Аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Най- зағай болуы да ықтимал



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата06.04.2017
өлшемі6,35 Mb.
#11168
1   2   3   4   5   6   7

Сағыныш НАМАЗШАМОВА, 

ақын:

Шығармашылық байқаулар 

нақ ты сол кезең әдебиетінің тұтас-

тай деңгейін анықтай ал май ды. 

Біріншіден, ауқымды түрде алсақ, 

байқауға күллі қаламгер 

лердің 

барлығы қатысуы, барлық жазылған 

шығармалардың ұсыны луы мүмкін 

емес, яғни бүтін бір әдебиет байқау-

дың аясына сыймайды. Екіншіден, 

байқауға әдебиеттің нағыз белді өкілдері қатысты деген 

күннің өзінде белгілі бір тақырып ұсынылған конкурс, 

мүшәйраларда қаламгер өзінің толық потенциалын 

көрсете алмауы, байқауға қатысуды мақсат еткендіктен, 

шығарманы асығыс жазуы да мүмкін. Оның қаламгерлік 

қуаты байқауға арнап жазылған туындысынан емес, 

тұтас шығармашылық болмысынан көрінеді. 

Сондықтан бір ғана шығарма арқылы бүтіндей 

әдебиетке баға бере алмаймыз. Үшіншіден, байқауды 

белгілі бір адамдар бағалайды. Әдетте қазылық ететін 

топ жай адамдардан емес, әдеби ортада мойындалған, 

қаламы қалыптасқан, үлкен шығармашылық тұлғалардан 

жасақталады. Олардың талантты тануына, байқампаз-

дығына, туындыға тура баға беру қабілетіне күмәнмен 

қарамаймын. Дегенмен бұл арада да пендешілік араласпай-

ды десем, өтірік айтқан болар едім. 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЛАР ӘДЕБИЕТТІҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЛАР ӘДЕБИЕТТІҢ 

ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАП БЕРЕ АЛА МА?

ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАП БЕРЕ АЛА МА?

Ерғали БАҚАШ, 

ақын, Халықаралық 

«Бөбек» қоры 

орталығының баспа 

ісі-редакциялау бөлімінің 

жетекшісі:

– Кезкелген бәйгенің 

бас ты мақсаты – жүйрік-

 терді анықтау. Десек те, 

шығармашылық тұрғыда 

өткізілетін байқаулардың көрсет-

кіш терін шартты түрде қабылдау қажет. Өйткені 

шығармашылық байқау қаламгердің шын потенциалын 

ашып көрсетіп бере алмайды. Мысалы, мүшәйрадан орын 

алмай қалған ақын нағыз талант иесі болуы мүмкін. Сол 

сияқты, үлкен сыйлықтарға қол жеткізіп жүрген ақын-

жазушылардың оқырманы тым аз болуы мүмкін.

Егер де, мүшәйралар барынша таза әрі әділ өтсе, әрине 

өлеңі мықты жас таланттар танылатын еді. Бірақ 

мүшәйраларда көбіне атағы мен абыройы, алған сыйлығы 

бір басына жетерлік үлкен ақындар жастарға жол бере 

бермейтіні – ақиқат.  Осы тұрғыдан келгенде, әсіресе жас-

тар дың мойындалып, танылуы – қиын шаруа. Сондықтан 

да әдебиеттегі буынаралық байланыстарды күшейту 

керек. Жастар қашанда қамқорлыққа зәру. Себебі қамқор-

лық көрген бүгінгі жас қаламгер, ертеңгі жас талантқа 

демеу болары анық. 

Оқырман қыз,

Өмірде алыс, 

Өлеңде жақын жанбыз.

Түнге сіңіп тағы да

Ай жүзінен

Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?

Мұңаймашы, 

Түспесін еңселі арман.

Ықыласын бір саған аударар ем,

Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..

Сансыз арман сарылып санамда өшіп

Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,

Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!

Жағымды бір болар ма ең, жанға бұлай.

Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,

Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,

Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,

Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,

Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

Оқырман қыз...

Өмірде алыс, 

Өлеңде жақын жанбыз.

Түнге сіңіп тағы да

Ай жүзінен

Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз...

Оқырман қыз...

О ырман  ыз 

О ырман  ыз 

Сын – белгілі бір шығармашылық 

үрдістің қозғаушы күші. Объективті сын 

арқылы туынды ғұмырының ұзақтығы, 

оқылуы, оқырманға жетуі анықталады. 

Әдетте біз әдеби сын туралы айтқанда, «бұл 

жанр кезінде керемет дамып еді, сыншы-

лардың мықты мектебі қалыптас қан, әр 

кітапқа сын-рецензиялар жазылып тұру-

шы еді. Қазір сын жоқ, тоқырады, сынның 

нысаны болатын шығармалар, қаламгерлер 

жоқ» деп бұрынғыны көксей міз. Бұлай деп 

айтуға тағы болмайды. Кеңес кезінде 

Мәскеу арқылы өтетін әдебиетті насихаттау 

үшін сын жанрын кешенді түрде, 

тапсырмамен жаздырғандықтан ба, көп 

болып көрінді. Қазір еркін ойдың заманы 

болғандықтан, айналып келгенде, сыншы 

әр шыққан кітапқа рецензия жазып, 

талқылап, ақ-қарасын айырып, анализ 

жасауға міндетті емес. Жұртқа нағыз қажет 

деп тапқан, жүрек қалауымен барған, ілуде 

бір кітапқа ғана сын жазылуы керек шығар, 

бәлкім. «Сыншыға сен менің кітабым 

туралы неге жазбайсың, мен туралы неге 

айтпайсың?» деуге де болмай ды. Қаламгер-

ге сен неге мынандай тақы рып ты жазбай-

сың деп ешкім айтпайды ғой. Сөз өнері 

номенклатураға, тап сырмаға бағынышты 

емес. «Сыншылар жоқ», – дейміз. Сын бар. 

Бірақ өкініштісі – үлкен, терең мағыналы 

сындарды көрмей жүргені міз рас. Баспа-

МИКРОБЛОГТАҒЫ ЖЫР

МИКРОБЛОГТАҒЫ ЖЫР



Қазіргі қазақ 

поэзиясында өзіндік 

сыршыл жырларымен 

көзге түсіп жүрген жас 

таланттың бірі – 

Қалқаман САРИН.  

Ақын «Арманымның 

бейнесі» атты жыр 

жинағының авторы, 

сондай-ақ «Жібек 

сезім – жүрек сөзім» деп аталатын 

өлеңдеріне жазылған әндер мен 

өлеңдерінің авторлық үнтаспасын 

шығарған. Қара өлеңнен қуат алып туған 

тың дүниелер ақынның жеке авторлық 

сайты (www. kalkamansarin.kz) мен 

электронды поштасындағы микроблогінде 

жиі жарияланып тұрады. 

Мақпал МЫСА, ақын:

– Меніңше,  түрлі  фестивальдер 

мен форумдар, байқаулар –  шығар-

ма шыл адамдардың деңгейін анық-

тай ала ды, олардың өресін көтере-

ді. Себебі олар бірін-бірі байқайды. 

Олардың әдебиет тегі ізденісі, по-

тен  циалдық  деңгейі  анықтала ды. 

Мен осындай фести 

вальдер 

дің 

біріне қатыстым. Ол – Павлодар 

қаласын да  өткен  ел  Тәуел  сіз дігінің 

20 жылдығы на ар налған жас қаламгерлер фестивалі. 

Белгілі жазушы Төлен Әбдіков, Қой шығара Салғарин, ақын 

Ғалым Жайлы бай, Серік Ақсұңқарұ лы, Жанарбек Әшімжан, 

Арман Қани,  сынды ағаларымыздың өткір сынын есті дік. 

Шығар малары іріктел ген жиырма жас ұлылар туылған 

топы рақ та асқақтата жыр оқып, мерейлері үстем боп 

қайтты. 

Мұндай басқосулар әдебиеттің өрістеуіне үлес қосады. 

Ал мүшәйраға келсек, оның түпкі мақсаты да сол емес пе? 

Әде биет тің деңгейін анықтау. Мүшәйраға қатысқан 

туынды бәйгеге шапқан тұлпар секілді ғой. Кімнің энер-

гиясының басым түсуіне байланысты. Негізі, мүшәйра, 

жарыс атаулы ның бәрі үміткердің деңгейін жоғарылатып

шығармашылы ғын шыңдап, талабына қанат бітіруге 

тиісті. Дегенмен шын таланттың бағы бір мүшәйрада 

ғана емес, өлеңінің өміршеңдігімен жанады деп ойлаймын. 

Ырысбек ДӘБЕЙ, «Қазақ 

әдебиеті» газетінің бөлім 

редакторы, ақын:

– Шығармашылық байқаулар әде-

биет тің деңгейін анықтап бере ала 

ма деген мәселеге бір жақтылы қарау  

әділетсіздік болар еді. Өйткені шы-

ғар  машылық  байқауларға  (ашығы 

бол сын, жабығы болсын) сәтті, сәт-

сіз шығар малар қатарынан түсіп 

жата ды. Мәселен, Таласбек Әсем-

құлов  тың «Тал түс» романы 2002-2003 жылдары «Сорос-

Қазақстан» қоры үйымдастырған «Қазіргі замандағы 

Қазақстан романы» әдеби конкурсында жүлде алды. Шыны-

мен жақсы шығарма. 

Тәуелсіздіктің 10 жылдығында 150 жазушымен топқа 

түскен Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» 

романы бас бәйгені еншіледі. Ол да нашар роман емес. Сол 

секілді Саттар Ерубаевтың 90 жылдық мерейтойын атап 

өту қарсаңында Түркістанда өткен Республикалық жазба 

ақындар мүшәйрасында Маралтай Райымбекұлының 

Саттарға арнаған өлеңі топ жарды. Керемет өлең. Кейін 

газет бетінде де жарық көрді. Осылай санасақ, біразын 

атауға болады. «Олар әдебиеттің деңгейін көрсетпейді» деп 

айта алмаймыз. Кез келген шығармашылық байқау, егер ол 

әділ өтетін болса, онда оның ұлт әдебиеті үшін де, оқырман 

үшін де пайдасы зор болмақ. Солай болсын деп те тілейік...

kalk


as@mail.ru

 Мүшәйраға еліміздің барлық 

аймақтарынан ақындар үш өлеңімен 

қатыса алады. Оның біреуі ақын 

Төлеужан Ысмайыловтың рухына 

арналса, екіншісі туған жер, өскен 

өлкені жырлауға, үшіншісі еркін 

тақырыпта болуы міндетті.

 Шығармалар көлемі (үш өлеңді қоса 

есептегенде) бес-жеті беттен аспауы 

шарт (14 кегель, 1,5 интервал). Бұрын 

жарық көрген немесе көрсетілген 

мерзімнен кешіккен шығармалар бәйгеге 

қатыстырылмайды. Шығармалар 

2012 жылдың 5 қыркүйегіне дейін 

қабылданады. Сараптау нәтижесінде 

жүлдеге лайықты деп танылған 

ақындар осы жылдың 14 қыркүйегінде 

Семей қаласында өтетін ақтық 

мүшәйраның мәресіне арнайы шақы-

рыла ды.

Бәйге мөлшері:

Бірінші бәйге  (біреу) 300 000 теңге.

Екінші бәйге   (екеу) 150 000 теңгеден.

Үшінші бәйге  (үшеу) 50 000 теңгеден.

Ынталандыру бәйгесі (бесеу) 35 000 

теңгеден.

 Қазылар алқасының шешімі қайта 

қарауға жатпайды. Мүшәйра жүлдегер-

Қазақстан Жазушылар одағы және «Абыралы-Дегелең» қоғамдық 

қорының, ақын шығармашылығын бағалайтын азаматтардың 

қолдауымен дүниеден ерте озса да отты, рухты жырларымен ел есінде 

мәңгі қалған адуын ақын Төлеужан Ысмайыловтың туғанына 80 жыл 

толу мерейтойына орай жазба ақындардың «Мәңгілік жас рухым –  

өлеңдерім!..» атты республикалық жыр мүшәйрасы жарияланады.

лері арнайы дипломмен марапаттала-

ды.

 Ескерту: 

Жабық бәйге болғандық 

тан, 

өлеңдерді бүркеншік атпен (псев-

донимдермен) жіберу керек. Автордың 

аты-жөні, мекенжайы, байланыс теле-

фоны жазылған парақ кіші конвертке 

салынып, желімделіп, оның бетіне тек 

бүркеншік аты ғана жазылады. Үлкен 

конверттің сыртындағы жіберушінің 

аты-жөні деген жерге бүркеншік атты 

жазуға болады.

Мекенжайы: 

Алматы қаласы, Қазақстан Жазу-

шы лар одағы, Абылайхан даңғылы, 105-

үй, 25 кабинет. индекс-050000. Байла-

ныс телефоны: 8 (727) 272-62-93.

Әлия БӨПЕЖАНОВА, сыншы:

– Мен сыншы ретінде бүкіл әдеби 

процесті бақылап жүруге тырысамын. 

Әрине, шыққан кітапты түгел 

оқимын деп айта алмаймын, өйткені 

менің қолыма түсе бермейді.Қандай 

мықты әдебиет болсын, оны рухани 

айналымға түсіретін, зерделеп, 

қарапайым халықтың миына шегелеп 

құятын – әдеби сын. Қазіргі жағдайда 

әдеби сынды нығайтуға болады. Ол – 

бейнеті көп, рақаты мен жақсы аты 

жоқ жұмыс. Бірақ жазушы кітап 

жазса, оған тиісті бағасын беру керек. 

Қазір қай жерде қандай кітап 

шығайын деп жатқанын баспалардан 

сұрап, жоспар құрып, жасауға болады. 

Сын деген – жоспар. Мысалы, мен 21 

жыл болды, еш жерден қаламақы 

алмаймын. Қанша жерге мақалам 

шықты, телеарнадан неше рет пікір 

бердім. Неге мен интеллектуалды құл 

болуым керек? Қазір мен жазбаймын, 

тек аударма жасаймын, өйткені оған 

тиесілі ақымды ала аламын.

Қазақстан Жазушылар одағында өткен  

«Кеңістік. Қоғам. Қаламгер» атты 

Пленумда сөйлеген сөзінен. 25.06.2012 ж.

СЫНШЫНЫ  С ЗІ

СС

ғын ақпа-

ылу үшін 

ыға салып

-

к 

да



оқ. 

анға 


паған

н.

еңгейде 



ірнеше 

сыншы 


қатесін 

герлер 


ынаған 

ндық-


жазуға 

қарас 


демек 

оның 


натып 

Қатені 


шүй-

ла ры 


бары-

ламгердің 

лиз жасай-

а бөлмейді. 

тары жеке шығарылатын болса, сол 

кезде ғана сыншының еңбегі көзге 

көрі неді.

Бетті дайындаған  Алмат ИСӘДІЛ

Байланыс үшін: 

alm

at-76@m

ail.ru

Сен – Өгемнен, 

Мен –Кегеннен...

Қазақтың талантты ақыны, «Серпер» жастар 

сыйлығының иегері, бірнеше жыр жинақтарының авторы 

Бақытжан АЛДИЯР бүгінде қасиетті Қазығұрт өңіріндегі 

Өгем жерінде өлеңін өрнектеп, өнерге қызмет етіп жүр. 

Ара-тұра Алматының әдеби ортасында жүрген қаламдас 

дос-бауырларымен хабарласып, хат-хабар алысып тұрады. 

Біз бүгін Бақытжан Алдияр мен әріптесіміз, белгілі ақын 

Алмат ИСӘДІЛ екеуінің өзара sms арқылы сөз алмасып, ой 

жарыстырған жазбаларының кейбір тұстарын оқырман 

назарына ұсынып отырмыз. Қадірлі, Алаш оқырманы, 

сіздердің де өлеңмен жазысхан хаттарыңыз болса, 

редакциямыздың электронды поштасына суреттеріңізбен 

жолдауларыңызға болады. Ұтымды тұстары болса, 

жариялауға дайынбыз.

(ҚАЛАМДАС ДОСТАР АЙТЫСЫ)

АЛМАТ

АЛМАТ

БАҚЫТЖАН

БАҚЫТЖАН

Қазақстан Жазушылар 

одағының биыл ғы күзде өтетін 

кезекті  ХІV  құрылтайы  қар  са ңын да 

жазушылардың теле фон анық та-

малығы қайтадан жаңаланып шыға-

рыл мақ. 

Осыған байланысты Жазушылар ода ғы на мүше 

қаламгерлер биылғы жылдың 25 шілдесіне дейін 

өздерінің  тұрақты  мек ен жай лары  мен  телефон 

нөмірлерін, қаже тінше ұялы телефон нөмір лерін де қоса 

Одақ қа хатпен немесе факс арқылы жібе рулері тиіс.

Қаламгерлер өздеріне қатысты мәлі мет терді 8  (727) 

272-62-93 нөмірлі телефонға хабар лап айтуларына да 

болады.

Қ

А



П

Е

Р



Г

Е

ҚАПЕРГЕ



Алмат:

«Доступқа» жүрмін, 

            «доступқа» жүрмін құмартып,

Ғаламтордағы достарға сенім, 

жүк артып.

Дұшпанның барып сайтында 

сайран салғанша,

Досыңның кіріп, 

агентінде «өлген» мың артық....

Бақытжан:

Ассалаумағалайкүм, Алмат бауыр!

Арқалап алдық біраз 

салмақты ауыр.

Алла жазса, көкке ауыз ілікті ғой,

Жағдайымыз енді-енді болмақ тәуір...

Алмат:

Уағалайкүмассалам, Бақыт бауыр,

Өткізіп жатырсың ба 

уақытты ауыр.

Жылтырақтың барлығы 

алтын емес,

Жолықпай жүрме әлі жақұт тәуір?

Бақытжан:

Бұл қазаққа жетер ме сөзім дара?!

Жалт береді достар да көзімді ала.

Алдиярдай екінің бірі шайқар,

Алдиярдай жазатын өзім ғана!!!

Алмат:

Сен – Өгемнен, 

Мен – Кегеннен.

Азамат ек өрлеп, өнген.

Қолымызға қалам алып,

Сырлас болған шерлі өлеңмен.

Бақытжан:

Келем деп ең Өгемге сен,

Кеткендей-ақ Кегенде есең.

Алмат:

Дертіміздің дауасы азда,

Бөленейік  дара сазға,

Кегенге кел, содан ары,

Апарамын Қарасазға...

Бақытжан:

Сені Өгемге шақырамын,

Ақша тапсам егер мен...

Алмат:

Бірақ қашан ақынның,

Көсегесі көгерген?

Бақытжан:

Ғайса Әлі келерсің,

Шыққан күні тереңнен...

Алмат:

Күн туар ма біздерге,

Мол байлыққа кенелген?!

Бақытжан:

Талтаң басып кетерміз,

Асып кетіп кемерден...

Алмат:

Жолығарсың олжаға,

Қарға сарып төбеңнен.

Бақытжан:

Қарға да ақшаң болмаса

Аулақ ұшар тегі ерден...

Кетсек пе екен тентіреп,

Жылу жинап ел-елден?!

Алмат:

Тірі ақынның құны жоқ,

Тым құрыса тереңнен.

Қаңқасындай жылқының,

Қазып алған Берелден.

Бақытжан:

Тым құрыса еліме 

Жан болсам ғой еленген...

Алмат:

Тентіредік қозыдай,

Босап кеткен көгеннен.

Бақытжан:

Екеуара дәмді асты,

Жеп ек қой бір легеннен...

Сен де кеттің Кегеннен,

Мен де кеттім Өгемнен...

Алмат:

Көңіліміз қашанда,

Асып-тассын кемерден.

Бір бақытқа жырымыз,

Жеткізеді – сенем мен!

№125 (807) 

19.07.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

 

Азан шақырып ат қоюды молда 



ғана атқара ма?

Білім саласына қатысты сенім 

телефонының нөмірі қандай?

Жоғарғы оқу орындарына құжат тапсыру мен қабылдау 

емтихандарына қатысты заңсыздықтар немесе басқа да түрлі 

мәселелер кездескен жағдайда хабарласатын арнайы сенім 

телефондары бар ма?

  

 

Нұрбол 

МӘЛІКҰЛЫ, 

Алматы қаласы

Мұндай жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің сенім 

телефонына хабарласуға болады. Нөмірі – 8 (7172) 74-23-62.  

Бұған қоса, министрліктің Білім мен ғылым саласын бақылау 

жөніндегі комитетінің де сенім телефоны бар: 8 (7172) 74-15-78. 

Ал министрліктің Балалардың құқын қорғау комитетінің сенім 

телефоны – 8 (7172) 74-25-28.

Жақында жеңгем ұл босанды. Енді сәбиге ат қоймақпыз. Сұрайын дегенім, нәрестенің 

есімін азан шақырып қою үшін молданы шақыртуымыз керек пе? Азанды молда ғана 

шақыра ма?

 

    

Жадыра 

АСЫЛБЕКОВА, Қызылорда облысы

Қазақстан мұсылмандары діни басқарма-

сының Уағыз-насихат бөлімі мамандарының 

түсіндіруінше, азанды білген кез келген мұсылман 

баласы сәбидің атын қоя алады. Имамның 

немесе молданың ғана азан шақыруы шарт емес. 

Егер сәбидің аты азан шақырылмай қойылған 

болса, азанды кейін де шақыруға болады. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ат қою жөнінде бірнеше 

өсиет пен ескертулер жасаған. Бір хадисте: 

«Қиямет қайымда әркім аттарымен және 

әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай 

болса, жақсы ат қойыңдар», – делінген. Дүниеге 

келген сәбиге бір жеті ішінде ат қойған абзал. 

Азанның тәртібі: азаншы құбылаға жүзін қаратып, 

сәбидің оң құлағына азан шақырады да, атын үш 

рет айтады. Кейін екінші жағына, яғни сол 

құлағына қамат түсіріп, тағы үш рет аты аталады. 

Міне, осыдан кейін жақсы тілек қосуға да болады. 

«Нәрестенің жасы ұзақ болсын» деген ниетпен 

азан мен қаматтан кейін намаз оқылмайды. 

«Халықтық ІРО-ға» мықты 

компаниялардың шығуы – 

мемлекеттің кепілдігі

ДАТ!


Дархан НҰРПЕЙІСОВ, 

ҚР Ұлттық банкі Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін дамыту комитетінің төрағасы:

– Дархан Қадырбайұлы, елімізде 

«Халықтық ІРО» бағдарламасының 

іске қосылатыны жайлы біраз жыл-

дан бері айтылып жүр. Бұқаралық 

ақпарат құралдарында жария

-

ланған мағлұмат жеткілікті. Әйтсе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет