Аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Най- зағай болуы да ықтимал



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата06.04.2017
өлшемі6,35 Mb.
#11168
1   2   3   4   5   6   7

де, алаштың оқырмандарына осы 

бағдарламаның мән-жайын кеңі-

нен таратып айтып берсеңіз, артық-

тық етпес еді. 

– Иә, елімізде Елбасының тапсырма-

сымен «Халықтық ІРО» бағдарламасын 

жүзеге асыру қолға алынды. Ресми тілде 

бұл – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-

ауқат қорындағы компаниялардың 

бағалы қағаздарын нарыққа шығару, 

қарапайым тілмен айтсақ, «Халықтық 

ІРО». Жалпы компаниялардың бағалы 

қағаздары қор нарығына алғаш рет 

шығарылып, инвесторларға сатылған 

кезде оны ІРО дейді. Ал біздің елімізде 

өтіп жатқан «Халықтық ІРО-ның» ерек-

шелігі – инвесторлар тізімінің шектеулі 

болуы. «Халықтық ІРО» кезінде ұлттық 

компаниялардың бағалы қағаздарын 

тек өз азаматтарымыз ғана сатып алады. 

Екінші кезек отандық зейнетақы 

жинақтаушы қорларына беріледі. 

Демек, зейнетақы қорлары акцияларды 

сатып алса, онда тұрғындардың бәрі 

«Халықтық ІРО-ға» міндетті түрде қаты-

сады деп айтуға болады. Сөйтіп, бірінші 

кезеңінде біз бұл бағдарламаға тікелей 

қатыспасақ та, зейнетақы қорының 

салымшылары болғаннан кейін бағалы 

қағаздарға ие боламыз. Сонда «Халық-

тық ІРО-ға» халық қайтсе де тартылады 

деген сөз. 

Ал сатып алу мерзімі біткеннен 

кейін, екінші айналымда әлгі бағалы 

қағаздарды сату құқығын иеленеміз. 

Әрмен қарай қор биржасы арқылы сата 

береміз. Міне, сол кезде шектеулер 

болмайды. 

– Бізде аса ірі компаниялардың 

акциясын иеленген тұлғалар көп 

емес. Ал мына бағдарламаның 

«халықтық» деп аталуының себебі 

неде? Қалай ойлайсыз, шынымен 

барлық тұрғындардың акционер 

атануына нақты жағдай туғызыла 

ма? 

– Осы бағдарламаның бір ерек-

шелігі – әлеуметтік маңызында. Бұған 

90-жылдардағы жекешелендіруден 

кейін халыққа ұсынылатын тағы бір 

мүмкіндік деп қараған дұрыс. 90-жыл-

дардағы жекешелендіруде оның меха-

низмін көбіміз білмедік, дайын болған 

жоқпыз, әрі ол жекешелендірудің өзін-

дік ерекшеліктері болды. Мемлекет 

компанияларды қор биржасы арқылы 

емес, тікелей сатып жатты. Ол кезде 

мемлекеттің мақсаты басқа еді. 

Бюджетке қаржы тарту қажет болды. 

Компанияларды жекеменшікке сатып, 

әрмен қарай өз бетінше жұмыс істеуге 

мүмкіндік беру, солардан түскен 

ақшаны бюджетке тартып, әлеуметтік 

бағдарламаларға пайдалану қажет еді. 

Ал «Халықтық ІРО-ның» ерекшелігі: 

компаниялардың акцияларды сатудан 

түсірген қаржысы мемлекет бюджетіне 

емес, сол компанияның өзінде қалады. 

Сөйтіп, бұл қаржыны өзінің инвести-

циялық жобаларын жүзеге асыруға 

жұмсай алады. «Халықтық ІРО» кезінде 

бағалы қағаздар қор биржасында ашық 

түрде сатылады. Бұрын аукцион, жабық 

аукционда сатылып келсе, енді елдің 

бәріне бірдей берілетін мүм 

кіншілік 

деуге болады. 

Осы «Халықтық ІРО» кезінде саты-

латын акцияларды қалталы азаматтар 

түгелдей сатып алмас үшін шектеу 

қойылады. Бірақ бұл шектеу бағалы 

қағаздар сатылып жатқан кезде ғана 

болады. Акция сатып алуға бір ай 

мерзім берілсе, ол мерзім біткен соң 

қор биржасы арқылы сатам дегендерге 

де, сатып алғысы келетіндерге де шек-

теу болмайды. Мәселен, алдыңғы ке-

зекте «Қазтрансойлдың» акциясы сау-

даға шығарылады. «Халықтық ІРО» 

мерзімі біткен соң оның акциясын өзге 

инвесторға сатуға мүмкіндік беріледі. 

Нарықтық механизм деген осы. 

– «Халықтық ІРО-ны» басталмай 

жатып, сынауға кіріскендер де та-

былады. Жалпы әлемдік тәжірибе 

не айтады? Бағдарлама өз жемісін 

беруі үшін алдымен қандай шарттар 

орындалуы тиіс? 

– ІРО – дүние жүзінде болып жатқан 

процесс. Ал «Халықтық ІРО» Ұлыбри-

тания, Қытай, Бразилия, Польша, 

Малайзия, Қатар, Сауд Арабиясында, 

Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, 

Беларусьте және басқа да мемлекет-

терде жүзеге асырылған бағдарлама. 

Әрине, әр елдің тәжірибесі де, нәтижесі 

де әртүрлі. Біз солардың бәрін ескеріп, 

зерттеп, өз «Халықтық ІРО-мызды» 

жүзеге асырмақшымыз. Меніңше, 

«Халықтық ІРО» сияқты бағдарламалар 

дұрыс нәтиже берсін десек, көптеген 

факторларды есепке алған жөн. Ең әуелі 

«Халықтық ІРО»-ның іске асырыл ған 

уақытын дұрыс таңдау қажет. Мәселен, 

Ресейде халықтық ІРО-ны өткізу мерзімі 

сәтсіз болды. Дағдарыс басталып кетті 

де, акциялардың құны бірнеше есе 

құлдырады. 

Қазір дағдарыстың екінші толқыны 

болады деп жатыр. Дегенмен бұл 

болжам орындалған күннің өзінде 

сескенудің қажеті жоқ. Біріншіден, 

бүгінде акциялардың бағасы төмен, 

екінші толқын болса да, баға сәл-пәл 

төмендеуі мүмкін. Әйтсе де, бірнеше 

есе құлдырап кетпейді, аздап қана түсуі 

мүмкін. Ал дағдарыстан шыққан соң, 

акциялардың бағасы сөзсіз көтеріледі. 

Бұрынғы құнына жетіп, тіпті одан да 

жоғарылауы мүмкін. Міне, мұны уақыт-

тың дұрыс таңдалуы деуге болады. 

Екінші факторды айтсақ, «Халықтық 

ІРО» кезінде қандай компаниялар 

шығады? Әрине, ІРО халықтық 

болғаннан кейін мықты, тұрақты табыс 

әкелетін компаниялар шығуы қажет. 

Өйткені бағдарламаның бір мақсаты – 

халықтың инвестициялық сауатын 

көтеру болса, екінші мақсаты – халық-

тың әл-ауқатын өсіру. Халыққа депозит 

не жылжымайтын мүліктен басқа табыс 

алып келетін қосымша қаржы құралын 

беру. Сондықтан да «Халықтық ІРО» 

кезінде мықты компаниялардың, яғни 

қазіргі дағдарыста тәуекелі жоқ 

компания лардың  бағалы  қағаздары 

шығарылады. Мәселен, «Қазтрансойл» 

мұнай тасымалдайтын компания. 

Мұнай бағасы төмендесе де, трафиктік 

компанияның табысы өзгермейді. Ол өз 

жүйесі арқылы қанша мұнайды тасы-

мал даса, табысы да соған байланысты. 

Ал елімізде мұнай өндірісі де, оны 

тасымалдау көлемі де жылдан жылға 

көтеріліп келеді. «Халықтық ІРО-ға» 

шығарылатын басқа да компаниялар – 

қор нарығында «көгілдір фишка» деген 

атауға ие мықты компаниялар. 

Үшінші фактор – компания акция-

сының бағасын әділетті түрде бағалау. 

Осыған байланысты бізде көптеген 

жұмыстар қолға алынған. Акциялардың 

құны қазіргі нарық жағдайына қарай 

белгіленеді. Қыр күйек айында алғашқы 

акциялар дың бағасын да, көлемін де 

білетін боламыз. Меніңше, мемлекет 

тарапынан да, «Самұрық-Қазына» 

тарапынан да белгіленетін баға әділетті, 

қолжетімді болады. 

Төртіншіден, қор нарығы 

инфрақұрылымының дайындығы. Осы 

бағытта көп жұмыс атқарылуда. Ұлттық 

банк, Қазақстан қор биржасы, Орталық 

депозитарий, «Қазпошта», брокерлік 

ком 


паниялар жағынан да көптеген 

жұмыстар қолға алынған. Осы тұрғыдан 

келгенде, бүгінгі күні еліміздегі қор 

нары ғының  инфрақұрылымы  «Халық-

тық ІРО»-ға, жалпы ІРО-ны өткізуге 

дайын деуге әбден болады.

Бесінші фактор, қазақстандық тар-

дың қор нарығында жұмыс істеуге 

дайын 

дығы, яғни инвестициялық, 



қаржы сауаты. Рас, бұл бағытта біраз 

жылдан бері көптеген жұмыстар атқа-

рылды. Дегенмен тәжірибе жүзінде іске 

асыруға мүмкіндік берілмесе, тез үй-

рене алмаймыз. Бағдарламаға қаты-

суға теориялық жағынан да, практика-

лық жағынан да жағдай жасау керек. 

Айталық, «Қазтрансойл» ІРО-сының 

бірінші сатылымы дұрыс өткізіліп, 

инвес торларымыз пайда көрсе, басқа 

білмей жүрген азаматтардың да құла-

ғына жетеді. Табыс табуға болатынын 

білгеннен кейін «бұл не екен» деп қор 

нарығы туралы, ІРО туралы сұрастыра 

бастайды. Осылайша екінші сатылымда 

өздері ізденеді. Сондықтан тәжірибе 

жүзінде көргені дұрыс деп ойлаймын. 

– Қор нарығы дамыған елдердің 

өзінде акция иемдену тәуекелді іс 

екені талай рет дәлелденген. Бізде 

тәуекелге бас тіккен акционерге 

қандай да бір кепілдік қарастырыл-

ған ба? 

– Дұрыс айтасыз, қор нарығы – 

тәуекелі бар нарық. Тәуекелге бас тігіп, 

ертеңгі күні ақшаңызды жоғалтуға 

дайын болмасаңыз, қор нарығы сізге 

қол емес. Онда депозитке жүгінген 

дұрыс. Себебі депозитте 5 млн теңгеге 

дейін мемлекеттік кепілдік бар. Қор 

нарығында ондай мемлекеттік кепілдік 

болмайды. 

Дегенмен «Халықтық ІРО»-ға мықты 

ұлттық компаниялардың шы 

ғуын 

мемлекеттің кепілдігі деп білуге болады. 



Әйтсе де, ертең сатып алған бағалы 

қағаздың құны түсіп кетсе, оны ертең 

ешкім де қайтармайтынын есте ұстаған 

жөн. 


Қор нарығы деген бүгін сатып алған 

акцияңды ертең құны түсіп кетсе, дереу 

биржада сатып жіберу керек деген сөз 

емес. Менінше, аз ба, көп пе, күткен 

дұрыс. Бірақ ең ақырында депозитке 

қарағанда көп пайда алуға болады. Тек 

компания банкротқа ұшыраған жағдай-

да ақша қайтпайды. Әрине, қор нары-

ғының тәуекелі жоғары, бірақ пайдасы 

да еселенуі әбден мүмкін. 

Біздің халыққа айтарымыз, «Халық-

тық ІРО» туралы көп ізденіп, көп біліп, 

ойланып алған дұрыс. Бұл – бізге 

беріліп жатқан мүмкіндік. Ұлттық 

компания 

лардың акциясын иелену 

мүмкіндігі. Сол компания акциясын 

сатып алсақ, акционер атанамыз, 

инвестор атана 

мыз. Әрине, бағалы 

қағазды жағдайы бар адамдар сатып 

алады. Әйтсе де, анау-мынау 

шығындардан қалған тиын-тебенді 

қайда жұмсаймын де сеңіз, балалардың 

болашағын ойла 

саңыз, онда осы 

«Халықтық ІРО» жөнін 

де ойланып 

көріңіз. Міндетті түрде қатысыңдар 

деген күштеу жоқ. Бірақ ойланыңдар 

дер едік. Меніңше, ...бұл – біздің 

адамдарға беріліп отырған қаржылық 

балама. Қарап отырсақ, көптеген 

елдерде қор нарығынан акция сатып 

алып, сату жолымен байып жатыр. 

Малайзияда мәселен, мемлекет 

жағынан көп көмек көрсетілді. Ұлы-

британия, сонғы кезде Беларусьте 

өткізілген халықтық ІРО-лардың сәтті 

болғанын айту керек. 

Сондықтан әркім өзінің инвестиция-

лық сауатын көтеруге талпынғаны жөн. 

Өйткені қор нарығына қатысатын 

болғаннан кейін қаржылық сауат керек. 

Әлбетте, қор нарығында брокерлер 

кеңес береді, түсіндіреді. Бірақ шешім 

қабылдайтын – өзіңіз. Ол үшін ізденіп, 

оқу керек, істің мән-жайын білу керек. 

Сонда брокердің көмегімен қор 

нарығында жақсы табыс табуға болады. 



– Өткенде бір ақпарат құралынан 

«Халықтық ІРО» кезінде сатып алған 

акциядан айырылып қалсам не істей 

аламын?» деген сауалды көзім 

шалып қалды. Біздің білуімізше, 

бүгінгі күннің бағалы қағазы қолға 

ұстап көруге бол 

майтын, яғни 

электрондық түрде болатын сияқты. 

Расында солай ма? 

– «Халықтық ІРО» кезінде акция-

лардың бәрі Қазақстан қор биржасы - 

КASE-де сатылады. Тікелей сатып 

алмаймыз. «Жазылу тәсілі» бойынша, 

акцияның бағасы біреу және ол бағасы 

өзгермейді. ІРО кезінде қор биржа-

сында сатылған бағалы қағазға ұсыныс 

көп болса, құны да соғұрлым өседі. Ал 

– «Халықтық ІРО» кезінде әр компанния 

акциясының бір бағасы белгіленеді. 

Оның мерзімі біткенен кейін сіздің 

барлық бағалы қағазыңыз Орталық 

депозитарийдегі есепшотыңызда сақ-

талады. Сатқыңыз келсе, қор биржа-

сында сатылады. Қор бир 

жасынан 

акцияның бағасын көріп отырасыз. Баға 

өсіп жатса, өсім пай 

дасы жеткілікті 

десеңіз, келесі күні де сатуға болады. 

«Халықтық ІРО» кезінде акцияны сатып 

алу мерзімі аяқталып, сіздің сатуға 

құқыңыз болған кезде бірінші күні де 

сатуға болады. Күтем десеңіз де – өз 

еркіңізде. Мәселен, «Қазақтелеком» 

акциясын айтсақ, оның өсіп, төмендеп 

отырғанына көз жеткізуге болады. 

Акциялардың бәрі электрондық 

түрде болады. Қағаз түрінде емес, оны 

қолға ұстап көрмейсіз де. Акцияны 

сатып алған соң оны шотыңызға ен-

гізеді. «Мынанша акцияңыз бар» деп 

брокер қағаз береді. Барлық операция 

электрондық түрде жүреді. Ол жоғалып 

кетеді немесе біреу ұрлап алады деп 

қорқудың қажеті жоқ. Брокерлер де 

сіздің бұйрығыңызсыз ешқандай әрекет 

жасай алмайды. Сата да алмайды, 

пайдалана да алмайды. 



– Біздегі брокерлер негізінен 

Алматыда шоғырланған. Сондай-ақ 

Астана мен Шымкентте бар. Алыс 

аймақтардағы жұрт акцияны 

қайдан, қалай сатып алады? 

– Елдегі 67 брокерлік компанияға 

қоса, «Қазпоштаның» да брокерлік 

лицензиясы бар. Аймақтағылар сол 

«Қазпоштаға» жүгінеді. Бірақ ол тек 

аймақтарда жұмыс істейді деген сөз 

емес. Алматыда тұрсақ та «Қазпоштаға» 

баруымызға болады. «Қазпоштаның» 

комиссиялық жинағы да брокерлік 

компанияға қарағанда екі-үш есе 

төмен. 

«Халықтық ІРО» кезінде, тіпті одан 



тыс та қор нарығында жұмыс істеуге 

болады. Қазір де қор биржасында 

компаниялардың бағалы қағаздары 

сатылуда. Айталық, «Қазақмыс», «Қа-

зақ телеком», «Халық банкі», «Центр 

кредит банкі», ENRC акциялары бүгін де 

сатылып жатыр. Қор нарығында жұмыс 

істеу үшін брокерлік қызмет көрсету 

жөнінде брокерлік келісім шартқа қол 

қоясыз. Оның абоненттік төлемі жоқ, 

тек акциялар сатып алған 

да, сатқан 

кезде комиссия төлейді. Комиссия 

мөлшері «Қазпош 

тада» – 800-900 

теңге, брокерлік компания ларда 1500-

2000 теңге маңайында. Көп сомаға 

сатып алған кезде комиссия пайыз 

түрінде алынады. 

– Осы бағдарлама қанша уа-

қытқа есептелген? 

«Халықтық ІРО» бағдарламасы 

2015 жылға дейін деп белгіленген. Егер 

бағдарлама сәтті өтіп, қор нарығы 

дамыса, бәлкім, мерзімі ұзартылады. 

Онда басқа да компаниялар қор 

нарығына шыға бастайды. Сол кезде 

мерзімі ұзартылуы да ықтимал. 



– «Халықтық ІРО» кезінде қор 

биржасында алыпсатарлар кө бейеді 

деген пікір бар. Мұндай пікірмен 

келісесіз бе? 

– Биржалық алыпсатар деген кім, 

алдымен соны біліп алайық. Шынын 

айтқанда, өзіміз де алыпсатар болуы-

мыз мүмкін. Бүгін бағалы қағазды сатып 

алып, ертең құны көтерілгенде сат-

қымыз келер. Сондықтан алып сатарлық 

деген сөздің бұрынғы ұғымы жоқ. Сауда 

болған соң ол да дұрыс. Акциялардың 

құны бір көтеріліп, бір төмендесе, сол 

кезде алыпсатарлар келуі мүмкін. Олар 

да керек нарықта. 



– Бұрынғыдай емес, енді мем-

лекеттік қызметкер де қор бир-

жасына қатыса алады. Шенеу-

ніктердің қолы ұзын. «Халықтық 

ІРО» барысында олар «бармақ 

басты, көз қысты» әрекеттерге 

баруы мүмкін бе?

– 2009 жылы заңнамаға өзгерістер 

енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлерге 

де қор биржасына қатысуға мүмкіндік 

берілген еді. Бұдан былай мемлекеттік 

қызметкердің акция, облигация, ашық 

инвестициялық қор пайларын сатып 

алуға құқығы бар. Біршама шектеулері 

де бар. Бағалы қағаздарды тек қор 

биржасында сатып алуына рұқсат 

берілген. Одан кейін акцияны бес 

пайыздан асырып сатып алуына 

болмайды. Бірақ ол – тәжірибеде 

жүзеге аспайтын құбылыс. Себебі қор 

биржасында 5 пайыз дегеннің өзі – өте 

үлкен көлем. Мәселен, «Халықтық ІРО» 

кезінде компания акциясының 5-10 

пайызға дейінгі көлемі сатылады. 

Айталық, «Қазтрансойл» бес пайызбен 

шықса, оны бір адамның сатып алуы 

мүмкін емес. Енді бір талабы – сенімді 

өкілге басқаруға беріледі. Сондай-ақ 

акциядан тапқан пайдасын жыл сайын 

табысын жариялаған кезде көрсетіп 

отырады. Өзге шектеулер жоқ. 

Сөз соңында тағы да қайталайын. 

«Халықтық ІРО» – бізге берілетін 

теңдессіз мүмкіндік. Ел-жұрт осы 

мүмкіндікті пайдаланса екен дейміз. Ол 

үшін жұрт инвестициялық сауатын 

көтеріп, қазірден бастап дайын отыр-

ғаны дұрыс. Әрине, шешім қабылдау 

– әркімнің өз еркінде.

Сұхбаттасқан 

Гүлнар АХМЕТОВА

етінің төрағасы:

БАСТАМА


Қазақстанда ұлттық ерекшелік пен 

халықаралық тәжірибе есебінде негізделген 

гендерлік саясаттың өзіндік үлгісі құрылды. 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 

былтырғы жылы өткізілген Қазақстан 

әйелдерінің Бірінші құрылтайы Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын 

тойлау барысында аса маңызды 

шаралардың біріне айналды. 

Қазақстанның саясат жүйесі орнықты, ал қоғамының 

тұрақты болуына нәзік жандылардың қосқан үлесі зор. 

Қазіргі таңда әйел адамдар бола 

шаққа бет алуда. 

Гендерлік тепе-теңдік ұғымын кең тарату мақсатында 

елімізде журналист мамандар үшін гендерлік білімнің 

жалпы курсын енгізу көзделіп отыр. Адамзат қоғамында 

әйел деңгейі төмендетілген болса, ол қоғам ешқашан 

жоғары деңгейде даму мүмкіндігіне ие бола алмайтыны 

сөзсіз.

Біздің ҚазҰТУ-де қызмет атқарушылардың 55%-ын 



әйел адамдар құрайды, олардың басым бөлiгi әкімшілік-

басқару саласында жұмыс жасауда. Жыл сайын 

ректордың бұйрығы бойынша 8 наурыз халықаралық 

әйелдер күніне сәйкес, университет қызметіндегі 

әйелдер қауымына ақшалай сый тарту етіледі. ҚазҰТУ 

арулары арасында өткізілетін дәстүрлі «Қылықты қыз-

келіншектер-ай!» атты сайыс ұлттық құндылықтарымызды 

дәріптеп, ару ларымызға құрақ құрау, ұршық иіру сияқты 

сайыс тарда өнерлерін көрсетуге мүмкіндік береді. 

Университетіміздің студент аруларына келер болсақ, 

қыздарымыз жыл сайын салауатты өмір салтын қолдау 

жолында қала төңірегінде, рес 

публика көлемінде 

өткізілетін спорттық іс-шара ларға белсене қатысып, өз 

өнерлерін көрсетуде. ҚазҰТУ құрамасындағы қыздар 

командасы қол күрестен ІІ орынды иеленді. Сонымен 

қатар спортшы аруларымыз студенттер арасында 

өткізілетін ІІІ «Әйел денсаулығы олимпиадасына» да 

белсене қатысуда. «Денсаулық олим пиадасы-2012» 

бағдарламасы аясында өткізілген баскетболдан сайыс 

ҚазҰТУ спортзалында өткізілді. 

Жатақханада тұратын қыздарымыз үшін де 8 наурыз 

қарсаңында спорттың бес түрі бойынша спартакиада 

өткізілді. Ақпаратпен қамтамасыз ету, кеңес беру, 

сонымен қатар жастарға ұлттық тәрбие беруді жаңғырту 

жолында ҚазҰТУ студенттік қалашығында «Ай-керім» 

арулар клубы құрылып отыр. Қыздар денсаулығын 

бақылауға алу мақ сатында үнемі гинеколог, нарколог 

мамандарымен жатақхана қабырғасында кездесулер 

өткізіледі. Сонымен қатар, клуб бағдарламасында 

Қазақ станның атақты әйелдерімен кездесулер өткізу де 

бар. 


Клара ЮМАШЕВА,

ҚазҰТУ қызметкері

Болашаққа 

батыл қадам

ОҚИҒА


Қарағанды және Шығыс Қазақстан 

облыстарында оқ ату фактілері анықталып, 

қылмыстық істер қозғалды. Нақтырақ 

айтсақ, Ақтоғай ауданының тұрғынына 

жұмыссыз азамат оқ атып, жаралаған. Ал 

Семей қаласында 15 жастағы қыз баланың 

басына оқ тиіп, ауруханада жатыр. Оқ 

атқандар әлі қолға түскен жоқ.

Қарағанды облысында 26 жастағы дене тәрбиесі 

пәнінің мұғаліміне қарсы оқ атылған. «Зардап шеккен 

азамат шілденің 18-іне қараған түні сағат 04.00 

шамасында Балқаш қалалық ауруханасына жеткізілді», 

– деп хабарлайды Қарағанды облысы Ішкі істер 

департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай 

Сембеков. Оқиға Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған 

ауылында болған. Оқ атқан азаматқа қатысты барлық 

мәлімет анықталды. «Енді оны қолға түсіру ғана қалды», 

– дейді Ж.Сембеков. Атылған оқ мұғалімнің оң жақ 

жамбасына тиген. Оқиға орнынан 12 калибрлі 

мылтықтың екі гильзасы табылып, сараптама жасаушы 

мамандарға тапсырылды. Аталған факт бойынша ҚР 

Қылмыстық кодексінің 257-бабына сәйкес іс қозғалып, 

күдіктіні қолға түсіру амалдары қарастырылып жатыр. 

Осыған ұқсас оқиға Шығыс Қазақстан облысында да 

тіркелді. Семей қаласының 15 жастағы тұрғынына 

осыдан бірнеше күн бұрын белгісіз біреу пневматикалық 

қарудан оқ атқан. Бұл мәліметті Семей қаласының ішкі 

істер басқармасы таратып отыр. Мамандардың 

айтуынша, басынан жарақат алып, миы шайқалған қыз 

бала қазір ауруханада жатыр. Оқиға болған мезетте 

жапа шеккен қыздың жанында құрбысы болған. Ол 

оқтың еш себепсіз атылғанын айтады. Қыздар үй 

ауласына жақын орналасқан гараждардың маңында 

суретке түспек болыпты. Кенеттен шыға келген ер адам 

алдымен екі қызға айқайлап, қалтасынан тапаншасын 

шығарған. «Біз қашып үлгермедік. Қатты шыққан 

дыбысты естігенде, оқтың атылғанын түсіндім. Ер адам 

тапаншасын екі рет оқтады», – дейді зардап шеккен 

қыздың құрбысы. Полиция қызметкерлері күдіктіге 

қатысты ешқандай нақты мәліметті жария еткен жоқ. 

Тіркелген оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 

тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА 

Бейбіт күнде 

оқ ату деректері 

жиілеп барады


                

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№125 (807) 



19.07.2012 жыл, 

бейсенбі


 

Давид Лория Түркия біріншілігіне ауысты

«Вьетнам теледидары кубогын» жеңіспен бастадық

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ



Әр балуанның алтынға таласуға әлеуеті жетеді

– Жігіттеріміз бабында. Бәрі де дайын-

дық тарын ойдағыдай жүргізуде, – деп 

бас тады бас бапкер. —  Жақында Шым-

кентте Мардан Сапарбаевты еске алуға 

ар налған халықаралық турнир өтіп, оған 

алыс-жақын шетелдерден белді балуандар 

келді. Сол додада шәкірттерім өте керемет 

нәтижелер көрсетіп, қарсылас шақ келтір-

ген жоқ. Содан-ақ балуандардың дайын-

дық деңгейі қандай екенін бағамдай бе-

руге болады. Ал бүгінде федерациямыздың 

құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановтың 

бекітіп берген жоспары бойынша дайын-

далудамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет