Қайым Мұхамедханов



бет6/8
Дата30.03.2023
өлшемі49,52 Kb.
#77461
1   2   3   4   5   6   7   8
Егеубаев Асқар (1950–2006) - 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Қыстау Күршім ауылында дүниеге келген. 
1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітіріп, аспирантурасында оқыған. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында, Қазақстан Республикасы энциклопедиясының Бас редакциясында, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде, ҚР Парламенті Сенат аппаратында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мәдениеттану, мемлекеттік қызметті тілдік қамту» бағдарламасының директоры болды.
Алғашқы өлеңдері Зайсан аудандық «Достық» газетінде 1964 жылдан жарық көре бастады. «Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар», «Құс жолы», «Әділет», «Движение», «Сыр мен сымбат», «Сөз жүйесі», «Кісілік кітабы», «Аламан», «Құтадғу білік» (Құтты білік), «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» поэзия, әдеби сын, зерттеу еңбектердің авторы. Ежелгі түркі ескерткіштерін зерттеп, аударған. 
1986 жылы Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанын тұңғыш рет толық аударып, жеке том етіп жариялатты. Осы еңбегі Пекинде «Ұлттар» баспасында араб әліпбиімен жарық көрген (1989, 1997). Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының әдеби сөздігін жасап, ол туралы талдау еңбектерін жарыққа шығарды. М.Қашқаридың көп томдық «Диуани лұғатиттүрік» атты шығармасын тұңғыш қазақшалап зерттеп, жариялатты.
Филология ғылымдарының докторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік XІІ фестивалінің (Мәскеу, 1985) дипломанты. Жас жазушылардың бүкілодақтық VІІ кеңесіне қатысқан (Мәскеу, 1979). 
ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1984), «Құрмет» орденімен (2003) марапатталған. КСРОның «Еңбектегі ерлігі үшін» (1986) медалінің иегері.


Болатжан Абылқасымов (1950-2009)
Әбілқасымов Болатжан Шайзадаұлы (1950-2009 жж.) - филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы, фольклоршы-ғалым, педагог.
ШҚО Үржар ауданының Қабанбай ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ды (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аяқтаған соң, еңбек жолын аға лаборант, кіші ғылыми қызметкерден бастап, М. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының ғылыми хатшысы қызметіне дейін жеткен. Бірнеше жылдар Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдерін басқарады: факультет деканы, кафедра меңгерушісі. Ғылыми мүддесі - фольклортану. «Жамбыл және халық поэзиясы», «Қазақ жырларының мәселелері», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Әдебиет терминдерінің сөздігі», «Әдебиеттану», «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия», «Қазақ әдебиеті. Энциклопедия» т.б. ұжымдық ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы. «Телқоңыр» монографиясы жарық көрген. «Әсет Найманбаев» кітабы
Б. Абылқасымов ғылыми еңбектері
Абылқасымов, Б. Телқоңыр / Б. Абылқасымов. - Алматы : Қазақстан, 1993. - 160 б.
Абылқасымов, Б. Қазақтың көне наным - сенiмдерiне қатысты ғұрыптық фольклоры: филол. ғыл. докт. дис. / Б. Абылқасымов; ғыл. кеңесшi Р. Бердiбаев. - Алматы, 1994. - 326 б.
Абылқасымов, Б. Көкбай ақын / Б. Абылқасымов. - Алматы : РБК, 1998. - 56 б.
Абылкасимов, Б.Жанр толгау в казахской устной поэзии] / Б. Абылкасимов. - Алма-Ата : Наука, 1984


Тұрсын Жұртбай (15.09.1951 ж. туған)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет