Шығармалары: Абай [Текст] : энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы : Атамұра, 1995. - 720 б.
Бердібай, Р. Қазақ әдебиеті [Текст] : жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайым. - Алматы : Мектеп, 2007. - 384 б.
Нұрғали, Р. Екі томдық. 1 том. Діңгек [Текст] / Р. Нұрғали. - Алматы : Арда, 2009. - 592 б.
Нұрғали, Р. Екі томдық. 2 том. Діңгек [Текст] / Р. Нұрғали. - Алматы : Арда, 2009. - 680 б.
Нұрғали, Рымғали. Жұлдыздар әлемі шоғырымен жаратылады... [Текст] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 5 желтоқсан. - Б. 5.
Нұрғали, Р. Алаштың бас шығармасы [Текст] / Р. Нұрғали // Абай. - 2008. - №3. - Б. 55-63.
Нұрғали, Рымғали. Таудан түскен адам [Текст] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 7 қараша. - Б. 5.
Сейіт Қасқабасов (24.06. 1940 ж. туған)
Сейіт Қасқабасов - 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы N912 қазақ орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иснтитутының аспирантурасын бітірген. 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Еңбек жолын 1970-1981 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшы әрі «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы болып бастады. Кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, КСРО Ғылым Академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған. Танымал еңбектерінің қатарында «Казахская волшебная сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искусства» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992),«Абай және фольклор» (1995), «Золотая жила» (2000), «Жаназық» (2002), «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары» (2003), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «О фольклоре и не только» (2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы. Сонымен қатар, ғалымның тікелей басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдық жаңа басылымы, 3 томдық «Қазақ өнерінің тарихы» және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойын-ша тұңғыш рет «Бабалар сөзі» сериясы бойынша қазақ фольклорының барлық жанрларын түгел дерлік қамтыған 100 томдық басылымын шығару қолға алынды, қазір бұл серияның 63 томы жарық көрді, сондай-ақ 5 томдық «Қазақ музыкасының антологиясы» жинағы да алғаш рет жарыққа шықты. Қазір институтта ғалымның жетекшілігімен бірінші рет жүзеге асып жатқан 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясының көне заман мен орта ғасырлардағы түркі жазба әдеби ескерткіштерін қамтыған 8 томы оқырмандарға жол тартты. Оның еңбектері осылайша ұлттық жәдігерлерімізге жан бітірді. Атақты ғалым қыруар еңбектері мен ғылымға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болған. М.Шолохов және Ұлы Петр атындағы ресейлік медальдармен марапатталған. 2011 жылы ТМД жалпы ғылым және білім кеңістігін дамытуға жәрдемдесетін ғылым және білім саласындағы зор үлесі үшін мемлекетаралық «Достастық Жұлдыздары» сыйлығымен марапатталды.