Отбасы тіршілігі
және жұбайлардың
отбасынан тыс
әрекетінің салалары
Дәст‰рлі отбасының
типтік мөлшері
Қазіргі заманғы
отбасының типтік
мөлшері
Өндірістік
Дәулетті отбасында әйел
жұмыс істемеу керек.
Кедей отбасында ол
экономикалық
қажеттілікке қарай
жұмыс істейді.
Еркектер мен әйелдерге
жұмыста, мансапта,
қоғамдық қызметте тең
құқық беріледі.
Репродуктивтік
Отбасы көпбалалы болу
керек. Балалар неғұрлым
көп болса, соғұрлым
жақсы.
Бала туу т‰сінікке сәйкес
және жоспарланатын
тұрмыс қалпымен
шектеледі.
Тәрбиелік
Баланы қатаң тәртіпте
тәрбиелеу керек, тәрбие-
леу т‰рін әкесі
белгілейді, ал
тәрбиелеумен шешесі
айналысады.
Бала тәрбиелеуде оның
қалауы, пікірі ескеріледі,
‰лгі және сенім к‰шіне
негізделген тәрбие басым
болады, тәрбиемен
жұбайлардың екеуі де
айналысқаны дұрыс деп
есептеледі.
Экономикалық
Отбасының табыскері,
асыраушысы к‰йеуі болу
керек, әйел ол берген
қаражатты жұмсайды.
Еркек пен әйел кәсіби
жағдайы мен қосымша
табыс табу м‰мкіндігіне
сай отбасының
материалдық әл-ауқатына
‰лес қосады.
Бос уақыт
Ерлі-зайыптылар қонақ-
тармен қатынасты, көңіл
көтеруді, әуесқойлық
істі не бірге өткізеді, не
к‰йеуге біршама
дербестік құқық
беріледі.
К‰йеуі мен әйелі ‰йде бос
уақытын өткізуге тең
құқықты және олар
өздерінің бос уақытын
бір-бірінен жиі бөлек
өткізеді.
Рухани қатынас аясы Жұбайлар арасындағы
қатынас негізінен
отбасы проблемасына,
‰йге, шаруашылыққа,
балаларға, отбасының
көңіл көтеруіне,
туысқандармен
қатынасқа және
басқаларына арналады.
Қатынас жолдастық
сипатта болады және
отбасы проблемасынан
басқа к‰йеу мен әйелдің
тіршілік әрекетінің,
өндірістік істердің,
әуесқойлық
құмарлықтың барлық
саласын қамтиды.
44
Достармен және
туысқандармен
қарым-қатынас
Туысқандар тобымен
міндетті т‰рде қатынас,
көршілермен достық
қарым-қатынас, тек
еркектің жеке достары
мен қатынас.
Достық қарым-қатынасқа
бейімделу және м‰дделік
қатынас; туысқандық
байланысты және
көршілермен қатынасты
қолдаудың міндетті
еместігі.
Билік және азаттық
аясы
К‰йеу — отбасы
басшысы, ол негізгі
мәселелер бойынша
шешім қабылдайды.
Жұбайлар бірлесіп
талқылаған соң, негізгі
шешімдер қабылдайды
және азаттықтың бөлінуі
м‰мкін.
Бірінші әлеуметтік
бақылау аясы
Отбасы әйелдің ж‰ріс-
тұрысына қатаң бақылау
жасайды, бұл еркекке
едәуір аз дәрежеде
қатысты.
Отбасы еркек пен әйелдің
ж‰ріс-тұрысындағы
әлеуметтік ауытқуларға
(маск‰немдік, нашақор-
лық, дөрекілік, т.б.)
бірдей шамада бақылау
жасайды.
Сезімдік қатынас
аясы
Жылылық, мейірімділік,
сезімдік қабылдау тек
әйел жағынан к‰тіледі.
Жұбайлар бір-бірінен
олардың еркектік, әйелдік
ерекшелік сипатын
ескеріп, сезімдік қолдау
к‰теді.
Әлеуметтік-
мәртебелік аясы
Санаулы әлеуметтік
біртекті топта некеге
тұру, неке арқылы
әлеуметтік мәртебені
көтеруге ұмтылу.
Некелік одақтың
әлеуметтік әртектілігі,
некелік серіктің мәртебе-
лік емес, жеке басының
сипаттамасының
мәнділігі.
Жыныстық аясы
Жыныстық қатынастың
тәуелділік маңызы бар;
ол көбінесе тек бала
табудың шарты болды,
әйелдердің некеге
дейінгі қатынасына жол
берілмейді, ал еркек-
тердікі айыпталмайды;
дәулетті топта
моральдық көзқарас
негізінде некеге дейінгі
қатынас тек еркектерде
кең қолданылды.
Жыныстық қатынастың
ұдайы өндірістік қызметі-
нен бөлінуі, әйелдің
жыныстық
белсенділігінің артуы,
олардың жыныс-тық
өмірдегі талабы; некеге
дейінгі жыныстық
қатынасқа, егер оның
негізінде с‰йіспеншілік
болса, жол беру; некеде
тұрған еркек пен әйелдің
некесіз жыныстық
байланысы бірдей
айыпталады.
45
Ажырасу мәселелерін көп жеңілдеткен өзгерістердің отбасы
өмірінде орасан зор маңызы бар. Ажырасу санының өсуінің
салдары әрт‰рлі және ол отбасы қарым-қатынасын к‰рде-
лендіреді (екінші рет болған неке, толық емес отбасы, ерте
некеде болған баласы бар отбасы, т.с.с.). Осы жағдай және
тәжірибелік зерттеудің дамуы отбасы әлеуметтануының тез
дами бастауына алып келді.
Отбасының мұндай дамуының себебі, шамасы, қазіргі қоғам
мықты, рухани сау, өнегелі отбасына м‰дделі болды. Қазіргі
отбасы институтындағы байланыс пен қарым-қатынас жеке
адамның белгілі еркіндігі нәтижесінде бұрынғымен салыстыр-
ғанда к‰рделеніп кетті. Қоғам мен мемлекет жағдайы көп
нәрседе отбасы институтының жағдайына байланысты болған-
дықтан, олардың тарапынан мақсатты бағдарлама ретінде
отбасы мен некені қолдау қажет болды. Мұндай қолдауды іске
асыру тез өзгеріп тұратын отбасы мен неке қарым-қатынасын
арнайы зерттеусіз м‰мкін емес.
Отбасы саласында жұмыс істеген белгілі әлеуметтанушының
бірі Т. Парсонс болды. Ол зерттеу нысанының әрқайсысын рөлі
бар адамдар арасындағы өзара қатынастардың тұрақты типіне
с‰йенген әлеуметтік тар ж‰йе т‰рінде ұсынды. Т. Парсонс
осының негізінде бір некелі отбасының әлеуметтік ж‰йесін
мынадай рөлдердің: к‰йеу — әке, әйел — ана, ұл — аға (іні),
қыз — әпке (сіңлі) жинағы т‰рінде ұсынды. Саймандық азаттық
к‰йеу-әке рөліне, сезімдік — әйел-ана рөліне бекітілген.
Т. Парсонстың пікірінше, отбасының әлеуметтік ж‰йесі
уақытша сипатта болады: балалар өздерінің бір некелі отбасын
құрайтындықтан, ол, яғни, отбасының әлеуметтік ж‰йесі бала-
ларды әлеуметтендіру міндетін орындап, жойылады. Т. Парсон-
стың әлеуметтану теориясы жыныстық т‰йсік жетекші рөл
атқаратын жеке адамның даму кезеңі туралы Фрейд ілімінің
әсерін бастан кешірді. Бала дамудың алғашқы кезеңінде ата-
анаға ‰йір (әңгіме бәрінен бұрын ұл мен ана қатынасы туралы
болып отыр) болады. Сосын, бұл қатынас орынсыз қылықты
болдырмау ‰шін тоқтатылады. Енді баланың назары отбасынан
онымен жынысы бірдей құрдастарының тобына міндетті т‰рде
бағытталу қажет. Бұл топта келесі әлеуметтану кезеңі өтеді.
Баланың ықыласы жынысы қарама-қарсы құрбысына ауады.
Бұл оның некеге тұрып, бір некелі отбасын құруына әкеледі.
46
50—60-жылдары кең тараған отбасына қатал д‰ниедегі бас-
пана, “қауіпсіздік аралы” ретінде қарайтын көзқарас Парсон-
стың ‰лгісіне негізделді.
Т. Парсонс ‰лгісінің өзіндік ракурсы мынада: отбасы оның
тәсілі бойынша қоғамнан м‰лде оқшауланып кетті және отбасы-
неке қарым-қатынасының жағдайы мен дамуына әсер ететін
басты факторлар, негізінен субъективтік болып табылады.
Келесі американдық ғалым У. Д. Гуд отбасын антрополо-
гиялық және этнографиялық материалдар арқылы зерттеп,
өзінің тұжырымдамасын жасады. Бұл тұжырымдаманың
батыстық қоғам отбасының ерекше типін жасайтын идеясы
мынадай: жұбайлар мен олардың балаларының өмірінен қандас
туысқандар тобын шығару, бір некелі отбасының дербестігі мен
экономикалық тәуелсіздігі, жар таңдау еркіндігі, некеге тұрарда
өзара келісімділік, некеге тұру жасының кешігуі (мұнда
экономикалық тәуелсіздік және қабылданатын шешім ‰шін
өзіндік жауапкершілік ұстанымы талап етіледі), жұбайлардың
тең құқықтығына, өзара с‰йіспеншілігіне негізделген сезімдік
байланысын қолдау (іс ж‰зінде бұл, көбінесе мұрат қана).
В. Д. Гуд отбасының бұл ‰лгісін өнеркәсіпті қоғамға тән деп
есептейді. Басқа қоғамның өнеркәсіптендірілгеніне қарай,
ондағы отбасы өмірі осы тамаша ‰лгіге ‰немі жақындай т‰сетін
болады.
60—70-жылдары отбасы әлеуметтік сыншылдыққа ұшырады.
Бұл сыншылдық әртекті болды. Солардың ішіндегі ерекше
көзқарастар мыналар:
1. Отбасының құлдырауы мен дағдарысы туралы т‰ңілушілік
пайымдау, әдетте, қазіргі отбасын дәст‰рлі қоғамдардың пат-
риархалдық отбасына қарсы қоюдан шықты;
2. Отбасын қоғамдық прогресте тежеу болады, өйткені ол
өзінің негізгі міндеті — балаларды әлеуметтендіруді тым жақсы
орындады; отбасында құбылмалы әлеуметтік өмірге сай кел-
мейтін көзқарастар мен пікірлер балалардың әдетіне айналды
дейтін т‰сінік;
3. Отбасы институтының қазіргі өнеркәсіптік қоғамға сәй-
кестілігі туралы оптимистік көзқарас: уақыт талабына сай
отбасы өмірінде ‰лгі жасалынады деген ‰міт айтылды;
47
4. Отбасын дөрекілік пен зорлық-зомбылықтың тірегі деп
санау. Бұл көзқарас отбасында болған қылмыстың статистика-
сымен дәлелденеді;
5. Феминистік сын — отбасында әйелдерді басыбайлы ету
құралы;
6. Отбасы басқа қоғамдық институттарға қарағанда пси-
хикалық ауруға шалдығудың дамуына жиірек алғышарт жа-
сайды; шизофрения — отбасындағы жағымсыз жағдайларға
адамның реакциясы дейтін т‰сінік.
Америкадық әлеуметтанушы Ван ден Берге отбасының
жойылуы туралы тезисті қорғауға қоғамтанушылар келтірген
дәлелді дәйекті т‰рде жоққа шығарды. Бұл көзқарасты
жақтаушылар қазіргі өнеркәсіпті қоғамда мемлекет отбасының
көп қызметін (балалар тәрбиесі, к‰нелту минимумы, т.с.с.) өзіне
алатынына назар аударады. Зерттеуші бұған қарсы, ешқандай
отбасынан тыс мекемелер отбасы тәрбиесін толық алмастыра
алалмайды, өйткені балаларды ойдағыдай әлеуметтендіру бала
мен ересектердің арасындағы мықты байланысты талап етеді.
“Әрбір ересек адам өз баласын тәрбиелеу — қуаныш, өзгенікін
тәрбиелу — жұмыс екендігін өз тәжірибесінен біледі”.
Чех әлеуметтанушысы К. Витек отбасының әлеуметтік
институт ретінде тұрақтылығы туралы мынадай дәйек келтіреді:
ажырасу деңгейінің өсуіне қарамастан, отбасының саны кемі-
мейді. Демек, ажырасқандар қағида бойынша ерте ме, кеш пе
жаңа некеге тұрады.
Қазіргі отбасы эволюциясының ерекше белгілерінің бірі
отбасының некеден тыс және баламалы формаларының едәуір
таралғаны болды. Біріншіге, аналық және толық емес отбасы,
яғни, некелі одаққа с‰йенбейтін отбасы жатады. Екіншіге,
отбасының жаңа формалары және кейде бұрын да кездескен,
бірақ, әсіресе соғыстан кейінгі кезеңде таралған классикалық
отбасының басым типінен ауытқулар жатады.
ХХ ғасырда дәст‰рлі емес өмір стилі деп аталатын дәст‰рлі
отбасылық өмірге ұран тасталды; олар не отбасылық қарым-
қатынасқа өздерін қарсы қояды, не т‰рін өзгертіп, қатар өмір
с‰реді. Шамамен, 20-жылдардан бастап некеден тыс бірге
тұрушылық кең тарады (некеге дейінгі, некеден тыс бірге
тұрушылық). Әрине, некесіз бірге тұрушылық өткен ғасырларда
48
да болған, жаңалық сол, қарым-қатынастың мұндай типі өмір
с‰руге құқығы бар ретінде қоғамдық пікірде де, әдебиетте де
мойындала бастады. Ол ол ма, некеге дейін бірге тұрушылық
өте қажет деп есептелінеді, көп адамдар оны болашақ некенің
беріктігінің кепілі ретінде қарай бастады. Ал, некеден тыс бірге
тұрушылық көп жағдайда жұбайдан жасырылмады, нәтижесінде
“‰штік” неке пайда болды.
Отбасы-неке қарым-қатынасының жаңа типтерін іздеуге
арналған көпшіліктің пішін шығармашылығы біздің елді де
айналып өтпеді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында отбасы
институтын реформациялау жөнінде ауқымды идеялар пайда
болды. Төңкерістен кейінгі алғашқы жылдардағы отбасы-неке
қарым-қатынасы туралы жоғарыда аталған пікірлерден отба-
сының негізгі қызметі репродуктивті, яғни халықты ұдайы
өндіру, жас ұрпақты әлеуметтендіру, мемлекетке сеніп тапсыру
болып ұйғарылған. Әрине, барлық осы көзқарастар утопиялық
және ғылыми негізделмеген еді. Сондықтан, осындай жағдайда
отбасы әлеуметтік институт ретінде қажетсіздіктен жойылып,
коммунамен ауыстырылу керектігі туралы ұсыныс туды. Бұл
болмады, өйткені басқа институттар жас ұрпақты әлеумет-
тендіру мәселесінде отбасымен бәсекелесе алмады.
Бұл саладағы ізденіс тоқтамады. Отбасы-неке қарым-қатына-
сындағы өзгерістер Екінші д‰ниеж‰зілік соғыстың алғашқы
онжылдықтарында айқын болғаны сонша, американдық
антрополог М. Мид екі сатылы некенің бар екенін айтты:
бірінші саты — жеке неке, бұл жағдайда оған сәби с‰юді
қаламайтындар кіреді, оның мақсаты жыныстық бірге тұру
болды, екінші саты — ата-ана некесі, мақсаты репродуктивті
қызметті, яғни бала тууды орындау болып табылды. М.Мид
екінші сатыдағы неке біріншідегі некеден беріктеу болады
дегенмен, жеке некенің кейде ата-аналық некеге айналуы
м‰мкін екендігін атап өтті.
Батыс Еуропа мен Солт‰стік Америка елдерінде әлеуметтану
зерттеулерінің арқасында баламалы некенің бірнеше т‰рін
табудың сәті т‰сті, бірақ олардың біршама дұрыс жіктеуін
жасау едәуір қиындыққа соқтырды. Олардың бірі — “ж‰йелі-
бөлек”. Мұндай некенің мәнісі мынада: к‰йеу мен әйел ерлі-
зайыптылар өмірінің белгілі кезеңінде к‰ні бұрын келісіп, біраз
49
уақытқа ажырасып кетеді. Мұндай бір-бірінен оқшаулану
отбасы өмірін ескішілденуден сақтайды. Алайда, некенің мұн-
дай формасына әркімнің шамасы келмейді. Бұл ‰шін жұбай-
лардың жақсы материалдық жағдайы, кішкентай балаларның
болмауы талап етіледі.
Басқа бір т‰рі — “ашық неке”. К‰йеу мен әйел мұндай не-
кеде тәуелсіз серік болады. Бұл тәуелсіздік кәсіптік, пара-
саттылық, рухани және кейде жыныстық қатынас аясында
байқалады.
Баламалы отбасы-некелік қарым-қатынастың ең соңғы
формасы кейінгі уақытта “свининг” деп есептеледі. Басқа сөзбен
айтқанда, заңдастырылған кезде көзге шөп салушылық, жұбай-
лардың некеден тыс қатынасы кез келген жағдайда және кез
келген уақытта болуы м‰мкін.
Барлық келтірілген баламалы некені әлеуметтанушы С. И. Го-
лодтың сөзімен сипаттауға болады: “Отбасы мен некелік
қатынас типінің көп нұсқалылығы еш уақытта шатастырылмауы
тиіс. Кейбір адамдарда, әсіресе Батыста (бізде де аздап
кездеседі) бір некеліктің дағдарыстық жағдайы туралы пікір
пайда болуда. Өкінішке орай, тіпті мамандардың бір бөлігі
осылай ойлайды. Турасын айтқанда, барлық өнеркәсібі дамыған
елдерде бір некелік отбасы елеулі өзгерістерге қарамастан,
бұрынғыдай негізгі отбасы болып қалады; оның қасында
баламалы неке теңіздегі тамшыдай”.
Соңғы кездері көпбалалы отбасы санының азаюы және әр
отбасында қанша бала болу керек деген мәселе жайлы баспасөз
беттерінде пікірталастар көптеп жариялануда.
Демографтар отбасының жартысынан көбі екі-‰ш балалы
отбасы болуы қажет деп есептейді. Сондықтан, біздің қоға-
мымыз әр отбасында ‰ш баладан кем болмауына айрықша назар
аударуда. Бірақ, қалада тұратын жастар мен жас ата-аналардың
көпшілігі бұл мәселеге әлі де толық мән бермей келеді. Кейбір
жастар отбасын құруға жеңіл-желпі қарайды, өзінің және қоғам
алдындағы жауапкершілігін сезбейді. Осының нәтижесінде
ойланбай өзара некелеседі. Көп ұзамай-ақ ерлі-зайыпты екі
жастың арасында дау-жанжал көбейіп, отбасы азады, бірте-бірте
оның беделі төмендейді, ақырында ажырасады. Ал, кейбір жас
ата-аналар көпбалалы отбасы болуға онша құштар емес. Олар
‰шін жалғыз баланы тәрбиелеп өсірудің өзі де жеткілікті.
50
Қазіргі қазақ отбасы ерекшелігінің бірі оның репродуктивтік
қызметіне тікелей байланысты. Кейінгі жылдары бір балалы
отбасының саны артты; 80—90-жылдардан бастап сәбилердің
д‰ниеге келуі едәуір төмендей бастады. Кейбір қоғамтанушылар
мұндай жағдайды отбасы ‰шін балалардың пайдалылығының
төмендеуімен т‰сіндіреді. Балалар отбасының жұмысшы к‰ші
және еңбек қоры ретінде мағынасын жойды, көп жағдайда
қарттықта тірек ретінде қажетсіз екендігін көрсетті. Одан басқа,
қазіргі өмірлік ‰лгінің деңгейінде ата-ананың көбісі өз
балаларын материалдық қамтамасыз етіп, жақсы білім бере
алмайды.
Ал, егер отбасы көпбалалы болса, ол өзінің ұжым болып
қалыптасуына табиғи жағдай жасайды. Ата-бабаларымыз Әр
бала өз несібесімен туылады деген, сөзді тегін айтпаған. Отбасы
м‰шелерінің өзара т‰сінушілігі, қарым-қатынасы, достық,
адамгершілік қасиеттері қалыптасып, туысқандық байланысы
нығаяды. Отбасында бірін-бірі сыйлау, балаларды тәрбиелеу
қамқорлығы және отбасы бірлігі арта т‰седі.
Бұдан басқа, кейінгі уақытта ажырасулар санының артуы
және некеге тұру санының азаю ‰рдісі байқалады. 25 жастан 50
жасқа дейінгі жалғызбасты адамдар саны көбейді. Кейбір
мамандардың болжауы бойынша жуық арада адамның жаңа типі
— жалғызбасты адам пайда болады
Отбасын тұрақсыздық пен к‰йзеліске алып баратын жа-
ғымсыз ‰дерістер қоғамның өзімен тікелей байланысты. Отбасы
мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынып, онымен тығыз
қарым-қатынас орнатылмаса, мемлекет отбасын әлеуметтік
институт ретінде қолдап отырмаса, айтылған ‰рдістер апатты
сипат алады.
Сонымен, қазіргі кездегі демографиялық міндеттердің бірі —
халықтың өсу заңдылығын зерттеу негізінде демографиялық
немесе халық саясатын жасап, оны іске асыру. Ұлттық саясат
халық санының өзгеруіне, сонымен бірге б‰кіл демографиялық
процеске тікелей және жанама ықпал жасауы тиіс. Тікелей әсер
ету ‰шін заң жолымен халықтың бір елден бір елге дәлелсіз
ауысуына шек қою, еркек пен әйелдің некелесуіне, бала тууға
жағдай жасау, мамандар даярлау мәселесін жоспарлау керек.
Жанама жолмен ықпал жасау ‰шін халықты халық шаруашы-
51
лығының ең басты салаларына пайдалану, оның мәдени және
тұрмыс дәрежесін жақсарту, әрбір отбасына бала санының
өсуіне қажетті жағдай жасау қажет.
Айналамыздағы д‰ниенің соншама қарқынмен өзгеруі,
құндылық жағдайы т‰рлі ұрпақтың т‰сінігінен білінеді. Олар-
дың құндылықтары арасындағы саңылау барған сайын ұлғайып
барады. Бұл келеңсіздікті М. Мид ашты. Қазір “префигу-
ративтік” мәдениет деп атанған феномен байқалуда. Онда
балалар мен ересектердің өмірді әрт‰рлі т‰сінетіні соншалық,
олардың бір-бірінен ‰йренетіні мол. Мид “префигуративтік
мәдениет” шеңберінде әр ұрпақ өмір туралы т‰сінігін болмысқа
емес, ойша болуға, тиісті нәрсеге, яғни ең жоғары бейнеге
с‰йеніп қалыптастырады деп есептейді.
Префигуративтік мәдениет феноменінің болуы ‰шұрпақтық
отбасына тұрақсыздық әкеледі. ‡шұрпақты отбасының екі
типінде: балалардан, жас жұбайлардан (19—28 жастағы) және
олардың ата-аналарынан (40—50 жастағы) тұратын отбасында
және жасөспірімдерден, жұбайлардан (40—50 жастағы) және
олардың ата-аналарынан (60—70 жастағы) тұратын отбасында
ж‰ргізген сұрақтарды салыстыру нәтижесінде қызықты
материал алуға болады. Ата-ананың өз ұрпағы өкілімен белгілі
т‰сініспеушілік және психологиялық шиеленіс бар; мұны
сұралған жастардың 61%-ы растады; сұралған орта буын
өкілдерінің 32%-ы өздерінің ата-аналар өкілімен қарым-
қатынаста мұндай жағдай болатынын көрсетті. Сірә, осы
фактілер Қазақстанда қазіргі ‰шұрпақты отбасының әлсіреу
‰рдісін дәлелдейді. Сұралған жас жұбайлардың 80—85%-ының
қандай жағдайда болса да өздерінің ата-аналарынан бөлек
тұрғысы келетінін айтуы кездейсоқ емес.
Адамзат б‰кіл тарихында отбасы мәселелеріне және оның
қызметіне әрт‰рлі қарады: әлеуметтік к‰йзеліс кезеңінде отба-
сын әлеуметтік өзгеріс контексінде артық және кедергі
жасайтын нәрсе ретінде жойып жіберуге әрекет жасалды, басқа
кезеңдерде отбасын қоршаған әлеуметтік проблемадан жасыры-
натын орта ретінде санады, сондықтан да отбасы қажетті және
таптырмайтын дәрежеде болды. Әлеуметтік жағдайға байла-
нысты отбасының әлеуметтік қызметінің өзгеруі кейін толы-
ғырақ талқыланады.
52
Отбасы-неке қарым-қатынасының болашағын болжау әрекеті
өте көп. С. И. Голод адамзат тарихындағы отбасы эволю-
циясының өз жолын салды және оның жақын болашақтағы
белгісін болжауға әрекеттенді. Оның пікірінше, отбасы дамуы
патриархалдықтан балаорталықтыққа, соңынан жұбайлыққа
ауысқан. Патриархалдық отбасының кіндігі ата-ана болады.
Бұған көпбалалы шаруа отбасы мысал бола алады. Балаор-
талықтық отбасы — барлық қарым-қатынастың өзегі бала
болатын қазіргі типтік отбасы. С. И. Голодтың пікірінше, жұ-
байлық отбасы таяу болашақтағы отбасының тап өзі болады.
Бұның мәнісі осы заманғы немесе өз ғасыры дәрежесіне сәйкес
адамдардың дербестігіне негізделеді. Демократиялық қоғамда
ешкім жаппай ортақ ‰лгіде әрекет жасамайды, т‰рлендіруге
және өздігінше шешім қабылдауға әрқашан орын табылады.
Дербестік мынада: жұбайлардың м‰ддесі отбасы мұратынан
ауқымдырақ, әрқайсысының қажеттігі мен қатынас шеңбері
жұбайлық шеңберінен шығып кетеді, олардың әрекеті әдет-
ғұрыппен, дәст‰рмен, сыртқы жарлықпен болмаса да, өзіндік
ерекшеліктерімен, құлықтық-әсемдік құндылықтарымен реттеледі.
И. В. Бестужев-Лада ‰шінші мыңжылдықтың басында
жалғызбасты адам, бір балалы отбасы және ажырасу болмайды
деп пайымдады.
Қазір кімнің болжамы жақын болашақта орындалатынын
айту қиын, бірақ отбасының жойылмайтынына сенуге болады,
өйткені адамзат өз тарихында отбасы осы к‰нге дейін орындап
ж‰рген қызметті атқара алатындай басқа қоғамдық институтты
жасаған жоқ.
Отбасының жіктелу проблемасына келгенде, кейбір қиын-
шылықтар туындады, отбасы мен неке формасының, т‰рінің
саны өте көп болғандықтан, оларды нақты санмен белгілеу
қиын. Осы жағдайда ғылыми әдебиеттерде бәрінен жиі
кездесетін отбасының ең негізгі белгісіне тоқтап кету орынды
деп есептедік.
1. Құрамы бойынша:
а) Нуклеарлық (қарапайым) отбасы қалай толық болса, солай
орта бола алады. К‰йеуі, әйелі және балалары бар отбасы толық
нуклеарлық отбасы деп есептеледі. Орта нуклеарлық отбасы —
жұбайлардың бірінсіз: әдетте, ана баласымен болатын отбасы.
53
Орта нуклеарлық отбасы ажырасу нәтижесінде жиірек, ал сирек
жағдайда жұбайлардың бірі қайтыс болғанда немесе жалғыз
әйел мен еркектің бастамасымен бала асырап алған жағдайда
пайда болады. Орта нуклеарлық отбасындағы барлық өмірлік
тәртіп басқа отбасының тәртібінен ерекшелінеді. Бұл, әсіресе,
орта отбасының ажырасуы нәтижесінде құралса, ол баланың
психикасына айтарлықтай әсер етеді. Ата-ананың ажырасуы
нәтижесінде пайда болған орта отбасы жұбайлардың бірінің
қайтыс болуынан пайда болған орта отбасымен салыстырғанда
нашар жағымен елеулі ерекшеленеді. Әдетте, екінші жағдайда
отбасының қалған м‰шелері бір-бірімен тату, біріккен,
қайырымды: мұндай отбасындағы балалар ерте еңбекке ‰йре-
неді және тәуелсіз болады. Бірінші жағдайда ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынас бұзылады. Кәмелетке толмаған
құқық бұзушылардың шамамен жартысына жуығы орта отба-
сында өмір с‰рген. Бұл пікір орта нуклеарлық отбасының бар-
лық типіне қатысты.
Толық нуклеарлық отбасы — басқа отбасылар арасында ең
көп таралған форма. Онда жұбайлар мен олардың балаларының
өзін-өзі қалыптастыруы, қабілетін көрсетуі ‰шін көп жағдайлар
жасалған. Солай болғандықтан, осы жағдайда жұбайларға
олардың ата-анасының к‰шті ықпалы білінбейді. Бала тәрбиесі
‰рдісінде к‰рделі отбасындағыдай бұл мәселеде т‰рлі ұрпақтың
арасында пікір қайшылығы туындайтын апатты жағдай азырақ
болады. Алайда, нуклеарлық отбасының жағымсыз жақтары да
бар. “Бөлек тұратын отбасында, тіпті шамалы ұрыс-керістің өзі,
әсіресе, отбасы дамуының ерте кезеңінде өте қауіпті; бұл
уақытта олар отбасының толық жойылуына алып келуі м‰мкін”.
Бұдан басқа нуклеарлық отбасы қазіргі жағдайға нашарлау
бейімделген, әйелдің қоғамдық және өндірістік өмірге еркекпен
бірдей қатысуы ата-ананың балаларымен қарым-қатынасына
уақыттың аз мөлшерде бөлінуін тудырады. Мұндай отбасында
ата-ананың балалармен қатынасы к‰ні бұрын белгілі
тақырыпқа: мектептегі немесе бала-бақшадағы жаңалықтарға
құрылып, тәулігіне бірнеше сағат бөлумен ғана шектеледі.
Мұндай жағдай балалардың ата-анасының жылуы мен мейірімін
аз сезінуіне, ақырында балалардың ата-аналарымен қарым-
қатынасының екіжақтылығына апарады;
54
б) К‰рделі отбасы. Отбасының бұл типінің ерекшелігі —
отбасы бірнеше ұрпақтан тұрады. Әрт‰рлі ұрпақ адамдарын бір
отбасында өмір с‰руге мәжб‰рлейтін негізгі екі себеп бар.
Олардың бірі мынада: жас жұбайлар ата-анасымен тұруды
қалайды, өйткені бұл тұрмыстық және материалдық аспектіні
жеңілдетеді. Жас жұбайларға сәбиді тәрбиелеу оңайға т‰седі,
өйткені әжесі мен атасы бар, сол себептен де олардың бос
уақыты көп болады. Жас жұбайлар ‰шін к‰рделі отбасында бос
уақыт өте қымбат. Ұрпақаралық қатынаста қолайсыздық
болатын т‰сінбеушілік пен м‰дделердің қайшылығынан жас
жұбайлар бос уақытын отбасынан тыс өткізуді қалайды. Сон-
дықтан да к‰рделі отбасы әдептілікке, шыдамдылыққа ‰йретеді.
К‰рделі отбасының өмір с‰руінің екінші себебі, тұрғын ‰й
тапшылығы жастарды ата-анасымен бірге тұруға тәрбиелейді.
в) ‡лкен отбасы (10 және одан да көп м‰шелері бар) біздің
уақытта сирек кездеседі. Мұндай отбасында балалар ‰шін проб-
лема жоқ, байланыстың әралуандығы бар, өзара көмек к‰шті
дамыған. Дау едәуір азырақ, өйткені мұндай ‰лкен отбасындағы
өмір оның әрбір м‰шесін өнегелі және қайырымды болуға
мәжб‰р етеді.
2. Балалардың саны бойынша:
а) Баласыз отбасы. Отбасында бала болмаудың негізгі
себебінің бірі — жұбайлардың бірінің бала тууға кедергі бо-
латын дене сырқаты немесе кешеуілдеп қалған неке. Баласыз
отбасы өте тұрақсыз болады, әрбір ‰шінші баласыз отбасы
айырысып кетеді. Е. К. Васильева мұндай отбасындағы ажыра-
судың себебі балалардың жоқтығы емес, қарым-қатынастың
‰йлесімсіздігі деп пайымдайды;
б) Бір балалы отбасы. Мұндай отбасы, әсіресе кейінгі
уақытта көп тарала бастады. Себебі, баланың ата-аналары
жағынан ‰лкен көңіл бөлуді талап ететін қарым-қатынасы
негізгі нысана болуында. Жалғыз балаға сапалы тәрбие, білім
беру, материалдық жағдай жасау қолайлы болатындықтан, от-
басының көбі бір бала с‰юді қалайды. Алайда, ғалымдар бір
балалы отбасында жағымсыз белгілер едәуір көп деп есептейді.
Жалғыз өскен бала ата-анамен байланысты жиі ‰зеді, мұндай
балалардың көбісі сезімшілдікке бейімделген, қайырымды-
лыққа, өзара көмекке, өз бетінше өмір с‰руге азырақ икем-
55
делген. Бір балалы отбасында ажырасу жиірек кездеседі,
осындай әрбір екінші отбасы ажырасады;
в) Аз балалы отбасы. Мұндай отбасында екі-‰ш бала болады.
Бір балалы отбасына қарағанда орнықты болады;
г) Көпбалалы отбасы. Төрт және одан да көп баласы бар
отбасы көп балалы деп есептеледі. Мұндай отбасында ажырасу
сирек кездеседі. Мұнда белгілі бір балалар ұжымы құрылады,
бір балалы отбасына тән проблемалар азырақ кездеседі. Сонда
да көпбалалы отбасының кері жағы да бар, бұл — материалдық
жабдықтау проблемасы (әсіресе, қазіргі нарықтық қоғамға
байланысты).
3. Отбасының стажы бойынша мынадай отбасының типтері
бар:
а) жас жұбайлар;
б) жас отбасы;
в) баладан ‰міткер отбасы;
г) балалары бар жас отбасы;
д) орта жастағы жұбайлар отбасы;
е) егде жұбайлар жұбы.
4. Географиялық белгісі бойынша: а) қалалық. б) ауылдық.
5. Отбасындағы басшылық типі бойынша:
а) Өктем отбасы. Мұндай отбасында бір басшы болады.
Жұбайдың басшылық қызметін мойындау дәлелін талдау
белгілі назар аудартады. Еркектік басшылық дәлелінің ішінде
кең тарағаны “материалдық қамтамасыз ету”, “отбасындағы
бедел”, “өмірлік тәжірибе”, “дәст‰р”, “мінез” және “отбасы
туралы қамқорлық”. Әйелдік басшылық дәлелінің ұқсас
иерархиясында шеткі нәрселер (материалдық ауқаттылық және
жалақы, отбасы туралы қамқорлық) орын ауыстырады, өзге
дәлелдер сол құрылымды сақтайды. Егер отбасы басшысы —
еркек ‰шін отбасы асыраушысы болуды мойындау шешуші
фактор болса, әйел — басшы ‰шін отбасының к‰нделікті тұр-
мысын ұйымдастырушы ретінде көріну басты болып табылады.
Өктем отбасының жақсы жағымен бірге, жағымсыз жақтары
да болады. Отбасы басшысының отбасының өзге м‰шелеріне,
ересектер мен балаларға, ‰лкендердің кішіге қарым-қаты-
настарының өктем стилі кез келген талапқа сөзсіз бағынуды
талап ететіндіктен, бұл балаға қатал қарауға және сезімдік
56
ашуға әкеліп соғады. Барлық тәрбие екі әдіске саяды: “қам-
шылау және арбау”. Өктем отбасының апологеттері тек осындай
отбасы баланы жастайынан тәртіпке ‰йретуге м‰мкіндік береді
деп есептейді. Тәрбиенің өктем стилінің аянышты нәтижесі
барлығына белгілі: бастамасыздық, енжарлық, жауапкершілік
пен қиыншылықтан бас тарту және билікті аңсау;
б) Эгалитарлық отбасы. Мұндай отбасы өз м‰шелерінің өзара
құрметі мен өзара жауапкершілігіне негізделген: ‰лкендер бала
алдында беделді. Сөйтіп, әлеуметтанушы З. А. Янкованың
материалдары бойынша, басшылығы анық байқалмайтын отба-
сының ‰лес салмағы қарама-қарсы отбасының ‰лес салмағына
мен шамалас (49% және 51%). Отбасындағы басшылықтың
өзгеру ‰рдісін мына формалардың қозғалысы т‰рінде көрсетуге
болады: басшыны жеке қасиеті мен отбасындағы шектеусіз
билігіне ұласатын отбасы өміріне қатысу дәрежесіне байла-
ныссыз қадірлеуден, отбасы басшысының нақты қызметі мен
қасиетін мойындауға негізделген басшылыққа (нақты басшы-
лық) немесе формальды басшылықтан отбасы ішіндегі бас-
шылыққа. Соңғысының пайда болуы қазіргі отбасына тән ‰рдіс,
ал екі басшының болуы (отбасы ішіндегі өмірдің әрт‰рлі аясын
ұйымдастырушылар), оның ерекшелігі отбасындағы қарым-
қатынастар сипаты туралы әлеуметтану мәліметтерін терең
талдағанда, қазіргі уақыттағы отбасындағы ішкі реттеу рефлексі
және құндылықтар көлемінің қатынасы арқылы жиі ж‰зеге
асатыны айқындалды. Бұл бір жағынан отбасының әлеуметтік-
психологиялық топ (оған әлеуметтік өзі ұйымдастыру құбы-
лысы тән) ретінде ерекшелігін бейнелейді; басқа жағынан
қоғамның әлеуметтік бейімделуі және реттеушілік қызметі
әсерінің айғағы болады. Алайда, отбасында шешім қабылдау
механизмдерінің бұл өзгерісі жиі апатты жағдайға әкеледі,
өйткені олар барлық отбасына қалыпты норма бола алмаған.
Сонда да отбасында теңдікті қалыптастыру, отбасы басшысы
болып біресе к‰йеу, біресе әйел, біресе ересек балалар бола
алатын келешек дамудың жетекші ‰рдісін жасайды.
6. Отбасындағы қарым-қатынас сапасы және жағдайы
бойынша:
а) Сәтті отбасы. Мұндай отбасына тұрақтылық, отбасы
м‰шелері м‰ддесінің ортақтығы, апатты жағдайдың аз саны,
57
барлық отбасын топтастыратын дәст‰рлер мен салттарды сақтау
немесе жасау тән. Мұндай тип балалардың жақсы жетілуіне
және олардың әлеуметтенуіне м‰мкіндік туғызады;
б) Әлеуметтік сәтсіз отбасы. Мұнда ата-ананың әлеуметтік
қарым-қатынасы балаларға қалай болса, қоғамның басқа
м‰шелеріне де солай. Әдеттегідей, аталған отбасында мәдени
деңгей төмен, материалдық жетіспеушілік молшылық. Балалар
мұндай отбасында нашар отбасының іс-әрекеттерін бойына
сіңіреді және оны өзінің болашақ отбасына алып барады;
в) Ұстаздығы әлсіз. Мұндай отбасында ата-ана балаларының
тәрбиесінде өте-мөте әлсіз және енжар.
7. Отбасындағы тұрмыс, отбасы тәртібі бойынша:
а) Шаруашылық-тұрмыс ұясы ‰лгілі отбасы. Әлеуметтану
зерттеулері отбасындағы к‰йеудің негізгі жақсы жақтары:
‰йдегі істерге қатысуы және көмек беруі деп есептейді. Мұндай
отбасында тазалыққа, реттілікке, жабдықталғандыққа, ден-
саулыққа, тамақтануға және бос уақытқа ерекше назар ауда-
рылады;
б) Балаорталық отбасы. Мұндай отбасында барлық қамқор-
лықтың орталығы — отбасы өмірінің негізі бала болады. Бала
туралы материалдық және рухани қамқорлықтың артуы — оң
құбылыс. Алайда, оған бұл жөнінде борыштың шамадан тыс
ұлғаюы кейде жағымсыз әлеуметтік және құлықтық зардапқа
апарады. Біздің ж‰ргізген сұрағымыздың нәтижесінде ата-
аналардың орташа 90%-ы балаларға мектеп бітірген соң қанша
қажет болса, сонша көмектесетінін айтты. Көп жылдарға со-
зылған материалдық көмек есейіп келе жатқан балаларда
еңбеккерлік және азаматтық сапалардың дамуына және нығаю-
ына кедергі жасайтын фактор болуы м‰мкін. Дәйектілікпен
ж‰ргізілген балаорталықтың ұрпақаралық т‰сінбеушілігінен
қолайсыздыққа ұшыратады. Е. Е. Леванов балалардың орта
мектепті бітіргеннен кейінгі кәсіп т‰ріне ата-ананың бейім-
делуін анықтай келіп, бұл туралы ‰лкен және жас ұрпақ
арасында келіспеушілік бар екенін білді;
в) Жұбайлық отбасы. Әлеуметтанушы С. И. Голодтың айту-
ынша, кейінгі онжылдықтарда отбасының шартты т‰рде
жұбайлық деп аталған жаңа типі пайда болды. Бұл отбасында
қарым-қатынастың негізгі өзегі ата-аналық және туысқан-
58
дықпен емес, жұбайлықпен, яғни серіктердің жеке өзара қарым-
қатынасымен анықталады. Жұбайлық іс ж‰зінде жеке адамның
дербестігі ретінде құндылықтарының төмендеуімен байланысты
мәдени өзгерістердің нәтижесінде қалыптаса алатын еді. Еркек
пен әйелдің теңдігіне “ашыналық” пен “дербестік” құндылық-
тарының к‰шеюі нәтижесінде қол жетеді;
г) Патриархалдық отбасы. Патриархалдық отбасының мә-
нісін мынадай ұстанымға келтіруге болады: отбасы циклының
барлық кезеңінде бірыңғайлық пен даралық іріктеудің жоқтығы.
Негізінде салт-сана және діни жарлықтары ескішіл, өмір
апатсыз болмаса да, сырттай едәуір сақталған және тұрақты;
д) Пікірталас клубы немесе спорттық топ типіндегі отбасы.
Жұбайлар және олардың балалары өмірдің ескішілдігімен таныс
емес, олар көп саяхат жасайды және көп спортпен әуестенеді;
е) Отбасы — “жұбаныш”. Мұнда отбасының барлық м‰-
шелері отбасынан тыс өмірден демалады, психологиялық және
сезімдік қолдау табады.
8. Әлеуметтік құрамның біркелкілігі бойынша:
а) Әлеуметтік-гомогендік отбасы. Мұнда жұбайлардың ұқсас
білімдік деңгейі және ұқсас кәсіби әрекеті болады. Бұл тәрізді
отбасы орнықты және жұбайлардың м‰ддесі мен олардың
парасаттылық деңгейінің ортақтығынан жақсы микроклимат
басым болады;
б) Әлеуметтік-гетерогендік отбасы. Бұл отбасы білім дәре-
жесі әрт‰рлі және кәсіби дәрежесі әрт‰рлі, кей жағдайларда
ұлты әрт‰рлі жұбайларды біріктіреді. Олар әлеуметтік-гомо-
гендік отбасыналық қарағанда отбасы апатқа және ажырасуға
жиірек тап болады. Бұл, кейбір жағдайларда жұбайларды өзін
дамытуға, мысалы, өз бетінше білім алуға ынталандырады.
9. Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша:
а) Дистанттық отбасы. Мұнда мамандығына байланысты
жұбайлардың бірі ‰йде жиі бола бермейтіндіктен, отбасы өмірі
тым өзгеше. Оған негізінен әскерилердің, теңізшілердің және
т.б. отбасы жатады.
б) Студенттік отбасы. Біздің уақытымызда некенің көбісі
студенттер арасында болады. В. Т. Лисовскийдің мәліметі
бойынша, студент жастарда некеге тұру бірінші курста-ақ бола-
ды. Сұралған бірінші курстағылардың 70%-ы некеге тұру сту-
59
денттік жылдарда м‰мкін деп есептейді; 27%-ы алдымен білім
алуды, содан соң отбасын құруды ұнатады; 3%-ы некеге тұрып
қойған. Екінші курстың өзінде отбасылы студенттер саны 12%-
болады. Қазіргі отбасының қызметтік ж‰гіне студенттер көзқа-
расында отбасының психологиялануына бейімделу байқалады;
онда психологиялық қызмет ‰стемдік орын алады (80%
шамасында). Репродуктивтік қызметтің жоғары маңызы бар
(76%). Ашыналық қарым-қатынастың жоғары маңыздылығын
бірінші курстағы студенттердің жартысына жуығы және ‰шінші
курстың 62%- мойындайды.
Б‰гінгі таңда балалардың көбеюі, отбасын құрған жастардың
көпшілігінің ажырасып кетуі жастар арасында ‰й болу тәр-
биесінің аздығынан. Осыған орай мектептерде, 9—11 сынып-
тарда болашақ ‰й болу тәрбиесіне халық педагогикасы негізінде
ерекше көңіл бөлінгені жөн.
Бұдан басқа, студенттік отбасы көбірек топтасқан, белсенді.
Некеге тұрудың материалдық себебі айқын емес, бірақ некелік
серікке рухани талап жоғары. Қазіргі таңдағы отбасының
т‰рлері мен типтерін жіктеу жоғары сынып оқушыларының
отбасы туралы білімдерінің қалыптасуына ‰лкен ықпалын
тигізеді. Сондықтан, 1-ші суреттегідей отбасының жіктелуін
ж‰йелеп беруге негіз болды.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптай келе, отбасы-
ның мынадай типтері мен т‰рлері анықталды:
1. Құрамы бойынша: нуклеарлық (қарапайым, орта, толық
нуклеарлық отбасы); к‰рделі отбасы; ‰лкен отбасы;
2. Балалардың саны бойынша: баласыз отбасы; бір балалы
отбасы; аз балалы отбасы; көпбалалы отбасы;
3. Отбасының стажы бойынша мынадай отбасының типтері
бар: жас жұбайлар; жас отбасы; баладан ‰міткер отбасы; ба-
лалары бар жас отбасы; орта жастағы жұбайлар отбасы; егде
жұбайлар жұбы;
4. Географиялық белгісі бойынша: қалалық; ауылдық;
5. Отбасындағы басшылық типі бойынша: өктем отбасы;
эгалитарлық отбасы;
6. Отбасындағы қарым-қатынас сапасы және жағдайы
бойынша: сәтті отбасы; әлеуметтік сәтсіз отбасы; ұстаздығы
әлсіз отбасы.
60
7. Отбасындағы тұрмыс және тәртіп бойынша: шаруашылық-
тұрмыс ұясы ‰лгілі отбасы; балаорталық отбасы; жұбайлық
отбасы; патриархалдық отбасы; пікірталас клубы немесе
спорттық типтегі отбасы; отбасы — “жұбаныш”;
8. Әлеуметтік құрамның біркелкілігі бойынша: әлеуметтік-
гомогендік отбасы; әлеуметтік-гетерогендік отбасы;
9. Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша: дистанттық
отбасы; студенттік отбасы.
|