-Тақтаға назар аударайық. Қандай суреттер ілініп тұр? (пейжаз, натюрморт және портрет)
-Дұрыс айтасыңдар, енді осы суреттердің бір-бірінен айырмашылыған білесіңдер бе?(өз ойларын айтады)
-Қорапшадағы өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарды таңдап алып, әрбір бала жауап беруі тиіс (әр дұрыс жауап берген балаға смайлик таратамын).Сұрақтар:
-Балалар сендер өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?(Портрет)
-Ал енді айта қойыңдаршы портрет дегеніміз не?
-Тағы портреттің қандай түрін білесіңдер?(Автопортрет)
-Автопортрет пен портреттің айырмашылығы қандай?
-Портрет арқылы адамның көңіл күйін білуге бола ма?
-Оны қалай білеміз?
-Ашық түстермен салынған портрет адамның қандай көңіл күйлерін білдіреді?(Жақсы көңіл күйлер)
-Ал, енді айта қойыңдаршы адамның жаман көңіл күйде тұрғанын қандай түсте салынған портреттен білуге болады? (Суық түстер)
Қалыптастырушы бағалау:
-Өте тамаша, сендер менің қойған сұрақтарыма толық жауап бере алдыңдар, сендер өткен тақырыпты жақсы түсінген екенсіңдер.
-Балалар 4 топқа бөлініп отырады, әр топқа түрлі тәсілмен салынған портреттер таратылады. Ал, топтағы балалар сол портреттердің қалай салынғанын сипаттап айтып беруі керек (балалар өз ойларын айтады).
1. 2. 3. 4.
- Сонымен балалар, біз бүгін портретті жасаудың әртүрлі тәсілдерін үйренеміз.
-Қалай ойлайсыңдар, портретті қандай тәсілдермен салуға болады?(Балалар өз ойларын айтады)
-Ал, енді мені мұқият тыңдаңдар. Портретті мынандай тәсілмен салуға болады: коллаж және апликация түрінде, сонымен қатар гуаш, акварель сынды бояулар арқылы салуға болады.
Қалыптастырушы бағалау:
-Балалар, жарайсыңдар! Сендер тез-ақ тақырыбымызды түсініп алдыңдар.
-балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық. Түсіп қалған әріптерді қосып сөз құрауымыз керек (балалар, жеке-жеке шығып, ребусты шешеді. Шешімі: «Портрет»)
-Барлықтарымыз орнымыздан тұрайық, енді бейнежазбадағы қимылдарды қайталайық.
Қалыптастырушы бағалау:
-Сергіту сәтін жасау барысында қандай сезімде болдыңдар?
-Қиындық туғызған қимылдар болды ма?
-Жарайсыңдар балалар, қимылдарды өте жақсы қайталадыңдар.
-Мына портреттер қандай материалдар мен тәсілдер арқылы жасалғанын тап.
-Портретті сәйкес материал және тәсілмен сызық арқылы байланыстыр.
-Портретті тағы қалай жасауға болады? Оларды тік бұрыштылардың ішіне жаз.
-Әр топқа портрет салудың түрлі тәсілдері арқылы жұмыс жасауға тапсырма беру.
1 топ: фломастермен портрет салу.
2 топ: коллаж жасау.
3топ: акварельмен портрет салу.
4 топ: портретті графикамен бояу.
-Енді, әр топ ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғауы керек.
-Жұмыс жасамас бұрын қойылатын талаптарға назар аударайық:
-жұмыс орнын таза ұстау;
-басқа топқа кедергі жасамау;
-бояумен жұмыс жасағанда ұқыпты болу;
-парақ бетін дұрыс қолдану.
Қалыптастырушы бағалау: