Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева


 Махаббат — отбасы-некелік өмір беріктігің негізі



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата22.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#241
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

18. Махаббат — отбасы-некелік өмір беріктігің негізі 

Махаббат — адамның  қасиетті  сезімі.  Махаббат  сезімінің 

табиғи  және  әлеуметтік  сипаты.  С‰йе  білу — адамдардың  бір-

біріне  қамқорлығы  мен  шынайы  берілгендігін  көрсететін 

қажеттілік.  Қоғам  мен  адамның  жеке  басының  даму  ‰рдісінде 

махаббаттың  пайда  болуы  мен  өрістеуі.  Ғылым  мен  мәдениет 

қайраткерлерінің махаббат жайындағы пікірлері.  

Алғашқы  махаббат.  Жоғары  сынып  оқушыларының  сезім-

дерінің  ерекшеліктері.  Махаббат  пен  достық  арасындағы  өзара 

байланыс. 

Ғашықтар  арасындағы  қарым-қатынас  мәдениеті.  Шынайы 

махаббатты  адамға  жат,  теріс  іс-әрекеттерден  ажырата  білу. 

Ғашықтар  арасындағы  әдептілік,  сыпайылық  пен  қамқорлық. 

Адамның  өз  сезімін  билеп,  оны  бағалай  білуі.  Ғашықтық — 

некедегі  адамгершілік  тірек.  Ғашықтықтың  отбасы  мен  бала-

ларға, с‰йген адамына деген ізгілік қасиеттері мен сезімдерінің 

көріністері.  

Жыныстық қатынаста махаббатың алатын орны. 

Халық  ауыз  әдебиетіндегі  махаббаты  дәріптейтін  лироэпос-

тық жырлар.  



Пәнаралық  байланыс:  педагогика,  психология,  әдебиет,  мә-

дениеттану, этнопедагогика, әлеуметтану, әдеп, эстетика. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

135 


ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-



даудың  ұтымды  жолы — мақсат  қойып,  жоспарлы  т‰рде 

ж‰ргізілетін  педагогикалық  іс-әрекет.  Қазіргі  уақытта  мұндай 

дайындық  курсы  жалпы  білім  беретін  мектеп  бағдарламасына 

енгізілген.  Бірақ,  ол  жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-

некелік өмірге дайындау мәселесін толық шеше алмайды. Курс 

мазмұнында  оқушылардың  отбасы-некелік  өмірге  дайындығы 

туралы  көзқарасын  қалыптастыру,  оқушыларға  отбасы  туралы 

ж‰йелі  білім  беру,  оларды  отбасындағы  ‰лгілі  іс-әрекетке 

дайындау  мәселелері  қазіргі  заман  талаптарына  сай  қарасты-

рылмаған. 

Алынған  гипотеза  негізінде  эмпирикалық  нәтижелер  мен 

алынған  жаңа  мәліметтерді  біріктіру  қорытындысы  бізге 

жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайындау-

дың ұтымды факторларын жан-жақты т‰сінуге м‰мкіндік берді. 

Оқушылардың  отбасы-некелік  өмірге  деген  көзқарасы,  білімі 

мен  ‰лгілі  іс-әрекеті  оқушылардың  отбасы-некелік  өмірге 

дайындық  деңгейінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  екендігін 

көрсетті.  Бұл  зерттеу  пән  ретінде  алынды.  Зерттеу  пәнін 

құраушы элемент әрекетін іске асыру ‰шін біз лайықты зерттеу 

міндеттерін таңдап алдық. Осы міндеттерге байланысты зерттеу 

пәнінің  құраушы  элементінің  мәні  теориялық  негізделді: 

отбасы-некелік  өмірдің  табиғаты,  ұйымдасуы  және  компонент-

тері,  қызметтері  анықталды;  оқушылардың  отбасы-некелік 

өмірге  дайындығының  салыстырмалы  көрсеткіштері  ретінде 

олардың  отбасы-некелік  өмір  туралы  көзқарасы,  білімі  мен 

‰лгілі іс-әрекеттері алынды. 

“Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  атты  курстағы  ұлттық 

дәст‰рді  ‰йрену  мен  салыстыру  барысында  оқушылардың 

отбасы-некелік  өмір  туралы  көзқарасы,  білімі  мен  ‰лгілі  іс-

әрекетінің  негізгі  белгілері  көрініп,  олардың  даму  тенденция-

лары айқындалды. 

Зерттеу  барысында  жоғары  сынып  оқушыларының  отбасы-

некелік өмірге дайындығының критерилері, көрсеткіштері және 

деңгейлері анықталды. 

Отбасы-некелік  өмір  дәст‰рін  оқушыларды  отбасы-некелік 

өмірге  дайындау  ж‰йесінде  қолдану  ‰шін  “Отбасы-некелік 

 

136


өмірге  дайындық”  атты  отбасы-некелік  өмір  дәст‰рінің 

мазмұны,  м‰мкіндіктері,  формалары  мен  әдістері  қамтылған 

бағдарлама  жасалып,  ол  апробациядан  өткізілді.  Нәтижесінде 

жоғары  сынып  оқушылары  республикамыздағы  көп  халық-

тардың отбасы дәст‰рлерін, отбасының т‰рлері мен міндеттерін, 

факультативтік  сабақ,  кездесу,  дискуссия,  лабораториялық 

ізденіс, көрме, саяхат, конкурс, рөлдік ойындар, психологиялық 

тест,  тренинтер,  генетикалық  тапсырма,  шығарма,  музыкалық-

поэтикалық  диалогтар,  модельдеу,  мақал-мәтелдерді  тақы-

рыптарға  бөлу  сияқты  сабақтың  белсенді  формалары  мен 

әдістері кешенді т‰рде қарастырылды. Ұлттық дәст‰рді қолдану 

барысында  болашақ  отбасы  қатынастарын  ұлттық  дәст‰рге 

негіздеумен  қатар,  қазіргі  отбасы-некелік  өмірмен  байланысты 

қарастырып,  оқушылардың  отбасы-некелік  өмір  туралы 

көзқарастарын  қалыптастыру,  отбасы-некелік  өмір  туралы 

білімдерін  ж‰йелендіру,  отбасы-некелік  өмірдегі  ‰лгілі  іс-

әрекеттерге баулу мақсатын көздедік. 

Оқушыларды  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудың  бағдарла-

масы  мен  оның  педагогикалық  жағдайы  жасөспірімдердің 

отбасының  маңызын,  мәнін  т‰сініп,  отбасының  өмір  с‰ру 

образындағы  ерекшеліктері  және  тарихи  сабақтастығын  терең 

білуге, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтарды білуге 

жәрдемдесті. 

Осы  айтылғандардың  негізінде  жоғары  сынып  оқушылары 

өздерінің  жеке  сапалары  мен  мінез-құлқын,  көзқарасын  бола-

шақ отбасы-некелік өмірге бағыттауға м‰мкіндік алды. 

Сонымен,  эксперимент  барысында  отбасы-некелік  өмірге 

дайындықтың  жоғары  деңгейлерінің  саны  артып,  төменгі 

сатысындағылардың саны әлдеқайда кеміді. 

Қорытындылай  келгенде,  алынған  тәжірибелік-эксперимент-

тік  мәліметтер  “Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  атты  оқу 

курсын  ғылыми-әдістемелік  негізде  ұйымдастырса,  оқушылар-

дың  отбасы-некелік  өмірге  дайындық  сапасы  жаңа  сатыға 

көтеріледі деген гипотезаның дұрыстығына көз жеткізілді. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  дайын-

дау  мәселесі  бойынша  ғылыми-теориялық  зерттеу  мен  тәжі-

рибелік-эксперименттік  жұмыстардың  нәтижесі  мынадай  қоры-

тынды жасауға м‰мкіндік туғызды: 



 

137 


1.  Философиялық,  тарихи-әлеуметтік,  психологиялық,  педа-

гогикалық әдебиеттерді зерттеу отбасы-некелік өмірге даярлау-

дың  б‰гінгі  қоғам  өміріндегі  көкейкесті  мәселесін  шешуде 

маңызды екендігін көрсетті. “Отбасы-некелік өмірге дайындау” 

ұғымы  отбасы  мен  неке,  оның  дамуы,  отбасы  мен  неке  құру 

ерекшеліктері,  отбасы  т‰рлерінің  жіктелуі,  қызметі,  некенің 

т‰рлері,  неке  және  махаббат,  неке  және  құқық,  сыйластық 

қарым-қатынастар,  дәст‰рлі  қарым-қатынастар  т‰сініктерімен 

айқындалды; 

2.  Жоғары  сынып  оқушыларының  психологиялық-педаго-

гикалық  ерекшеліктері  мен  м‰мкіндіктеріне  жасаған  талдау, 

оларда  отбасы-некелік  өмірге  даярлаудағы  ‰ш  бағытты  анық-

тады — отбасы-некелік Өмір туралы білімдерін, көзқарастарын, 

іс-әрекет  ‰лгілерін  қалыптастыруға  болатындығы  айқындалды. 

Отбасы-некелік  өмірге  даярлауды  жоғары  сынып  оқушыла-

рының отбасы-неке туралы білімдерін, көзқарастарын, іс-әрекет 

‰лгілерін  әдепкі  көрсеткіштерден  жоғары  сапалық  көрсеткіш-

терге аттыру деп айқындауға м‰мкіндік берді; 

3. Жеке тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар мен 

мектептегі  оқу-тәрбие  жұмыстары  негізінде  жастарды  отбасы-

некелік  өмірге  даярлауда  педагогика,  психология  ғылымда-

рының  теориялық  концепциялары  негізінде  отбасы-некелік 

өмірге дайындық модельінің құрылымы ата-ана, ұстаз, әлеумет-

тік  қауым  болып  табылатын  факторлармен  мектепте  ж‰ргі-

зілетін  факультативтік  сабақта  қолданылатын  дәст‰рлі  әдістер-

мен, халықтық педагогика әдістерімен айқындалды. Теориялық 

және  практикалық  сабақтар,  сыныптан  тыс  іс-шаралар,  тәлім-

тәрбиелік  кештер,  әдеби-музыкалық  кештер,  пікірталас,  дөңге-

лек  ‰стелдер,  зиялы  қауым  өкілдерімен  кездесулер  негізінде 

дайындықтың нәтижелі болатындығы көрінді; 

4.  Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге 

дайындаудың  модельі  негізінде  орта  мектептердегі  жас  жет-

кіншектерді  отбасы-некелік  өмірге  дайындаудың  мазмұны 

отбасы  мен  неке  дамуының  әлеуметтік  негіздері,  отбасының 

әлеуметтік-педагогикалық  қызметі,  отбасы-некелік  өмірге 

дайындық  бағыттары  бойынша  теориялық  және  практикалық 

мәселелерге ж‰йелеудің ұтымдылығы анықталды; 

5.  Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге 

даярлаудағы  білім  мазмұны,  оны  ж‰зеге  асырудың  әдіс-тә-

 

138



сілдері  ж‰йелі  мақсатқа  бағытталған  іс-әрекеттерінен  көрінеді. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  оқу-тәрбие  процесінде  отбасы-

некелік  өмірге  деген  білімдерін,  көзқарастарын  және  іс-әрекет 

‰лгілерін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етудің  негізгі  жолы 

“Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  курсының  бағдарламасын 

пайдалану екендігі дәлелденді; 

6.  Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге 

даярлаудың  шарттары  болып: 1) жоғары  сынып  оқушыларына 

факультативтік  сабақ  курсында  отбасы  мен  неке  дамуының 

әлеуметтік-теориялық  негіздері,  отбасының  педагогикалық 

қызметі,  отбасы-некелік  өмірге  дайындық  бағыттары  туралы 

білімдерді  меңгерту; 2) мектепте,  отбасында,  сынып  жетек-

шісінің  жұмыс  ж‰йесінде  отбасын  мемлекеттің  бір  бөлігі 

ретінде  қарау,  отбасын  білім  мен  тәрбие  орталығы  ретінде 

есептеу,  отбасы  жеке  тұлғаны  жан-жақты  тәрбиелейтін  ж‰йе 

ретінде  қарау  көзқарастарын  қалыптастыруға  бағытталған  пе-

дагогикалық  іс-шараларды  атқару; 3) мектепте,  отбасында, 

сынып  жетекшісінің  жұмыс  ж‰йесінде  отбасы  мен  некенің 

тәрбиелік,  реттеушілік,  басқару,  қарым-қатынас  жасау  мәде-

ниеті, әдебі және адамгершілік ізгі қасиеттерді ‰лгі тұту дағды-

ларын меңгерту болатындығы нақтыланды; 

7.  Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге 

дайындау  нәтижесі  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыған  азамат, 

маман-кәсіпкер,  отағасы  немесе  отанасы  болуға  дайындау 

болып  табылатындығы  бастапқы  ‰лгілі  іс-әрекет  көрсеткіш-

терімен айқындалды; 

8. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау және тәжіри-

белік-эксперимент  нәтижесі  отбасы-некелік  өмірге  дайындық 

көрсеткіштері  мен  белгілері  болып  жоғары  сынып  оқушыла-

рының  отбасы-некелік  өмір  туралы  білімдері,  көзқарастары 

және  белгілі  бір  отбасылық  мәселеге  өзіндік  талдау  жасау 

деңгейлері арқылы көрініс табатындығы нақтыланды; 

 

9.  Зерттеудің  нәтижесі  бойынша  мынадай  ұсыныстар  жа-



сауға болады: 

а)  отбасы-некелік  өмірге  дайындықты  жоғары  сынып  оқу-

шыларына  адамгершілік,  моралдық,  этикалық,  экономикалық, 

рухани тәрбие беру мақсатында ж‰ргізу қажет; 

б)  отбасы-некелік  өмірге  дайындықты  ұсынылған  ‰лгідегі 

бағдарлама негізінде ж‰зеге асырған дұрыс; 



 

139 


в)  жоғары  және  арнайы  оқу  орындарында,  мұғалімдер 

біліктілігін  жетілдіру  институттарында  “Отбасы-некелік  өмірге 

дайындық” курсын ұйымдастырған жөн; 

г) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ж‰ргізгенде ұсынылып 

отырған  “Отбасы-некелік  өмірге  дайындық”  курсының  тақы-

рыптық жоспарын негізге алған орынды; 

д)  қазіргі  орта  мектептерде  “Әдеп  және  жантану”  курсына 

қосымша  материалдар  ретінде  ж‰ргізілетін  жаңа  ‰лгідегі 

факультативтік  дәріс  т‰рлерін  мектеп  бағдарламасына  енгізу 

қажет; 


е)  мектептегі  оқыту  ж‰йесі  заман  талаптарының  сұранысы 

мен  қажеттілігіне  сай  жаңа  мазмұндық,  сапалық  өзгерістердің 

қажеттігіне  орай  шығармашылық  ізденіспен  жұмыс  ж‰ргізетін 

практик-мұғалімнің  нақты  ұсыныстарымен, ‰немі  әлеуметтік 

зерттеу ж‰ргізуімен жетілдіріп отыруды қажет етеді. 

Ж‰ргізілген  зерттеу  к‰рделі  де  көпсалалы  проблема 

болғандықтан,  оның  барлық  бағытын  бір  зерттеудің  аясында 

қарастыру м‰мкін емес. Келешекте жоғары сынып оқушыларын 

отбасы-некелік  өмірге  даярлау  барысында  адамгершілікке 

тәрбиелеудің  негіздері;  болашақ  мұғалімдерді  жоғары  сынып 

оқушыларын  отбасы-некелік  өмірге  тәрбиелеуге  дайындау 

мәселесі дербес зерттеуді қажет етеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

140



Негізгі ұғымдарға анықтама 

 

Отбасы  дегеніміз — әрт‰рлі  жыныстағы  адамдардың  өзара 

көзқарастары  мен  іс-әрекеттері  ‰йлескен,  тығыз  қарым-қаты-

наста болатын әлеуметтік топ.  



Неке  дегеніміз — еркек  пен  әйел  арасындағы  табиғи  қажет-

тіліктен  туындаған,  ерікті  негізде  құрылатын,  өзара  құқықтары 

мен  міндеттері  белгіленген,  адамның  табиғи,  әлеуметтік, 

биологиялық, психологиялық және рухани өмірінің қажеттілігі.  



Отбасы-некелік  өмірге  даярлау  дегеніміз — жастардың 

отбасы-некелік  білімдерін  жетілдіріп,  олардың  отбасы-некелік 

өмір  туралы  дұрыс  көзқарастарын  және  жағымды  іс-әрекет 

дағдыларын қалыптастыру. 



Отбасы-некелік  өмір — философиялық,  әлеуметтік,  педа-

гогикалық,  психологиялық,  биологиялық,  физиологиялық,  жы-

ныстық мәселелерді қамтитын құбылыс. 

Отбасының қызметіне байланысты ұғымдар:  



репродуктивтік  қызмет — оның  мәні  өмірді  ұдайы  өндіру, 

яғни бала туу, адамзаттың жалғасуы болып табылады; 



отбасының  бос  уақытты  және  демалысты  ұйымдастыру 

қызметі — бос  уақыт  адамның  өзінің  қалауынша  жұмсайтын 

жұмыстан  тыс  уақыты.  Бос  уақыт — өте  маңызды  әлеуметтік 

құндылықтың  бірі,  адамның  дене  және  рухани  к‰шін  қалпына 

келтіретін, таптырмайтын құралға айналды. Бос уақыт қызметін 

шамамен мынадай тармақтарға бөлуге болады: а) жыл сайынғы 

демалысты  өткізу;  б)  қала  сыртына,  саяхатқа  және  жорыққа 

шығу;  в)  ата-ана  мен  туысқандарға  бару;  г)  достармен,  жа-

қындармен,  таныстармен  кездесу;  д)  мейрамханаға,  дәмханаға 

бару;  е)  театрға,  кинотеатрға,  сауық  залына  бару;  ж)  спортпен 

айналысу; з) мерекелерді ұйымдастыру және өткізу; 



фелицитологиялық  қызмет — отбасында  махаббат  және 

бақытқа  көп  көңіл  бөлу  болып  табылады.  Некеге  тұруға 

дайындалып ж‰рген көп жастар отбасына бақытты болатын жер 

деп  қарайды.  Отбасын  құруға  т‰рткі  болатын  себептер 

(махаббат, балалы болуға ықылас, жалғыздық қорқынышы, т.б.) 

бақытты болуға негізделген.  

Отбасының жіктелуіне байланысты ұғымдар: 

Нуклеарлық — қарапайым отбасы (толық нуклеарлық отбасы 

—  к‰йеуі,  әйелі  және  балалары  бар  отбасы;  орта  нуклеарлық 



 

141 


отбасы — жұбайлардың бірінсіз, әдетте, ана баласымен болатын 

отбасы); 



к‰рделі  отбасы — отбасының  бұл  типінің  ерекшелігі — 

отбасы бірнеше ұрпақтан тұрады; 



‰лкен отбасы — он және одан да көп м‰шелері бар отбасы; 

өктем  отбасы — мұндай  отбасында  бір  басшы  болады 

(к‰йеуі немесе әйелі); 



эгалитарлық отбасы — мұндай отбасы өз м‰шелерінің өзара 

құрметі мен өзара жауапкершілігіне негізделген; ‰лкендер бала 

алдында беделді; 

сәтті  отбасы — отбасында  тұрақтылық,  отбасы  м‰шелері 

м‰ддесінің  ортақтығы,  апатты  жағдайдың  аз  саны,  барлық 

отбасын топтастыратын дәст‰рлер мен салт тарды сақтау немесе 

жасау тән; 



әлеуметтік  сәтсіз  отбасы — мұнда  ата-ананың  балаларға 

әлеуметтік  қарым-қатынасы  нашар,  мұндай  отбасында  мәдени 

деңгей төмен, материалдық жетіспеушілік көп. Балалар мұндай 

отбасында  нашар  отбасы  іс-әрекеттерін  бойына  сіңіреді  және 

оны өзінің болашақ отбасына алып барады; 

ұстаздығы  әлсіз  отбасы — мұндай  отбасында  ата-ана 

балаларының тәрбиесіне енжар қарайды; 



әлеуметтік-гомогендік отбасы — мұнда жұбайлардың ұқсас 

білімдік деңгейі және ұқсас кәсіби әрекеті болады; 



әлеуметтік-гетерогендік  отбасы — бұл  отбасы  білім 

дәрежесі әрт‰рлі және кәсіби дәрежесі әрт‰рлі, кей жағдайларда 

ұлты  әрт‰рлі  жұбайларды  біріктіреді.  Мұнда  олар  әлеуметтік-

гомогендік  отбасына  қарағанда,  отбасылық  апатқа  және  ажы-

расуға жиірек тап болады. Бұл кейбір жағдайларда жұбайларды 

өзін дамытуға, мысалы, өз бетінше білім алуға ынталандырады; 



дистанттық  отбасы — мұнда  мамандығына  байланысты 

жұбайлардың  бірі  отбасында  жиі  бола  бермейтіндіктен,  отбасы 

өмірі  тым  өзгеше.  Оған  негізінен  әскерилердің,  теңізшілердің 

және т.б. отбасы жатады. 

Некелесуге байланысты ұғымдар: 

әмеңгерлік — к‰йеуі  қайтыс  болған  жағдайда  к‰йеуінің  аға-

сына  немесе  інісіне  қосылу,  болмаса  сол  әулеттің  жақын-

дарының біріне тұрмысқа шығу; 

сорорат — әйелі қайтыс болған жағдайда балдызына ‰йлену. 

 

142



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Қазақстан — 2030. — Алматы: ЮРИСТ, 2001. — 104 б.  

2.

 



Құнанбаев А. Шығармалардың 1-томдық толық жинағы.— 

Алматы: Ғылым, 1966. — 692 б.  

3.

 

Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы  шығармалар. — -Алматы: 



Білім, 1955.— 266 б. 

4.

 



Байтұрсынов  А.  Шығармалары.—  Алматы:  Жазушы, 

1989.— 320 б. 

5.

 

Жұмабаев М. Педагогика.— Алматы: Ана тілі, 1992.— 106 б. 



6.

 

Аймауытов Ж. Психология.— Алматы: Санат, 1995.— 312 б. 



7.

 

Жарықбаев  Қ.Б.,  Қалиев  С.  Қазақ  тәлім-тәрбиесі.— 



Алматы: Санат, 1995.— 352 б. 

8.

 



Ұзақбаева  С.А.  Тамыры  терең  тәрбие.—  Алматы:  Білім, 

1995.— 232 б. 

9.

 

Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы.— Алматы: 



Білім, 1999.— 153б.  

10.


 

Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, 

теория, практика.— Алматы: РБК, 1998.— 317 с. 

11.


 

Бөлеев  Қ.  Болашақ  мұғалімдерді  оқушыларға  ұлттық 

тәрбие  беруге  кәсіби  дайындау.  Алматы:  Нұрлы  әлем, 2004.— 

304 б. 


12.

 

Халитова  І.  Абай  Құнанбаевтың  мұрасын  оқу-тәрбие 



процесіне  енгізудің  педагогикалық  негіздері.—  Алматы:  РИК, 

1997.— 151 б. 

13.

 

Наурызбаев  Ж.  Ұлттық  мектептің  ұлы  мұраты  (Оқу-



шыларға  мәдени-этникалық  білім  беру).—  Алматы:  Ана  тілі, 

1995.— 192 б. 

14.

 

Табылдиев  Ә.  Әдеп  әліппесі.—  Алматы:  Рауан, 1997.— 



120 б. 

15.


 

Ғаббасов  С,  Халық  педагогикасы  негіздері.—  Алматы: 

Ғылым, 1995.— 464 б. 

16.


 

Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы.— Алматы: Қайнар, 1996. 

-288 б. 

17.


 

Төлеубаев  А.Т.  Религии  доисламских  верований  в 

семейной  обрядности  казахов  (ХІХ-начала  ХХ  вв.).—  Алматы: 

Ғылым, 1991.— 214 с. 

18.

 

Кармышев Д.Х. Семья и семейный быт // Культура и быт 



казахского колхозного аула.— Алматы: Наука, 1967.— 303 с. 

 

143 


19.

 

Сабитов  Н.  Общественная  жизнь  и  семейный  быт 



казахов-колхозников // ТИИАЭАНКазССР.—  Алматы, 1956. 

Т.3.— с. 190—230.  

20.

 

Исаева Г. Шаңырақ шаттығы.— Алматы: Қайнар, 1992, -



352 бет. 

21.


 

Қожабекова Б. Қазақы неке. Алматы, 1994.— 64 бет. 

22.

 

Ж‰нісов А. Неке қию. Алматы, 1992.— 56 бет. 



23.

 

Байжанова Ж. Отау тігу. Алматы, 1995.— 84 бет. 



24.

 

Қарақұлов И. Сырласу. Алматы, 1996.— 164 бет. 



25.

 

Г.Мейірханова. Неке және отбасы. Алматы, 1998.— 155 



бет. 

26.


 

Сакенов  Ж.  Использование  народных  традиций  в  под-

готовке старшеклассников к семейной жизни: Дис. … канд. пед. 

наук.— Алматы, 1994.— 132 с. 

27.

 

Арғынбаев  Х.А.  Қазақ  халқындағы  семья  мен  неке. -



Алматы, 1973.— 392 б. 

28.


 

Қоянбаев  Ж.  Семья  және  балалар  мен  жеткіншектер 

тәрбиесі.— Алматы: Рауан, 1990.— 136.  

29.


 

Қоянбаев  Ж.Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Педагогика.—  Алматы, 

2002.— 384 бет. 

30.


 

Ибраимова  Л.  Қазақ  халқының  отбасылық  тәрбиесі. 

Оқу-әдістемелік құрал.— Алматы: Нұрлы әлем, 2005.— 56 бет. 

31.


 

Гребенников И.В. Основы семейной жизни.— М.: Прос-

вещение, 1991.— 158 с. 

32.


 

Жумадуллаева А. Халық педагогикасы — тәрбие өзегі // 

Ұлт тағылымы. 2001. N 4—5. 

33.


 

“Қазақ ертегілері”, І т. Алматы, 1957, 7—8 бб. 

34.

 

“Батырлар жыры”, І т. Алматы, 1963.— 612 б. 



35.

 

М. Әуезов. Шығармалар, 8 т. Алматы.— 742 б. 



36.

 

Жумадуллаева А. Отбасы-некелік өмірге дайындық. Бағ-



дарлама.— Т‰ркістан, 2003, -28 бет. 

37.


 

Красовский  А.С.  Представления  старшеклассников  о 

счастливом браке // Социологические исследования.— 1988. № 3. 

38.


 

Жумадуллаева  А.  Неке  бақыты  тәрбиеден  басталады // 

Қазақстан мектебі.— 2005, № 7. 

39.


 

Жумадуллаева  А.  Жастарды  отбасы-некелік  өмірге 

даярлаудың  негізі — ата-ана  өнегесі // Ұлт  тағылымы.— 2001, 

№ 3. 


 

144


40.

 

Қазақстан  Республикасы  орта  білім  МЕМЛЕКЕТТІК 



СТАНДАРТЫ.— Алматы, 1998 ж. 

41.


 

Қазақстан  Республикасының  “Білім  туралы”  заңы. 

Егеменді Қазақстан.— Астана, 1999 ж. 

42.


 

Педагогикалық  институттарының  программалары. N 22 

жинақ.  Жалпы  психология,  жас  дамуы  мен  педагогикалық 

психология, әлеуметтік психология, семья өміріндегі әдеп және 

психология.— Алматы, 1990 ж. 

43.


 

Қ. Жарықбаев. Әдеп және жантану.— Алматы, 1996 ж. 

44.

 

Мейірханова Г. Неке және отбасы. Алматы, 1998. 



45.

 

Нұршайықов  Ә.  Семья  өміріндегі  әдеп  және  психо-



логия.— Алматы, 1986. 

46.


 

Байжанова Ж. Семья бақыты. Алматы, 1990. 

47.

 

Байжанова Ж. Отау тігу. Алматы, 1995. 



48.

 

Заңдар жинағы. Неке және отбасы. Алматы, 1999. 



49.

 

Оразбекова К. Иман және инабат. Алматы, 1993. 



50.

 

Тәңірбергенова  Г.  Әлеуметтану  (Отбасылық-некелік 



қатынастар әлеуметтануы). Алматы, 2000. 

51.


 

Шотамбекова А. Азаматтану (V бөлім. Отбасы). Алматы, 

1998. 

52.


 

Ғалиев Ә. Ақ бесік, алтын босаға. Алматы, 1990. 

53.

 

Хрипкова  А.Г.,  Колесов  О.В.  Ұл  есейсе,  қыз  өссе. 



Алматы. 

54.


 

Қожабекова Б. Қазақы неке. Алматы, 1994. 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

145 


МАЗМҰНЫ 

 

 



Кіріспе …………………………………………………………..3 

 

1-тарау. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге  



даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері ……………………9 

1.1.


 

Қоғамның даму тарихындағы отбасы мен неке туралы  

 тарихи-педагогикалық идеялар ………………………………9 

1.2.


 

Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге  

 даярлаудың негізгі мазмұны — отбасының әлеуметтік  

 дамуының теориялары ………………………………………37 

1.3. Қазақтардағы отбасы мен неке құрудың  

ерекшеліктері …………………………………………………62 

 

2-тарау. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге 



дайындаудың ‰лгісі мен технологиясы, әдістері, жолдары …...80 

2.1. Оқушыларды отбасы-некелік өмірге даярлаудың ‰лгісі  

 мен технологиясы ……………………………………………80 

2.2. Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге 

 даярлау әдістері ………………………………………………97 

2.3.


 

Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге 

 тиімді дайындаудың жолдары ……………………………..108 

 

Жалпы қорытынды ………………………………………….135 



Негізгі ұғымдарға анықтама ………………………………..140 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………….142 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

146



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева 

 

ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ 

 

Оқу құралы    

 

«Нұр-пресс» ЖШС бас директоры  

Н. Н. Жансеитов 

 

Оаератор: Г. О. Умурова 

Корректор: А. А. Серимова 

Беттеуші: А. А. Сляднева 

 

Басуға 27.03.2008 қол қойылды.  

Қаріп т‰рі «Times». 

 

 



«Нұр-пресс» баспасы 

050057 Алматы қ., 

М. Өзт‰рік қ-ші, 12 ‰й. 

Тел.\факс: (727) 2747-833, 2742-650. 



E-mail: law-literature2006@rambler.ru 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет