Қайым Мұхамедханов



бет4/8
Дата30.03.2023
өлшемі49,52 Kb.
#77461
1   2   3   4   5   6   7   8
Баламер Сахариев (1929–1979) - Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында туған.

1950 жылы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітірген. 1951 жылы «Халық мұғалімі» журналында әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істейді. Филология ғылымының кандидаты.

М.Базарбаевпен бірге қазақ әдебиетінің оқулығын («Мектеп») жазады. «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихы» авторларының бірі. Жүзден астам ғылыми сын мақалалар мен рецензиялардың авторы. Мақалалары орыс, өзбек, қырғыз тілдерінде де жарияланды.

Н.К.Крупскаяның көптеген педагогикалық еңбектерін, парсы жазушыларының бірнеше әңгімесін, И.Буниннің, О.Туманянның бір топ әңгімелерін, Куба жазушысы Д.Олеманның «Төңкеріс түлектері» повесін, Поповтың «Семья», Корнейчуктің «Днепр айдынында» пьесаларын аударды.



Шығармалары: Уақыт тынысы. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Жазушы», 1965; Күндестер тұлғасы. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1980.

Рымғали Нұрғали (1940-2010)
Рымғали Нұрғали Нұрғалиұлы - 1940 жылы 1 маусымда Семей өңіріндегі Абыралы ауданының Қайнар аулында туған.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі, 1963), аспирантурасын (1967), докторантурасын (1972) бітірген.
1962-1965 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Целиноград, Қостанай облыстарындағы тілшісі болып очерктер, әңгімелер жазып, фольклор нұсқаларын жинады. 1966 -1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші болған. 1968-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент, профессор, факультет деканы, 1986-1997 жылдары «Қазақ энциклопедиясында» бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, академигі (2004).
Тырнақалды «Сабыр Шәріпов» атты ғылыми еңбегі 1961 жылы университет баспасында жарық көрді.
М.Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңдерін, ұлы қаламгердің драматургиясын монографиялық тұрғыдан зерттеген. Қазақтың алғашқы режиссері, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты танытты, 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті ұжымдық монографиясына (1997) автор болды. «Абай» энциклопедиясының бас редакторы, 11 - сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығының авторларының бірі. «Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия», «Ол кім? Бұл не? Шәкірт энциклопедиясы», «Ислам», «Абай», «Философиялық сөздік», «Әлемде талай қызық бар», «Боздақтар. Естеліктер кітабы» сияқты энциклопедиялар мен сериялардың, жобалардың, әдебиет пен өнер, эстетика мен театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, портрет, шолу, мақалалар циклінің авторы.
Қазан, Рига, Душанбе, Бішкек, Тбилиси, Ереван, Баку, Мәскеу, Кишинев қалаларында өткен халықаралық, бүкілодақтық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. Америка, Англия, Франция, Германия, Индия, Венгрия, Иран, Түркия, Монғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия, Словакия елдерінде болып, түрлі жиындарда сөз сөйлеген.
Л.Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Погодиннің «Салтанат жыры» пьесасын, Ә.Кешоковтың «Соңғы шақырым» драмасын, П.Брагиннің «17 жайлы хикая» повесін, эстон әңгімелерін, бірнеше көркем фильмдерді қазақ тіліне аударды. «Жұмат Шанин» деректі фильмінің сценариін жазған. «Дән» новеллалар жинағы, «Ай қанатты арғымақ» романы әдеби сында жоғары бағаланған.
Оның құрастыруымен, алғы сөз, соңғы сөз және түсініктермен, редакциялауымен Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ж.Шанин, М.Әуезовтің энциклопедиялық сипаттағы томдары, І.Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағы, Б.Кенжебаев, Ш.Әбенов, Қ.Бадыров, Т.Ысмайылов, Ф.Оңғарсынова кітаптары басылып шықты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (2003), «Жоғары мектептің үздік қызметкері» (1984). Қазақстан Республикасы Ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1998), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), халықаралық Айтматов академиясының (2003) академигі, «Парасат» орденінің (2005), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2006) грантының иегері. Білім беру ісінің құрметті қызметкері, А.Байтұрсынов сыйлығының лауреаты (2006), М.Шолохов (2005), Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, Астананың 10 жылдығы медальдарын алған.
2010 жылы қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет