбісі  өз  бақытының  міндетті  шарты  отбасы  деп  қарайды. 

Мәселе  бұл  отбасы  туралы  т‰сініктің  қаншалықты  жиі  ж‰зеге 

асуында,  отбасының  фелицитологиялық  қызметінің  қаншалық-

ты  көп  шамада  орындалуында.  Отбасындағы  бақыттың  не 

екенін  т‰сіну  ‰шін  Д.  Добсонның,  оны  сақтау  және  қолдану 

адамды  некеде  бақытты  ететін,  оның  көмегімен  әлеуметтік 

институт  бақыттың  құралы  емес,  мақсаты  ретінде  ұғынылатын 

отбасы  құндылықтары  туралы  айтқанын  мысалға  келтіруге 

болады.  Отбасын  қара  бастың  қамы  ретінде  т‰сіну  ‰шін  мына 

ұстанымдар болу керек: 

1. Адам өмірінің, оның барлық көрінісінде, ана құрсағындағы 

баланың,  мосқал  адамның,  жесір  адамның,  ақыл-ойы  мешеу, 

сырттай  көріксіз,  м‰ше  кемшілігімен  азап  шегіп  ж‰рген 

адамдардың өмірін қоса, өз байлығына сену; 

2.  Бұл  жолда  пайда  болатын  қиыншылықтарға,  ауруға,  қар-

жылық  қиын-қыстау  кезеңге,  сезімдік  к‰йзеліс  пен  к‰штенуге 

қарамастан,  неке  институтына,  жұбайлар  қарым-қатынасының 

өзгермеушілігіне берік берілгендік; 

3. Бұл д‰ниенің кедергісіне қарамастан, адамзаттың жалғасу 

идеясының  өзін  қаралаумен  есептеспестен,  қалай  болғанда  да 

сәбиді д‰ниеге әкелу және тәрбиелеуге ұмтылу. 



 

35 


Отбасы  адамға  қандай  да  бір  шамада  өзін-өзі,  өзінің  мәнін 

сақтап қалу сәті т‰сетін, адам мен қоғам арасындағы мәңгі бақи 

апаттан  жасырынатын  әлеуметтік  орта  деген  қорытынды 

жасауға  болады.  Егер  адам  бақытты  өмірінің  мақсаты,  ал 

отбасын  адам  табиғатының  өнімі  ретінде  қараса,  онсыз  оның 

болмысы  көмескі.  Сонда  бақыттың  отбасымен  және  некемен 

көпшілікке  көбірек  құқығы  бар  деп  айтуға  еріктіміз.  Бұған 

жоғарыда келтірілген салмақты негіздер бар. 

Бақытты  отбасы  проблемасын  тұрмыстық  деңгейде  әңгіме 

етуге  болады.  Б‰гін  біз  проблемалы  және  орта  отбасы  туралы, 

маск‰немдік  пен  нашақорлықтан  жолы  болмаған  отбасы  өмірі 

туралы  білеміз,  бірақ  бақытты  отбасы  туралы  біздің  т‰сінігіміз 

тым  мардымсыз.  Дегенмен,  отбасында  бақытты  адам  өмірде  де 

бақытты деп толық сеніммен айта аламыз. Әзірше, олар арнаулы 

ғылыми зерттеудің тақырыбы болған жоқ. 

Сөзсіз,  өмірде  бәрі  м‰лде  олай  емес.  Бақытты  адамға  және 

бақыттың өзіне нақты формада анықтама беру, бақытты отбасы 

туралы айту айтарлықтай қиын. Бақыт феноменін зерттеу қиын, 

өйткені ол қандай да статистикалық есептеге келмейді. Бақытты 

отбасылардың  жер  бетінде  қанша  екенін  айту  қиын;  бәлкім, 

олардың  саны  көп  емес  шығар,  бірақ  бақытты  аңсап,  шөлдеген 

адам  тек  отбасында  ғана  шөлін  қандырады.  Демек,  отбасының 

фелицитологиялық  қызметі  отбасы  институты  барда  өмір  с‰ре 

береді. 


Отбасының  әлеуметтік  қызметінің  қорытындысына  бір 

маңызды кезеңнің қосылуы м‰мкін: қоғамның дамуымен отбасы 

әлеуметтік  қызметінің  мәні  өзгеріп  отырған;  сөзсіз,  олардың 

кейбіреулері атавизмге айналған жоқ және жоғалған жоқ, бірақ 

отбасы-неке  қарым-қатынасында  маңызын  аз-кем  жоғалтты 

немесе  тауып  алды.  Мысалы,  адамзат  тарихының  ең  басында 

д‰ниеге  келген  және  едәуір  ұзақ  өмір  с‰рген  (кейбір  жерлерде 

өмір  с‰руді  жалғастырып  келе  жатқан)  патриархалдық  отба-

сында  экономикалық  және  репродуктивтік  қызметтер  негізгі 

болды.  Қазір  өнеркәсіпті  қоғамның  пайда  болуының  нәти-

жесінде экономикалық қызмет бұрынғы маңызын жоғалтты. Ал, 

репродуктивтік  қызмет  көпбалалы  отбасын  қажет  етпейтін 

өнеркәсіпті  қоғамның  сол  жағдайымен  қозғалған  бала  туудың 

төмендеуі  нәтижесінде  өз  позициясын  берді.  Мұның  орнына 

 

36

жыныстық, тәрбиелік, фелицитологиялық қызметтер отбасының 



әлеуметтік  қызметтерінің  озаттары  болды.  Қазіргі  отбасы  дәл 

осы қызметтердің негізінде біріктіріледі. 

Отбасындағы  жыныстық  қатынас  және  отбасының  бақыт 

проблемасы  қоғамды  аз  қызықтырды.  Қоғам  отбасынан  тек 

халықты  ұдайы  өндіру  міндеттерін  орындауды  және  ұрпақты 

әлеуметтендіруді  талап  етеді  және  отбасына  тек  осы  жағынан 

ғана  қарайды.  Отбасы  мен  некенің  адам  ‰шін  қоғамның  бір 

бөлігі емес, одан да маңызды екенін ескермеді. Қоғам — бұл аса 

зор  мөлшерге  ұлғайтылған  отбасы  емес  деп  есептейді  Ж.-Ж. 

Руссо.  Отбасының  бірегейлігі  мен  қайталанбастығы  сонша 

айқын,  оған  маңыздылығы  жөнінен  қоғамнан  кейінгі  қатарда 

деп қарауға болмайды, керісінше, алдыңғы кезекке қою керек. 

Оқу-тәрбие  ‰рдісінде  жастарға,  бұдан  басқа  отбасының 

әлеуметтік  қызметінің  маңызы  тек  қоғамдық-экономикалық 

формациялардың  хронологиялық  реттілікпен  ауысуымен  емес, 

отбасы қандай қоғамда — тоталитарлық немесе демократиялық 

қоғамда  болатынына  байланысты  өзгере  алатынын  айтып, 

ескерту  қажет.  Тоталитарлық  қоғамда  отбасы-неке  қарым-

қатынасы  мемлекетке  барынша  көп  бағынған  және  бақылауда 

болған. Сондықтан да отбасының, бәрінен бұрын қоғамға қажет 

әлеуметтік  қызметтері  көтермеленеді.  Бұл  бірінші  кезекте — 

репродуктивтік  қызмет,  ал  екіншісінде — тәрбиелік,  әйтсе  де, 

екіншісі  мұнда  маңызы  жағынан  біріншіге  сөзсіз  орын  береді. 

Сондықтан, тоталитарлық қоғам жас ұрпақты әлеуметтендіруді 

отбасына  емес,  басқа  әлеуметтік  институттарға  белсенді 

ж‰ктеуге тырысады. Тоталитарлық қоғамдағы отбасын барынша 

көп бағындыруға қарамастан, отбасы мұндай қоғамға өзін құпия 

қарсы  қояды.  Отбасы  адамға  к‰шті  ықпал  жасайды.  Ал, 

тоталитаризм,  жұртқа  мәлім,  билікті,  монополияны  ешкіммен, 

тіпті  отбасымен  бөліскісі  келмейді.  Сондықтан,  тоталитарлы 

қоғам отбасының көп әлеуметтік қызметтерін, әрине тек отбасы 

орындай алатындарынан басқасын өзіне меншіктеуге тырысады. 

Сонымен қатар, ашық қоғамда отбасы мемлекеттен барынша 

тәуелсіз  (соның  ішінде  отбасы-некелік  қарым-қатынас  әрт‰рлі 

форма  қабылдай  алады).  Сондықтан,  оқушыларға  әлеуметтік 

қызметтің  қоғам  м‰шелерінің  пайдасы  ‰шін  өздігінен  дамиты-

нын  байқауға  болатындығын  ұғындырған  орынды.  Басқаша 


 

37 


айтқанда,  ізденіп  алатын  отбасы  қызметі  адамға  да,  қоғамға  да 

қажетті  болады.  Мұнда  да  бірінші  орынды  жыныстық,  фели-

цитологиялық,  тәрбиелік,  бос  уақыттық  қызметтер  алады.  Сөз-

сіз,  ашық  қоғамда  мемлекет  пен  отбасы  біршама  қайшылықта 

болады. 

Отбасы  қоғамнан,  толық  дербестікті  еш  уақытта  ала  алмай-

ды,  отбасы  мен  қоғамның  арасындағы  қайшылықтар  өзгеретін 

болады.  Бірақғ,  отбасының  әлеуметтік  қызметтері  осы  қайшы-

лықтардың дәл жапсарында әбден өзгеріске ұшырайды. 

Әлеуметтік, ғылыми, педагогикалық еңбектерді талдау отба-

сының  әлеуметтік-педагогикалық  қызметі  мынадай  бағыттарға 

негізделетінін  көрсетті:  жыныстық  қызмет;  репродуктивтік 

қызмет;  тәрбиелік  қызмет;  экономикалық  қызмет;  реттеушілік 

қызмет; бос уақыт қызметі; фелицитологиялық қызмет. 

Қорыта  айтқанда,  отбасының  қызметі  дегеніміз  жыныстық, 

репродуктивтік,  тәрбиелік,  экономикалық,  реттеушілік,  бос 

уақыт,  фелицитологиялық  қызметтердің  ж‰йесінен  құралатын, 

жан-жақты  қызметтерге  негізделген  іс-әрекеттердің  ж‰йесі 

болып табылады. 

Жастарды  отбасы-некелік  өмірге  дайындау  барысында 

халықтың  дәст‰рлі  отбасыларының  ерекшеліктерімен  қатар, 

қазақ  отбасындағы  неке  құрудың  ерекшеліктері  оқу-тәрбие 

жұмыстарының мазмұны болуға тиіс.  

 

1.2. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге 

даярлаудың негізгі мазмұны — отбасының әлеуметтік 

дамуының теориялары 

 

Адамзат  отбасы-неке  қарым-қатынасына  ежелден-ақ  назар 

аударып  келеді.  Өткен  заманның  ойшылдары  өз  дәуірінің  м‰м-

кіндігіне  қарай  отбасын  зерттеуге  ұмтылды.  Олар  отбасының 

пайда  болу,  даму  ‰рдісін  т‰сіндіруге;  қызметін,  даму  заңды-

лықтарын, қоғамдағы орны мен өрістеуін анықтауға тырысты. 

Ежелгі грек философы Платон патриархалдық отбасын (яғни, 

барлық  қарым-қатынастың  өзегі — ата-ана  және  оларға  толық 

бағынатын балалары бар отбасын) алғашқы және негізгі қоғам-

дық  ұя  деп  есептеді.  Оның  пікірінше,  мемлекет  патриархалдық 

отбасылардың одаққа бірігуі нәтижесінде пайда болған. Платон 

 

38



бұдан  басқа  келешек  ұрпағының  денсаулығын  ойлаған 

жұбайларға  нақты  ұсыныс  жасап  отырды.  Платон 20-дан 40 

жасқа дейінгі әйелдер 55 жастан аспаған еркектерден ең мықты 

балалар туады деп есептеді. Ол әрбір 35 жасқа дейінгі еркектің 

‰йленуін,  ал  одан  жалтарғандарға  айып  салуды  талап  етті. 

Платон  отбасының  ішкі  және  сыртқы  өмірін  қатаң  бақылауға 

алуды көкседі. 

Платонның  шәкірті  Аристотель  ұстазының  отбасына  деген 

көзқарасын  сынады,  алайда  қоғамның  ұясы  және  мемлекеттің 

негізі ретінде патриархалдық отбасы идеясын қолдап, дамытты. 

Аристотель  отбасын  мемлекетпен  тығыз  байланыстырды: 

“Әрбір  отбасы  мемлекеттің  бөлігін  құрайды,  жоғарыда  көрсе-

тілген барлық адамдар отбасының бөлігі және жеке бөліктердің 

адамгершілігі  б‰тіннің  адамгершілігіне  сәйкес  келуі  тиіс, 

сондықтан  балалар  мен  әйелдерді  тәрбиелеуді  мемлекеттік 

құрылысқа  ‰йлесімді  қатынаста  қою  қажет;  лайықты  құрыл-

ысқа  ұмтылатын  мемлекетке  бұл  парықсыз  болмаса,  онда 

лайықты балалары мен әйелдері болуы керек. Мұнымен санасу 

керек,  өйткені  әйелдер  халықтың  жартысын  құрайды,  ал  бала-

лардан саяси өмірге қатысушылар өсіп шығады”. 

Көптеген  философтар  мен  ойшылдардың  шығармашылығы 

олпрдың  жұбайлық  проблемасына  көп  көңіл  бөлгенін  дәлел-

дейді. Алайда, көбінесе қоғамдық қарым-қатынасты отбасылық 

қарым-қатынастан  бөліп,  отбасы  мен  мемлекеттің  арақаты-

насына  назар  аударған;  отбасын  жеке  әлеуметтік  институт 

ретінде  аз  қарастырған.  Мысалы,  француз  ағартушысы  Ж.-Ж. 

Руссо  отбасы  туралы  былай  деген: “Барлық  қоғамдардың  ең 

көнесі  және  жалғызы — ол  отбасы...  Сонымен,  отбасы  керек 

болса,  саяси  қоғамдардың  болашақ  ‰лгісі:  әкім — әкеге 

ұқсайды, ал халық — балаларға”. 

Жоғарыда  келтірілген  француз  ағартушысының  пікірінен 

отбасы  мен  қоғамның  әлеуметтік  қызметі  ұқсас  және  отбасы 

қоғамды  қайталайды  деген  қорытынды  шығады.  Руссо,  сөйтіп, 

отбасын  халықты  ұдайы  өндіру,  жас  буынды  әлеуметтендіру 

сияқты  проблемаларды  шешетін  құрал  ретінде  ғана  қарап, 

отбасы институтын жеңілдетіп жіберді. 

Немістің  классикалық  өкілдері  отбасы-неке  қарым-қатына-

сының мәнін өздерінше т‰сіндіруге әрекеттенді. И. Кант “Әдет-



 

39 


ғұрып  метафизикасында”  жұбайлықты  заңдылық,  өнегелік  қа-

рым-қатынас ретінде т‰сіндірді: “Еркек әйелді зат ретінде, яғни 

онымен  таза  хайуандық  қатынаста  болудан  тікелей  рахаттану 

‰шін  пайдалануды  қаламайды.  Бұл  жағдайда  әйел  де  өзара 

тәндік  жақындасуда  адамдық  бейнесін  жоғалтпау  ‰шін  к‰ні 

бұрын некеге тұруды қалайды”. 

И.  Кант  отбасы-неке  қарым-қатынасын  еркек  пен  әйелдің 

арасындағы  қарым-қатынасты  реттеу  және  заңдастыру  тәсілі 

ретінде  ғана  қарастырды.  Ол  жыныстық  қарым-қатынасты 

адамгершілік ережелермен шектеу керек, сондықтан отбасы мен 

неке қажет деп есептеді. 

Гегель  отбасын  ‰ш  жақтың:  неке,  отбасы  меншігі  және 

балалар  тәрбиесі  мен  отбасының  ыдырауы  бірлігі  ретінде 

қарастырды.  Бұл  жерде  неке  тікелей  адамгершілік  қарым-

қатынас  ретінде  анықталады: «Неке  дегеніміз — адамгершілік 

қарым-қатынас».  Бұрын,  әсіресе,  табиғаттық  құқық  туралы 

шығармалардың  көпшілігінде  неке  табиғи  к‰йінде  қаралған. 

Оны  тек  жыныстық  қатынас  ретінде  қарастырды,  ал  некеге 

басқа  анықтама  беру  м‰мкін  болмады.  Алайда,  некені  таза 

азаматтық  шарт  ретінде  қарастыратын  дөрекі  т‰сінік  Канттың 

өзінде  де  кездеседі.  Шартта  адамдардың  бір-біріне  қарым-

қатынасы  белгіленеді  және  неке  шартқа  сай  өзара  пайдалану 

формасына  дейін  төмендетіледі.  Тағы  бір  айыпталатын  т‰сінік 

—  неке  тек  с‰йіспеншілікте  деп  есептеу.  С‰йіспеншілік  сезім 

болғандықтан,  әрт‰рлі  кездейсоқтыққа  жол  береді.  Сондықтан, 

некеге дәлірек мынадай анықтама беру керек: Неке дегеніміз — 

заңды,  өнегелі  с‰йіспеншілік.  Сондықтан,  көңіл-к‰йге  байла-

нысты барлық өткінші нәрсеге жол берілмейді. 

Адамзат тарихының көптеген ғасырлары бойында жұбайлық 

туралы  философтар  жеткілікті,  әрі  көп  жазды.  Бірақ,  олардың 

көзқарасы  негізінен  өзіндік  және  ойша  сипат  алды.  Тек 

әлеуметтану  мен  басқа  ғылымдардың  дамуымен  отбасы  ин-

ститутын зерттеу ғылыми сипат ала бастады. 

Американдық  әлеуметтанушы  К.  Г.  Коллиер  отбасы 

әлеуметтануының  негізгі  кезеңдерінің  мынадай  жіктелуін 

ұсынады: 1) зерттеуге  дейінгі  кезең  (өткен  ғасырдың  ортасына 

дейін).  Бұл  кезең  негізінен  отбасы  дәст‰рін,  ауыз  әдебиетін 

(фольклор),  философиялық  және  көркем  әдебиетті  зерттеуге 

 

40

арналды; 2) әлеуметтік дарвинизм кезеңі (ХІХ ғасырдың аяғы). 



Б‰л  кезеңде  бірінші  кезекте  отбасы  институтының  эволюциясы 

зерттелді,  тарихи  және  әлеуметтік-мәдени  басшылықта  к‰рделі 

теориялық  қорытындылары  бар  еңбектер  пайда  болды; 3) 

“спонтандық”  ғылым  кезеңі  (ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысы). 

Бұл  кезеңде,  бір  жағынан  отбасы  және  оның  қоғамдағы  рөлі 

туралы  көптеген  саудагерлік  еңбектер  пайда  болса,  екінші 

жағынан  отбасы-неке  қарым-қатынасы  және  олардың  жеке 

сатыларының  әрт‰рлі  типтері  туралы  тәжірибелік  мәліметтер 

жиналды; 4) жоспарлы  теория  жасау  кезеңі (20 ғасырдың 

жартысынан  б‰гінгі  уақытқа  дейін).  Бұл  кезең — бұрынғы 

зерттеулердің нәтижесін ж‰йелеуге және отбасының болашақта 

дамуын талдауға негізделген сана-сезім кезеңі. 

Отбасы проблемасына ғылыми жақындаудың басы швейцар-

лық  тарихшы  З.  Дауманның  өткен  ғасырдың  ортасында  жарық 

көрген  “Ана  құқығы”  атты  кітабы  болды.  Кітапта  адамзат 

дамуының  ерте  кезеңінде  ешқандай  заңмен  шектелмеген 

жыныстық  қатынастың  толық  еркіндігі  болғандығы  айтылады. 

Дауман  қоғам  дамуының  келесі  кезеңінде  билік  әйелде  бол-

ғанын  (матриархат),  кейін  еркекке  ауысқанын  (патриархат) 

жорамалдайды. 

Шотландиялық  ғалым  Ж.  Коок-Гумпез  еңбектерінің  өз 

дәуірінде  ‰лкен  маңызы  болды.  Ғалым  некенің  ‰ш  формасын: 

көперкектік,  көпәйелділік  және  бір  некелік  (моногамияны) 

анықтады. Ол, одан басқа экзогамдық неке (еркектер өзіне әйел-

ді  тек  басқа  тайпадан  іздейді)  және  эндогамдық  неке  (еркектер 

өзіне  әйелді  тек  өзінің  тайпасынан  іздейді)  проблемаларын  да 

зерттеді. 

Американ зерттеушісі, тарихшы және этнограф Л. Г. Морган 

өзінің “Отбасының туыстық және қасиеттік ж‰йесі” және “Көне 

қоғам” деген еңбектерінде адамзат тарихындағы отбасы пробле-

масына өзгеше көзқарас білдірді. Ол өзінің зерттеуінде отбасы-

неке  қарым-қатынасының  эволюциясына,  тарихқа  стихиялы 

материалистік  көзқарас  тұрғысынан  қарап,  көп  көңіл  бөлді. 

Морган  адамзат  тарихында  ‰ш  кезеңді  бөлді:  жабайылық, 

мәдениетсіздік  және  өркениеттілік.  Ол  Ч.  Дарвин  ілімінің 

ықпалымен,  адамзат  дамуының  алғашқы  сатысы  орда  болды 

деген  қорытындыға  келді.  Содан  соң,  оның  орнына  өзінің 


 

41 


туысқандарымен топтық некеге негізделген қантуыстық отбасы 

келді. Келесі даму сатысы — пуналуалдық отбасы. Мұнда неке 

ағайындардың  әйелдерімен  тобын  немесе  әпкелі-сіңлілердің 

к‰йеулерімен тобын қамтиды. Морган осындай некені Солт‰стік 

Америка ‰ндістерінің ішінен байқаған. Пуналуалдық отбасының 

орнына  жеке  жұптық  некеге  негізделген  отбасы  келді.  Одан 

кейін,  бір  еркектің  бірнеше  әйелмен  некесіне  негізделген 

патриархалдық  отбасы  келді.  Соңғы  саты — бір  некелілік 

(моногамия). 

М.  Меад  таза  оймен  зерттеуге  с‰йенбей,  этнографиялық 

материалды  кеңінен  қолдана  отырып,  отбасының  өмірі  мен 

эволюциясын зерттеуде бірінші болып әрекеттенді. 

Тарихта  көне  отбасының  сипаты  туралы  мол,  әрі  дұрыс 

мәліметтер  бар.  Мысалы,  еврей  отбасы  бір  некелі  болды, 

дегенмен, көп әйел алу, тамырлық (некесіз жыныстық қатынас) 

та  кездесті.  Әке  отбасында  басшы  болды.  Отбасы  көп  санды 

болған. К‰йеу некеге тұрарда қалыңдықтың ата-анасына белгілі 

мөлшерде  ақша  төлеуге  міндетті  еді.  Иудаизм  некесіздікті 

қасиетті нәрсені қорлаушылық деп есептеді. 

Көне  Грецияда  еркек,  әдеттегідей,  бір  әйел  алды.  Егер  әйел 

өзімен  бірге  жасау  алып  келмесе,  онда  мұндай  байланыс 

тамырлық  деп  есептелінді.  Еркек  өз  әйелінің,  балаларының, 

тамырының,  құлының  қожайыны  болды.  Әйелдер  әуелі  еркек-

термен  тең  құқықты  болған,  кейін  жағдай  өзгерді.  Әйелдер 

жұбайлық  сенімді  бұзғаны  ‰шін  еркектерге  қарағанда  қатаң 

жазаланды. 

Ескі  римдік  отбасының  өзіндік  ерекшеліктері  болды.  Мұнда 

бірнекелік  басым.  Алайда,  некеден  тыс  байланыстар  да  аз 

болған  жоқ.  Отбасында  әкенің  беделі  өте  зор  еді,  балалар  тек 

қана әкеге бағынды. 

Көне  отбасының  жағдайын  сипаттай  келіп,  оның  негізгі 

әлеуметтік  қызметтері  экономикалық,  репродуктивтік,  тәр-

биелік, реттеушілік болғанын айта аламыз. 

Кейінгі  заманда  отбасының  жағдайына  христиандық  к‰ш 

ықпал  етті.  Ол  бірнекелікті  дәріптеп,  көп  әйел  алушылық  пен 

көп ерге шығуды айыптады. 

ХІХ  ғасырда,  әсіресе,  ХХ  ғасырда  дамыған  капиталистік 

елдерде жұбайлық отбасы өмірінде жаңа белгілер пайда болды. 

 

42

Некеге  тұрарда  материалдық,  заттық  себептердің  әсері  елеулі 



болғанмен,  романтикалық  с‰йіспеншілік,  серікті  таңдау 

еркіндігі көп жағдайда шешуші факторға айналды. Қалыңдықты 

немесе  к‰йеуді  таңдарда  бұрынғы  заманға  тән  әкенің  өктем 

шешімі  өзінің  бұрынғы  мәнін  жоғалта  бастады.  Ата-аналар 

балаларына  демократиялық  ұстаныммен  қарап,  әйелдер  бірте-

бірте азат болды. 

Отбасы  мен  неке  проблемасына  көп  көңіл  бөлген  Э.  Дюрк-

гейм  өзінің  зерттеуінде  былай  деп  жазды: “Жаңа  уақытқа 

жақындаған  сайын  біз  некенің  қалай  дамып  барғанын  бай-

қаймыз.  Неке  жасаған  байланыс  ж‰йесі  барған  сайын  кеңейді, 

мақұлданған  мәліметтер  көбейді.  Некеге  тұру,  некені  бұзу 

шарттары  ‰деген  дәлдікпен  анықталады.  Әдепкі  кезде  тек 

әйелден,  кейінірек  екі  жақтан  да  талап  етілетін  сенім  міндеті 

қалыптасты.  Жасау  болған  жағдайда  жұбайлардың  әрқайсы-

сының  өзінің  м‰лкіне  және  өзіне  тиісті  құқығы  белгіленді.  Заң 

жинақтарымызға  қарасақ,  онда  некенің  қандай  орын  алатынын 

білу  қиын  емес  болады.  Жұбайлардың  одағы  тұрақсыз  болды. 

Бұл  сыртқы,  өткінші  байланыс  емес,  ашыналық,  өмірлік  екі 

адамның мызғымайтын одағы”. 

Э.  Фромм  буржуазия  заманындағы  отбасы  туралы  опти-

мистік  көзқарас  танытпайды: “Некелік  шарт  әрбір  тарапқа 

серігінің  денесін,  сезімін,  көңілін  пайдалануға  ерекше  құқық 

береді. Енді ешкімді жеңудің керегі жоқ. С‰йіспеншілік адам ие 

болмайтын  бір  нәрсеге,  меншікке  айналды.  Жұбайлардың 

ешқайсысы енді с‰йікті болып, с‰йіспеншілік туғызу ‰шін ынта-

жігерін салмайды”. 

Осы екі пікір ХІХ—ХХ ғасырлардағы отбасы институтының 

жағдайын,  осы  к‰нге  дейін  шешілмей  келе  жатқан  негізгі 

қайшылықтарын  ашып,  дәл  анықтайды.  Отбасы-неке  қарым-

қатынасында  болған  ‰лкен  өзгерісті  елестету  ‰шін  әлеумет-

танушы  М.  С.  Мацковский  ұсынған  дәст‰рлі  және  қазіргі 

отбасының типтерін салыстыру жеткілікті. 

 


 

43 


1-кесте. Қазіргі және дәст‰рлі отбасының типтік мөлшері  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет